5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет120/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Орта ғасырлар тарихы пәні 
«Орта ғасырлар» мен «феодализм» терминдерінің тарих ғылымындағы 
мазмұны, олардың ара қатынасы. «Қысқа» және «ұзын» ортағасырлық. Курстың 
хронологиялық шегі. Батысеуропалық ортағасырардың кезеңдестірілуі, оның 
дамуының негізгі кезеңдерінің жалпы сипаты. Еуропа тарихында ортағасырлар 
мен жаңа заман арасындағы қатаң шектеудің шарттылығы.
Феодализм сипаттамасы. Медиевистикадағы формациялық және 
өркениеттік тәсілдер. Феодалдық қоғамның экономикалық негізі. Феодалдық 
меншіктің иерархиялық құрылымы, оның нысандары, меншік және саяси билік. 
Әлеуметтік құрылымы мен саяси ұйым. "Феод", "вассалды-сеньориалдық қарым-
қатынасы" ұғымдары. Орта ғасырдағы қала. Мемлекет, құқық және шіркеу. 
Христиандық ортағасырлық еуропалық өркениеттің жүйеқұраушы факторы 
ретінде. Феодалдық дәуірдің Батыс Еуропалық ділі. Батысеуропалық қоғамның 
жекелеген кезеңдерінде ортағасырлық тарихы даму ерекшелігі. 
Орта ғасырлар тарихының деректері. Олардың жіктелуі мен жалпы 
сипаттамасы. Батыс еуропалық орта ғасырдағы тарихи шығарма.
Медиевистиканың негізгі даму кезеңдері. Қазіргі заманғы медиевистиканың 
бағыттары мен мектептері. Қазақстанда медиевистиканың дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   536




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет