5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет170/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуі: тарихи деректер және 
мәселенің тарихнамасы
мәдени өзгерістер. 
18 
Қазақтар – Мемлекеттік Думаның депутаттары: тұлғалар және қызыметі. 
19 
1916 ж. көтеріліс: себептері, қозғаушы күштері және негізгі кезеңдері. 
20 
Қазақстандағы ұлттық қозғалыс: даму фазалары және ұлттық құрылыс 
идеялары. 


XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық және ішкі саяси жағдайы. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік 
құрылысы.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси 
жағдайы. Мәселенің деректері және тарихнамасы. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі 
қазақ-орыс елшілік байланыстары: Н. Белоусов (1716 ж.), Ф. Жилин (1717 ж.), Б. 
Брянцев (1718 ж.) және т.б. елшіліктері.
XVIII ғ. алғашқы отыз жылындағы Жоңғар хандығы және Қазақ хандығы. 
«Ұлы нәубет – Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Қазақ 
жүздерінің Ордабасыдағы съездері. Әбілқайыр сұлтанның қазақ жасақтарының 
басшысы етіп сайлауы. Бұлантыдағы жеңістің жеңістің маңызы. Аңырақай 
шайқасы. Қазақ халқының азаттық күресі тарихындағы батырлардың (Қабанбай, 
Бөгенбай, Райымбек және т.б.) рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: 
салыстырмалы талдау.
Қазақ және башқұрттар, қазақтар мен еділ қалмақтары арасынағы жер 
қатынастарының шиеленісуі. Қойбағар Көбековтың Санкт-Петербургке 
дипломатиялық миссиясы. Әбілқайыр ханның (1710-1748) Сейітқұл Қойдағұлов 
пен Құтлымбет Қоштаев басқарған елшілігі. Патшайым Анна Иоановнаның 1731 
жылғы 19 ақпандағы грамотасы. А.И. Тевкелев (Құтлы Мұхамед мырза) 
басқарған Ресей елшілігі. Бодандық туралы мәселе айналасындағы әр түрлі саяси 
топтардың күресі мен келіссөздер барысы. 1731 жылғы 10 қазандағы оқиғалар: 
Әбілқайыр ханның және қазақтың Кіші жүздің старшиналарының ант беруі. 
Орта жүз ханы Семекенің (1723-1737) және Ұлы жүз ханы Жолбарыстың 
бодандық сұрауы. Сенаттың обер-хатшысы И.К. Кирилловтың (1689-1737) 
Орынбор эспедициясын құру бойынша «жобасы». Орынбор экспедициясының 
қызмет бағыты: В.Н.Татищев (1737-1739). Орынбор экспедициясын комиссия 
деп өзгертіп аталуы: В.А.Урусов (1739-1741). Ресей империясының Кіші жүздегі 
қазақ тұрғындарына және Орта жүздің біраз бөлігіне формальды-құқықтық 
сюзеринентті орнатуы. Кіші және Орта жүздер старшындар мен сұлтандары 
өкілдерінің 1740 ж. болған съезі. Орта жүз ханы Әбілмәмбеттен (1739-1771), 
Абылай сұлтаннан және т.б. ант қабылдау. Орынбор губерниясының құрылуы 
(1744). 
Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И.Неплюевтің «бөліп ал 
да, билей бер» саясатын енгізуі. Ресей мемлекетінің қазақ жүздеріне қатысты 
мемлекеттік-саяси протектораттың бекемделуі. Хандық биліктің жариялылығы: 
Кіші жүз ханы Нұралы(1748-1786 жж.). 
Қазақ жерлерінің Ресейге қосылу мәселесінің тарихнамасы: пікір-талас 
мәселелер. Ұлы жүз сұлтаны Сүйік Абылайханұлының Ресей бодандығын 
қабылдауы. І Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдауы 
туралы грамотасы. 1839 ж. Хиуа жорығы және оның қорытындылары. Сырдария 
шекара линиясының құрылуы. Бекіністердің құрылысы: Арал (Райым) бекінісі, 
Қазалы, Қармақшы. 1846 жылдары Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын 
қабылдауы. Үлкен Орданы басқару приставтығы. В.Перовский 1853 ж. жорығы. 
Ақмешіттің алынуы. 1858 ж. қазақтардың Қоқан хандығына қарсы көтерілісі. 


1860 ж. Жетісудағы әскери операциялар. Ұзынағаш шайқасы. 1863 ж. полковник 
Черняев пен подполковник Лерхе отрядтарының әрекеттері. Алдыңғы қатарлы 
Жаңа Қоқанд линиясын құру жарлығы. Шымкент, Сайрамның алынуы. Жетісу 
мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей құрамына енуі.
Патша әскерлерінің Қоқан және Бұхараға қарсы жаулап алу жорықтары. 
Қоқан хандығының жойылуы және Түркістан облысының құрылуы. Хиуаның 
тізе бүгуі. ХІХ ғасырдың 60-жылдарының ортасында Қазақстан 
территориясының Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның Ресейге 
қосылуы мәселесін зерттеудегі жаңа тәсілдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет