5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет191/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

 
 


EZAEKZT 3208 
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ 
ЗАМАН ТАРИХЫ
Көлемі - 3 кредит
Автор: 
Көкебаева Г.К.
 - 
дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану 
кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы 
Пікір жазғандар:
Сманова А.М. – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті тарих кафедрасының доценті 
Мырзабекова Р.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану 
кафедрасының профессоры
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» –5В020300 – тарих 
мамандығының оқу жосапрына енгізілген базалық пән. «Еуропа және Америка 
елдерінің қазіргі заман тарихы» пәні Батыс елдері тарихы бойынша оқытылатын 
пәндер цкилын аяқтайды. Бұл пәннің ерекшелігі сонда, ол студенттердің барлық 
негізгі тарихи пәндер бойынша алған білімдеріне негізделеді.
ХХ ғасыр – дүниежүзі тарихының терең және ауқымды үрдістермен 
сипатталатын күрделі кезеңі. Бұл – қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени-рухани негіздерінің қалыптасу дәуірі. Бұл 
кезеңде еуропалық индустриалдық өркениеттің дағдарысы және постиндус-
триалдық даму сатысына өту үрдісі іске асты. Бұл үрдiстiң iске асуы құры-
лымдық экономикалық дағдарыстар, мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң 
қалыптасуы, ғылыми-техникалық революция, жаңа саяси идеологиялардың 
(фашизм, большевизм) және дәстүрлі саяси ағымдардың жаңартылған 
нұсқаларының 
(неолиберализм, 
неоконсерватизм) 
шығуы 
сияқты 
факторлармен анықталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдiк 
саяси кеңiстiкте түбiрлi сапалы өзгерiстер басталды, индустриалдық 
қоғамның саяси, экономикалық және рухани дамуында жаңа сипат пайда 
болды, либералдық демократияға альтернатива ретінде тоталитарлық қоғам 
негiздерi қалыптасты. Сонымен қатар либералдық демократия барынша 
жетілдіріліп, адамның құқықтары мен бостандықтарының ауқымы кеңейді. 
ХХғ. екінші жартысында неғұрлым дамыған елдерде халықтың әл-ауқатын 
жақсарту міндетін мемлекет өз мойнына алып, «жақсы тұрмыс» мемлекетін 
құру идеясы қалыптасты және ол мүмкіндігінше іске асырылып жатыр. 
Қазiргi заман кезеңiнiң тағы бiр сипатты белгiсi – социалистiк жүйенiң пайда 
болуы, алайда оның кеңестiк үлгiсiнiң өмiрге бейiмсiздiгi және қоғамдық 
дамудың дербес үлгiсi ретiнде өмiр сүруден қалып, мүлде ыдырауы. Батыстың 


алдыңғы қатарлы елдерiнiң постиндустриалдық даму сатысына өтуiмен қатар 
халықаралық қатынастар жүйесiнде сапалы өзгерiстер басталды: әлемнiң екi 
полюстi жүйесiнен көпполюстi жүйеге өту үрдiсi iске асты. ХХ 
ғ. халықаралық қатынастардың дамуының толқынды сипатымен де 
анықталады. Бұл кезеңде, бір жағынан, әлем екі рет дүниежүзілік соғыстар 
өртіне шарпылды, әлем бір-біріне қарама қарсы әскери-саяси одақтардың 
күрес аренасына айналды, адамдарды жаппай қыру қарулары пайда болды, 
екінші жағынан, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатына қызмет ететін 
халықаралық ұйымдар (Ұлттар Лигасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы 
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, т.б.) құрылып, адамзат әлемінің 
біртұтастығы күшейе түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет