Сабақ :
|
Мектеп:
|
Күні :
|
Мұғалім:
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ мақсаты
|
6.А/И2.Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
|
Құндылықтарды игерту:
|
адамгершілік
сыйластық
құрмет
|
Бағалау критерийлері:
|
Автор бейнесін түсінеді
Көркем шығармадағы автор бейнесін анықтайды
|
Тілдік мақсаттар:
|
Тірек сөздер
Ымырт, мүсіркеу, көзі қанталау
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Қызығушылықты ояту кезеңі
Автор бейнесі деген терминді қалай түсінесің? деген сұраққа оқушылар жауабын мұғалім тақтаға немесе флипчартқа жазады (Оқиғаны баяндаушы, жазушының өзі)
|
|
Сабақтың ортасы
5 – 7 минут
5 минут
7 минут
|
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Көркем шығармадан алынған үзіндіні оқы. Автор бейнесін анықта.
Хикаяттан үзінді
|
Туындаған сұрақ
|
Менің тұжырымым
|
|
Біз санымызды шапақтап уралап, ауылдың шетіндегі ат қораға қарай
жүгірдік. Арт жағы аласа тас қораның үстіне тырмыса-тырмыса шығып
алдық та, сол күні ғана Қараойдан әкелінген көк жауқазын шөпті үңгіпүңгіп жіберіп, отыра-отыра кеттік.
|
Жасы нешеде?
|
|
Біз ертегілердің бәрін Аянның өзі күнделікті ойлап шығаратынын
білсек те, оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше
түрлі ертегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып
отырып тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол
жағында еш шаруамыз жоқ.
|
Автордың Аянға деген көзқарасы қандай?
|
|
Үйге келсем, төсектер салулы, бірақ ешкім жатпапты. Атам екі көзі
қанталап, терісіне сыймай тырсылдап ашулы отыр, апам көзін сығымдап
жылап отыр. Не болды екен деп шошып, босағада тұрып қалдым.
– Өй, аузыңды ұрайын, жаман неме! – деді атам жекіріп. – Тұржанның
тепкісін Аянмен бірге көрсең етті... Жаны тәтті шірік, көрінбе көзіме!..
Мен үн-түнсіз жер шұқылап босағада тұрдым-тұрдым да, мұнан өзге
ештеңе айтылмаған соң, аяғымды, сырт киімімді шешіп, төрге өттім. Тамақ
сұрап ішуге бата алмай, сыбдырсыз шешініп, төсегіме жаттым.
|
Атасы неге ашуланды? Кейіпкердің әрекетіне сен қандай баға берер едің?
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |