«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет65/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

Ежелгі Шығыс философиясы 
Ежелгі Шығыс философиясының әлемдік философиядағы орны. 
Руханилықтың шығыстық дәстүрі – ежелгі Шығыс философиясының ерекше 
белгісі. 
 
Веда 
мәдениетінің 
аясында 
ежелгі 
Үнді 
философиясының 
қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы 
алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар – 
Ведалардың құрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың 
элементтері. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес 
философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Әрбір адамның өздігінше 
адамгершілікті тұлға болып қалыптаса алу қабілетін жария ету. Адам рухын 
сыртқы материалдық дүниеге қарсы қою. Үнді философиясының адамзат 
ақыл-ойына ықпалы.


39 
Қытай философиясының прагматикалық сипаты.Қытай жазуының 
ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» – Қытай философиясының 
бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік – ежелгі Қытай 
философиялық ойының басты философиялық принципі.
Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-
цзы, дао, ди, инь и ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй категорияларының 
заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.
Конфуций ілімі –этикалық-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік 
саяси концепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері 
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының 
рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этикалық-саяси идеялары. Қытай 
практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм 
адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту 
туралы.
Ғылыми білімнің қалыптасуы – ежелгі Египетте философиялық ой 
дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер 
кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және бүкіл 
әлемнің ғылымына, философиясына әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет