«5В020400 – МӘдениеттану» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет49/379
Дата23.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#127811
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   379
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері 
Буддизм  рухты  мәңгі  деп  танитын  дін.  Ол    адм  өмірінің  мәнін  не 
біржақты қызық қуып, ләззат алудан да (гедонизмнен), не біржолата өмірден 
безінген, тәнін азаптаушы тақуалықтан да (аскетизмнен) таппайды. Өмірдегі 
ең  биік  мұратты  нирванадан,  яғни  бүткіл  дүние  әсерлеріне  бейтарап, 
транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп, өмірдің 
төрт анығы, ақиқаты туралы айтады. Төрт анық мына төмендегілер: 


29 
 
-
 
өмір дегеніміз азап; 
-
 
азаптың  себебі  бар,  ал  азаптың  көзі  –  адамның  қалау-тілеуінде, 
ниетінде; 
-
 
азаптан  құтылу  мүмкін,  ондай  болмыстың  өзімен-өзі  теңдескен 
бақытты күйін «нирвана» деп атайды; 
-
 
азаптан құтылу жолы бар, ол жол – «ортадағы тура жол» деп аталады 
да  оның  мәні  адам  қалауын  тәрк  етуде  болып  табылады.  Оған  жету  жолын 
арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз. 
Сегіз  қырлы  шартараптың  мазмұнына  мыналар  тиеселі:  саф  сенім,  ақ 
ниет;  шыншыл  сөз,  дұрыс  амал-әрекет,  салауатты  өмір  салты,  қажырлы 
қайрат, таза жады, адал зейін – жалпы, иманды тіршілік. 
Конфуцийшылдық  -  әлеуметтік  этикалық  жүйе.  Ең  маңызды  нәрсе  – 
рәсімділік.  Конфуций  іліміндегі  «жень»  ұғымы  адамсүйгіштік,  адам 
бойындағы  шынайы  адамдық  қасиеттің  айғағы  болып  табылатын 
адамгершілік  дегенді  білдіреді.  «Женьмен»  тығыз  байланыста,  тіпті 
ажыратылмайтын  байланыста  қарастырылатын  тағы  бір  орталық  ұғым  – 
«ли»-рәсім.  Яғни  рәсімділік  адамсүйгіштікке  негізделуі  керек,  ал 
адамгершілік құлық рәсімді қадағалау арқылы жүзеге асады. 
Конфуцийдің  ұлы  уағыздарының  басты  өмірлік  қағидасы  –  ата-
аналарды  құрметтеу  мен  өзіңнен  үлкендерге  ізет  көрсете  білу.  Ұлы 
парызкердің  басты  құндылығы  мен  ерекшелігі  –  оның  Шығыс  елдеріне  тән 
рухта  мемлекеттік  және  адамгершілік  парыздарды  бір-бірімен  ұштастыра 
білуінде болып саналады. 
 
Антика этикасы 
Антика  ойшылдарының  этикалық  көзқарастары:  Сократ,  Платон, 
Аристотель.  Софистер,  эпикурейшілдер,  стоиктердің  философия-этикалық 
ілімдері. Сенека, Марк Аврелий, Эпиктет және т.б. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   379




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет