«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Этика – мораль туралы ілім



Pdf көрінісі
бет65/194
Дата04.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#189373
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   194
Байланысты:
5В020100-Философия

Этика – мораль туралы ілім 
Мораль ұғымы. Мораль – қоғамдық сананың салыстырмалы түрде 
дербес формасы. Моральдың әлеуметтік мәні, мақсаты және қызметтері, 
құрылымы 
мен 
негізгі 
ұғымдары. 
Мораль 
және 
адамгершілік. 
Адамгершіліктің негізгі тарихи даму кезеңдері. 
Жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымы. Қоғамның дамуы және 
адамдардың мінез-құлықтарын әлеуметтік реттеу механизмдері. Аксиология, 
деонтология. Моральда болуға тиіс пен болып отырғанның сәйкес келмеуі – 
адамгершіліктік иллюзиялардың бастауы. Адамгершілік ғылыми мәселе 
ретінде. Этика ғылымының әлеуметтік-философиялық, әдістемелік және 
көзқарастық қырлары: биоэтика, мораль және құқық, мораль және саясат, 
мораль және дін. 
Этиканың ұлттық сипаты. Ұлттық қатынастар этикасы. Азаматтық 
этика. Жалпыадамзаттық этикалық құндылықтардың басымдығы. 
Моральдың категориялары: игілік, ізгілік пен зұлымдық, асыл қасиет 
және жамандық, әділдік, бақыт, еркіндік, жауапкершілік, ар-ұждан, өмірдің 
мәні, өлім. 
Әдістемелік принциптер: абсолютизм, авторитаризм, волюнтаризм,
догматизм, нигилизм және т.б. 
Көзқарастық 
принциптер: 
альтруизм, 
гуманизм, 
гедонизм, 
индивидуализм, оптимизм, пессимизм, патриотизм және т.б. 
Моральдық принциптер: кісілік, адалдық, ар-намыс, ержүректік, 
махаббат, эгоизм.
Этикалық ойдың негізгі тарихи даму кезеңдері 
Антикалық этиканың ерте кезеңінің сезімдік-бейнелік сипаты. 
Демокрит: адамды адам қылған – еңбек. Аристотель өзін-өзі тәрбиелеу – 
адамның еркін таңдауының жүзеге асуы екендігі туралы. Софистер: 
тәрбиелеулің үшсатылы жүйесі идеясы; адамгершілік пен көркем тәрбиенің 
бірлігі. 
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері. Антикалық этиканың соңғы 
кезеңі: гедонизм, скептицизм және стоицизм. 
Буддизмнің діни этикасы – өзін-өзі жеке жетілдіру этикасы. Ежелгі 
Қытай этикасының қоғамдық және практикалық сипаты. 
Ортағасырлық мұсылман ойшылдарының этикалық көзқарастары.
Адамгершілік туралы ортағасырлық христиандық ілім: осы өмірдегі 
әділдіктен үміттену және жақынға деген махаббат. 
Қайта Өркендеу дәуіріндегі этика: антропоцентризм және гуманизм. 
Саясат пен моральды қарсы қою. 
Жаңа дәуір этикасы: қала және cело моралі. Классицизм кезеңіндегі 
этика. Ағартушылық этикасы. 
ХІХ ғасыр: күш көрсетпеу этикасы және оның негізгі принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет