Ақын-жыраулар мен би-шешендер шығармашылығындағы философия Философия және поэзияның арақатынасы. Ұлттық философиялық
ойдың және дүниетанымның қалыптасуындағы ақындық, жыраулық дәстүр.
Жыраудың
саяси-қоғамдық,
әлеуметтік
қызметі.
Ақын-жыраулар
шығармашылығындағы
философиялық-дүниетанымдық
пайымдаулар.
Жыраулық философиядағы тарихи-әлеуметтік болмыс мәселесі. Қазақ
дүниетанымындағы Сыпыра, Қотан, Кетбұға жыраулар бейнесі. Шалкиіз
жыраудың философиялық әлемі. Қазтуған Сүйiнiшұлының философиялық
толғаулары. Доспамбет жыраудың ерлік философиясы. Жиембет, Марғасқа,
Ақтамберді, Бұқар жыраулардың шығармашылығындағы әлеуметтік
идеялар. Шал ақын шығармашылығының этикалық мазмұны. Шернияз,
Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай ақындар шығармашылығындағы адам
және өмір туралы философиялық ойтолғаулар.
Қазақ би-шешендерінің философиясы. Дала шешендігі − өзіндік
өркениеттік бітім және философиялық феномен. Шешендік өнердің
әлеуметтік табиғаты, мәні және қызметі. Төле би, Әйтеке би және Қазыбек
бидің философиялық дүниетанымдары. Қазақ ділмарлығындағы әлеуметтік
бірлік философиясы. Қазақ би-шешендерінің гуманистік философиясының
құндылықтық ерекшеліктері.
Қазақтардың шешендік сөз өнеріндегі саяси философия. Би-
шешендердің саяси концепциялар және олардың сабақтастығы. Геосаяси
54
ойлар, дипломатиялық көзқарастар және билік философиясы. Қазақтың
шешендік өнеріндегі ұлттық патриотизм мәселесі.