Сәбит М. – философия ғылымдарының докторы, Алматы энергетика
және байланыс университетінің профессоры.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ « Онтология және гносеология » курсы «Философия» мамандығы
студенттеріне міндетті және негізгі пән болып табылады. Бұл курс арқылы
студенттер таным теориясы және онтологияның негізгі қағидалары мен
маңызды категорияларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады; болмыс пен
танымды талдауда әр түрлі тұрғыларды жан-жақты сараптауды үйренеді.
Курс студенттердің бойында әлем, бүкіл жалпы танымның обьектісі мен
құрылымы және танымның жалпы субьектісі – адам туралы тұтас жүйелі
түсінік қалыптастыруға бағытталған.
«Онтология және гносеология» курсы «Философия» мамандығының
студенттері меңгеретін басқа да пәндердің маңызды негізі болып табылады.
Негізгі құзыреттіліктер: «Онтология және гносеология» курсын оқу барысында студенттер –
Білуі қажет: - таным теориясы мен онтологияның пәнін, олардың негізгі
ұғымдарын, қағидалары мен заңдарын;
- онтологиялық және танымдық аспектіде алынған философиялық
ойлаудың әдіснамалық және дүниеге көзқарастық негіздерін;
- құндылықтық бағдарлардың қалыптасуындағы танымдық-теориялық
және онтологиялық тұғырнамалардың ролін.
Жасай білуі тиіс: -
Таным теориясы мен онтологияның әдістерін және формаларын,
заңдары мен қағидаларын ғылыми және практикалық қызметтерде
пайдалану;
78
-
Онтология мен гносеология аймағындағы алынған білімдерді
пайдалана отырып, кәсіби мәселелерді өз бетінше пайымдау және шеше білу;
-
Философиялық мәтіндерді сыни және шығармашылық тұрғыдан
талдау;
-
Өзінің дүниеге көзқарастық ұстанымын дәйекті түрде сақтау