19
қатынастағы шынайы жағдайларда, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынастағы
әдеттегі жағдайда ағылшын тілін қолдану шеберлігін қалыптастырудан
тұрады.
Оқу-танымдық мақсаты
ретінде үйренушілердің танымдық
қызығушылығын ынталандыру, олардың когнитивтік қабілеттерін дамыту,
танымдық қызметтің стратегиясы мен әдістерін қалыптастыру, ағылшын
тілінде оқу жұмысының шеберлігі мен машығы ерекшеленеді.
Бағдарламаның білімдік мақсатын аталған мамандық бакалаврларының
жалпы мәдениет деңгейін көтеру мен ой-өрісін кеңейту құрайды.
Тиісінше, курстың
міндетіне
мыналар кіреді:
-студенттерді филология бойынша жалпы ғылыми, ғылыми-көпшілік
және арнайы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну мен талдауға үйрету;
-жалпы ғылыми және арнайы ауызша мәтіндердің жалпы мазмұнын
қоса алғанда ағылшын тіліндегі ауызекі тілді түсіну машығын қалыптастыру
мен дамыту, олардан кәсіби қызмет үшін қажет ақпараттар алу мен арнайы
ауызша мәтіндерді конспектілеуге машықтандыру;
-жалпы коммуникативті, академиялық және кәсіби талаптарға сай
жазбаша мәтіндерді құру машықтарын қалыптастыру мен дамыту;
-пікірталас жүргізу, ақпараттарды ұсыну мен сұрау, ережелерді/тезисті
және өз көзқарасын дәлелдеуді қоса алғанда жалпы коммуникативті және
кәсіби міндетті шешу үшін қажет сөйлеу машығын дамыту;
-аталған жалпы коммуникативті және кәсіби міндетті шешу
үшінстуденттерге қажетті грамматиканы білу және лексикалық қорды
қалыптастыру мен дамыту;
-тілдік мәселелерді өз бетінше шешу машығын дамыту;
-үйренетін тілдің бір тілді сөздігін қоса алғанда сөздікпен,
анықтамалықтармен, мультимедиялық және интернет-ресурстармен жұмыс
жасау машығын қалыптастыру мен дамыту;
- күнделікті және кәсіби саладағы көпмәдениетті қарым-қатынас
жағдайында шет тілін тиімді қолдану мақсатында мәдениетаралық құзыретті
қалыптастыру мен дамыту.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындау
Достарыңызбен бөлісу: