Байланысты: аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе
«Кәсіби бағытталған шет тілі» – оқытылатын шет (ағылшын) тілі
форматында мәдениеттану пәндік аясы туралы теориялық білім жиынтығын
ұсынуда студенттердің құзыретін қалыптастыратын оқу пәні.
«Кәсіби
бағдарланған
шет
тілінің»
нысаны мәдениеттану
мамандығының аясында оқылатын шет тілі ағылшын тілінің термині мен
түсінігінде білімнің негізгі бағыттарын, мәнін сипаттау.
Кәсіби бағдарланған шет тілі оқу пәнінің
пәні кәсіби бағытталған шет
тілі кәсіби ағылшын тілінің арнайы ғылым ретіндегі метатілі болып
табылады.
Тілдік дайындықтың екінші кезеңі студенттерде мәдениаралық
деңгейде когнитивті және кәсіби құзыретті қалыптастырады, студент
тұлғасының зияткерлік және эмоциялық дамуын ынталандырады. Бұл
кезеңде студенттердің дамуы шешілетін проблемалық мәселе негізінде
коммуникативті-ойлау қызметіне дайындықты көрсетеді. Жазба сөз
саласында үйреншікті тіл материалы шегінде бейтарап және ресми сипаттағы
жазба сөздің өнімді үлгілерін жазу машығы мен іскерлігін қалыптастыру
қарастырылады.
Бағдарлама мәтіндік материалдарды тереңірек үйренуге: түсіндіру,
аудару, мәтінді айту, сондай-ақ студенттердің сөздік қорын молайтуға және
оқылатын лексикалық бірліктерді талдауға және шет тілін игерудің
жеткілікті әлеуметтік, жалпы білімдік деңгейін қалыптастыруды талап етуге
есептелген. Оқытудың бұл кезеңінде сөйлеу қызметінің төрт түрінде
коммуникативті машық пен шеберлік қалыптасады, ол қоғамдық өмірдің
түрлі салаларында тұлғарааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас
құралы ретінде шет тілін жеткілікті дәрежеде еркін қолдануды қамтамасыз
етеді.
Шет тілін оқытудың бұл курсы қызметтің төрт түрінде: тыңдау, сөйлеу,
оқу және жазуда коммуникативті-интермәдени құзырет негізін қамтиды. Бұл
көлем шеңберінде құзыреттің жалпыеуропалық шкаласы (ОЕК) В2 деңгейі –
базалық стандарттылық деңгейі меңгеріледі.