Курсты оқыту студенттерге төмендегідей білім негіздерін, дағдыларды және бейімділікті беруі тиіс: -
тарихи эволюция заңдарын түсіну, тарихилық принцип негізінде, тарихи
өткенімізді талдай білу;
-
жазбаша жұмыстарды (конспект, аннотация, реферат, баяндама, эссе) жаза
білу және оларды дұрыс рәсімдей білуге дағдылану;
-
өзінің қорытындыларын салиқалы негіздей білу;
-
қолда бар ғылыми әдебиетке өз бетінше сын көзбен талдау жасай білу;
-
тарихи деректерді жіктеп, талдай білу;
-
картаны жақсы бағдарлауға дағдылану және оны ауызша жауап беруде
пайдалана білу;
-
тарихи білімнің теоретикалық, қолданбалы және бағалылық аспектілерін
көрсете білу, оларды күнделікті, сондай-ақ кәсіби өмірде практикалық
шешімдерді негіздеуде қолдана білу.