МА 3302 – МӘДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯ Көлемі 3 кредит Авторлар: Жолдубаева А.К. – философия ғылымдарының докторы, дінтану және
мәдениеттану кафедрасының профессоры
Өмірбекова Ә.Ө. – философия ғылымдарының кандидаты, дінтану
және мәдениеттану кафедрасының доценті
Пікір жазғандар:
Нұрмұратов С.Е. – философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ
Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының
профессоры
Амиркулова Ж.А. – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ «Мәдени антропология» пәні бойынша типтік бағдарлама әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 5В020400 – Мәдениеттану
мамандығының
типтік оқу жоспарының негізінде жасалған.
Мәдени антропология – бұл мәдениеттанулық білімнің мәдениет
әлеуметтануына жақын, бірақ ол мәдениеттің этникалық бөлшектеріне,
әртүрлі халықтардың мәдениеттерінің өзара әрекеттесу үдерісіне көбірек
көңіл бөледі, әртүрлі мәдениеттердегі тілдік ерекшеліктер мен өзге де
коммуникация құралдарын қарастырады.
Мәдени антропология әр түрлі халықтардағы қоғамның қызмет етуін
мәдениет арқылы айқындауды қарастыратын ғылым болып табылады.
Мәдени антропология, бір жағынан, нәсілдерді физикалық сипаттаумен
айналысатын физикалық антропологиядан; басқа тұрғыдан, адамның
табиғатының өзімен анықталатын, адам өмірінің айрықша екендігін
қарастыратын философиялық антропологиядан ерекшеленеді. Мәдени
антропологияға әр түрлі халықтардың әлеуметтік институттарын зерттейтін
әлеуметтік антропология өте жақын. Мәдени антропология этнография,
археология, тарих, құрылымдық лингвистика, фольклортану, әлеуметтану,
мәдениет философиясы, психология сияқты ғылымдардың әдістерін, ал
мәліметтерді статистикалық өңдеу үшін – заманауи математикалық
аппаратты қолданады; сонымен қатар арнайы әдістемелер де жасалған (кино
түсіру, интервьюдің ерекше тәсілдері және т.б.). Мәдени антропологияның
назар аудару орталығында мәдени тұрғыдан қарастырылатын адам тұрады.
Мәдени-антропологиялық зерттеу логикасы: қандай да бір қоғам адамын
танып білу үшін, сол қоғамның мәдениетін зерттеп білу қажет.