Курс
Семестр
|
Кредит
|
ДС (сағ)
|
СПС (сағ)
|
Лаб. (сағ)
|
ОСӨЖ
(сағ)
|
СӨЖ(сағ)
|
Бар
(сағ)
|
Бақылау түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
ІІ
|
4
|
3
|
30
|
15
|
|
22,5
|
67,5
|
135
|
емтихан
|
4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
2 Кесте
Тақырыптардың атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
2
|
Дәріс сабақтары
|
Модуль 1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет
|
Тақырып 1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны. XIX ғасыр әдебиетіндегі саяси бағыттар мен көркемдік ағымдар
Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау жұмыстарының кең өрістеуі, барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердін салынуы, отарлық басқару әкімшілік жүйесінің енгізілуі.
XIX - ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы қарулы көткрілістер. Отаршылдық саясат мазмүнын жырлаған отарлық езгіге қарсы туған ақындық поэзиясы жэне оның реалистік маңызы. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу Жұмыстарының екі жакты сипаты.
XIX - ғ. эдебиетінің даму мазмұнындағы реализм,романтизм көркемдік эдістерінің көріністері. Ауызша жэне жазбаша акындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сакталуы.
Жаңа реалистік жазба эдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық елең, поэма, проза т. б. жанрлардың калыптасып дамуы. Әр дәуірдін, іштей тұтас кезең, дәуірлерге ағым, бағыттарға бөлініп, ғылыми негізде жүйеленуі. XIX ғасыр әдебиеті — үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. XIX ғасыр ішінде байырғы әдеби үрдіс ауызшадан жазбашаға өту дәуірін бастан кешті (М.Әуезов).
XIX ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, сыршыл лирика, айтыс түрлері, сатира, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Көркем позаның үлгілері, сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, көркем аударма, ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады.
XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері:бостандық рухты, үлт азаттығын жырлаған Махамбет ақын, Шернияз; зар заман әдебиетінің ақындары Шортанбай, Мүрат, Әбубәкір; айтыс акындары Шөже, Орынбай, Балта, Сүйінбай, Марабай; сал-серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Мұхит; қиссашыл акындар; жаңа жазба әдебиет өкілдері Ыбырай, Абай.
|
1
|
Тақырып 2. ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері. Айтыстың зерттелуі. XIX ғасырдағы айтыстың дәстүлі сипаты. Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері.
XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуі. Айтыстың түрлері. Жанрлык ерекшеліктері. Әлеуметтік сипаты. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым, Қашаған, т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы. Әлеуметтік мәні. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы.
XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жайы. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, С.Мүқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі.
Айтыс өлең - XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы.
|
1
|
Тақырып 3. Айтыс өнерінің көрнекті өкілдері Шөже Қаржаубайұлы, Кемпірбай ақын, Орынбай Кертағыұлы. Ақынның өмірі. Өлеңдері мен айтыстарының әлеуметтік мәні. Орынбай, Кемпірбай, Шортанбай, Балта, т.б. ақындармен айтысы. «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәулетімбетке», «Домбыра шыққан тықылдап», «Бәйтікке», «Ноғайға», «Ерденге» арнау, өлеңдері. Шөженің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын жырлауы. Ақын жонінде Шоқан Уәлихановтың айтқаны.
|
1
|
Тақырып 4. Сүйінбай Аронұлы, Сара Тастанбекқызы, Қашаған Күржіманұлы. Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мүрасының жариялануы, зерттелуі. Толғауларының тақырыптық- идеялық мазмұнына сипаттама. Елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы.
Адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары. Әйелге, адамның жастық, кэрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері. Сүйінбайдың айтыстары -қазақтьң түре жэне сүре айтыстарының үлгілері.
Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы - қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.
Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелілігі.
|
1
|
Тақырып 5. Бақтыбай, Түбек, Нұрым Жаршағұлұлы, Марабай ақындар. Өмірбаян деректері. Айтыстары. Өлеңдері. «Ер Тарғын» жырының Марабай нұсқасы. «Қобыланды» жырының Марабай нұсқасы. Марабайдың шығыстанушы ғалымдар назарына ілінуі. Марабайға Абайдың берген бағасы.
|
1
|
Тақырып 6. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кәмелұлы, Бұдабай Қабылұлы шығармашылығы. Қүлыншақ Кемелүлы (1831-1892) Өмірбаян деректері. Шығармаларының зерттелуі. «Келбайға», «Дүйсенбайға» арнаулары. Батырлық, ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері. Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы.
|
1
|
Тақырып 7. Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889).Өмірі. Ақындық мүрасы. Сүйінбай, Қүлыншақ, Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары. Мысалдары. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары, сол негізде туған назира шығармалары. «Нақылдар» жинағына енген шығармалары. Әдеби мұрасының зерттелуі.
|
1
|
Тақырып 8. Базар Оңдасұлы өмірі мен әдеби мұрасы. Өмірі, мұрасы, зерттелу, басылым жайы. Адамгершілік, дүние жаратылыс жайлы үгіт-насихат мәнді шығармалары. «Айна-тарақ», «Әминә қыз», «Мақпал-Сегіз» дастандары. Термелері.
|
1
|
Тақырып 9. ХІХ ғасырдағы сал серілер. Ән өлең, Өнерпаздық, сыршылдық сарын. Біржан сал Қожағұлұлы. Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиетін тарихындағы орны. Сал-серілер, әнші-лирик ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер.
Біржан салдын өмірі мен шығармашылығы. Әншілік өнердің көшбасшысы екендігі. Шығармаларының тақырьштық, әуендік ерекшелігі. Ән-өлендегі алар орны.
Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» олеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, түжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы.
|
1
|
Тақырып 10. Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылығы. Сегіз сері Баһрамүлы өмірі мен шығармашылық мүрасы. Өлеңдері, кисса дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», «Горчаковқа», т.б. шығармаларындағы әлеуметтік үн. Сегіз серінің махаббат, ғашыктық тақырыбындағы толғау, дастандары, өлеңдері. Халық эпосын жырлауы. Түрлендіруі. Арнаулары. Сегіз сері мұрасының зерттелуі. Басылымы.
|
1
|
Тақырып 11. Ақан сері Қорамсаұлы. Жаяу Мұса Байжанұлы. Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-елеңдері. Ақыннын сезім жырларының кекемдік мәні. Ақан Сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері әндеріндегі лиризм, ғашықтық.
Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1928). Өмірбаян деректері. «Ак сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері қазақ өнерінің үздіктері. Жаяу шығармаларындағы жан айқай. Қоғам мен адам ортасындағы аярлыққа ауыр үкім. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Ақын мүрасының зерттелуі, басылымы. Халқымыздың рухани өміріндегі Жаяу Мұса шығармаларының орны.
|
1
|
Тақырып 12. Әсет Найманбайұлы. Әсет Найманбайүлының (1867-1923 ән-өлеңдері. Әншінің сал-серілер мен әнші-ақындар. әндерін әнмен таратуы. «Қоштасу», «Әсет» ән-өлеңдері.
|
1
|
Тақырып 13. Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи жырлар. жанрлық сипаты, зерттелуі. Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай», Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры.
Кенесары-Наурызбай туралы жырлар. Нысанбай ақын туралы М.Әуезов, С.Мүқанов пікірлері. Шортанбайдың "Ақжолтай-Ағыбай батыр" жыры. "Бекет батыр" жыры. Мүсабай жыраудың "Жанқожа батыр" жыры.
Ығылман Шөрековтың "Исатай-Махамбет", "Досқожа акынның Кенесарыға айтқаны" жыры. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. XIX ғасырдағы тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын түсы, өзіндік ерекшелігі. "Кенесары-Наурызбай", "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", т.б. тарихи жырлардың казак әдебиеті тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедүлы, С.Мұканов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Өмірәлиев, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрысов тарихи өлең, тарихи жыр туралы.
|
1
|
Тақырып 14. Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы.
Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу Жұмыстары. Махамбет — қазак эдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны. Акын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер.
Махамбет өлеңдерінің философиялык- дүниетанымдық тереңдіктері. Махамбет шығармаларындағы халық түлғасының жэне Исатай батыр бейнесінің жырлануы. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.
Махамбет өлеңдеріндегі жыраулык- ақындық дэстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақын шығармаларындағы тіл бейнелілігінің мәселелері.
|
1
|
Тақырып 15. Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия. Махамбет – жаугершілік заман күйін толғаған жауынгер жырау. Махамбет толғауларындағы жырдың дәстүрлі үлгілері. Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулар үрдісі. Махамбет толғауларындағы дәстүрлі қолданыстар. Махамбеттің «Мені».
|
1
|
Тақырып 16. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет. "Сал-сал", "Зарқүм", "Сейфүлмәлік", "Бозжігіт", "Мұңлық-Зарлық", "Шәкір-Шәкірат", "Жүсіп-Злиха", "Жұмжұма", "Зарқүм",т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар (кітаби елең) - XIX ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың бір арнасы. Қисса-дастандардағы "Қүран", "Мың бір түн", "Тотынама", "Дахнама" желілері.
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса-дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмүхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жаксылықов, З.Сейітжанүлы, У.Қалижанұлы, т.б. қисса —дастандар туралы.
Кітаби, дастаншыл ақындар. Акылбек ибн Сабал, Шәді Жәңгірұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайүхсламүлы, Ораз молда, Мүса молда, Мәшһүр Жүсіп Кәпеев, Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ақмолда, т.б. ғүмырбаян деректері. Шығармашылық мүрасы.
XIX ғасырдағы қисса-дастандардың басылымы. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өзіндік ғылыми мәселелері.
|
1
|
Тақырып 17. Жүсіпбек Шайхұсламұлы мен Ақылбек Сабалұлы
Ж. Шайхұсламұлының өмірі мен шығармашылығы. Айтыстары-. Ауыз әдебиеті мен Шығыстық қисса-дастандарды жинап, бастырудағы еңбектері.
Ақылбек Сабалұлының өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері мен олардың тақырып ауқымы, Шығыстық қисса-дастандары, олардың басылымдары
Ж.Шайхұсламұлы мен А.Сабалұлының шығармашылык мүраларының зерттелуі. Бүл ақындарға ортак басты белгі Шығыстық қисса-дастандар жазып, діни-тәлімгерлік бағытты ұстанулары екендігі. Олардың біріңғай қиссашылдык, назирагөйлік дәстүрді ұстануы. Шығармаларындағы дидактиканың молдығы, дін, гуманизм тақырыптарын насихаттаулары.
|
1
|
Тақырып 18. Ақмола Мұхамедияров пен Шәді Жәңгіров А. Мұхамедияровтың өмірі мен шығармашылығы. Ағартушылық, усули жәдидтік бағыттағы шырмалары. Діни- тәлімгерлік туындылары, Шығыс мұраларын насихаттауы.
Шәді Жәңгіровтің өмірі мен шығармашылығы . Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, Шығыс поэзиясындағы белгілі такырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмүны тұрғысынан мүлдем жаңа, тел туынды жасаған ақын екендігі.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен емір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі Шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көтеріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бір молдаға» т.б өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.
|
1
|
Модуль 2. Зар заман поэзиясы.
|
|
Тақырып 19. Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Зар заман - қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі ағым. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар. заман - қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан етпелі кезеңінің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Оның зар заманды 3 кезеңге бөлуі; Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен зерттелу, бағалану жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса кернекті өкілі - Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б. шығармашылық мүрасышың әдебиет тарихындағы орны. В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтүрсынов, Х.Досмүхамедүлы, С.Сейфуллин, С.Мүқанов, Қ.Жүмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар зар заман поэзиясы туралы. Зар заман ағымының кернекті түлғаларының шығармашылық мүрасын қазіргі кезеңде зерттеу. А.Шәріпов, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу еңбектері.
|
1
|
Тақырып 20. Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы. Шортанбай мұрасынын жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Акындық шығармашылық түлғасының қалыптасуындағы кезеңдер
Шортанбай ежелгі түркілік мұсылманшылық сопылық әдеби дәстүр тағылымында қалыптасқын ақын.
Ақын шығармаларындағы негізгі сарын - имандылықты уағыздау. Шортанбай- патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде риалистікпен жырлаған сыншыл ойлы суреткер ақын.
Адамгершілік тәрбиесін уағыздаған толғаулары. Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.
|
1
|
Тақырып 21. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы. Өмірі туралы мәлімет. Шығармаларынын жариялануы, зерттелуі. Патшалык отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу эуендері.
Арнау, толғау өлеңдерінде өз үлтының рухани элеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы.
Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу ( аллегориялық) тэсілмен жырланған шығармалары.
«Еспембет» дастанының эдеби- фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялык қүрылысы, Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. « Шаштараз» дастаны. Дулат шығармаларының жанрлық, керкемдік ерекшеліктері.
Дулат ақының «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Атақоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жок», т.б. өлеңдері.
|
1
|
Тақырып 22. Мұрат Мөңкеұлы. Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер.
Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық, кейіпкер-ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты.
Мұрат - отарлау саясатының зияанды зардаптарын анык болжаған ақын. Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәлім-тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық.
Арнау, хат-өлең, тойбастар, жанрларындағы шығармалары. Мұраттың жыршы - ақындығы, Сыпыра, Асан кайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, т.б. жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. «Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлері. Айтыстары.
Мұрат шығармаларындағы романтикалык, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.
|
1
|
Тақырып 23. Шернияз Жарылғасұлы. Шығармаларының негізі суырып салма акындық. Ол- Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы. Ақын толғау- термелеріндегі өмір кайшылықтары туралы философиялық толғаныстар, бағалаулар.
Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбетке байланысты елендер. Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері.
Шернияздың шешендік өнері. Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелік мәселелері.
|
1
|
Тақырып 24. Алмажан Азаматқызы. Ақын өмірі туралы деректер мен шығармашылығының әдебиет тарихына ену жайы. "Жетім қыз" поэмасы. Поэмадағы азаттық, діни-тәлімгерлік сарындар. Махамбет поэмасының Алмажан шығармашылығына әсері. "Жетім қыз" поэмасындағы образдар жүйесі, әдеби-көркемдік тіл өрнектері, идеясы мен мазмұны.
|
1
|
Тақырып 25. Әбубәкір Кердері, Ақмолла Мұхамедиярұлы А.Мұхамедияровтың өмірі мен шығармашылығы. Ағартушылық, усули жәдидтік бағыттағы шырмалары. Діни- тәлімгерлік туындылары, Шығыс мұраларын насихаттауы.
Шәді Жәңгіровтің өмірі мен шығармашылығы . Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, Шығыс поэзиясындағы белгілі такырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмүны тұрғысынан мүлдем жаңа, тел туынды жасаған ақын екендігі.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен емір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі Шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көтеріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бір молдаға» т.б өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.
|
1
|
Модуль 3. Жаңа жазба әдебиет
|
|
Тақырып 26. ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. XIX ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Онын әдебиеттің дамуына ықпалы. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс, бағыттар. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі ерекшеліктердің Абаймен жалғасуы. Жаңа жанрлардың тууы. Мысал, сықақ, сатираның жандану. Поэманың тууы. Лирика табиғатындағы еуропалық үрдіс, үлгі. Көркем аударма. Көсемсөз.
XIX ғасырдағы үлт оянушылығы және Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Олардың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуы, кітаби тілді ығыстыру, тіл тазалығы мэселесіндегі орны. Дінге көзқарасы. Дүниетаным негіздері.
|
1
|
Тақырып 27. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы. Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай - ағартушы, үстаз - жазушы, ақын,
этногроф, аудармашы. Ыбырай шығармаларының философиялық,психологиялық сырлары.
Ыбырай - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы. Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оку кұралын жазуы.
Оның қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері. Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары. Өлеңдері. Оқу - білім ағарту, адамгершілік тәрбиесі, озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары такырыптарындағы өлеңдері. Ы.Алтынсарин әңгімелері - ұстаздық тәлім-тәрбие қүралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуынын бастау негізі.
Ыбырай - халық әдебиеті мұраларын жинаушы, оларды ұстаздық жұмысына пайдалану. Шығармашылығы - қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шеуші негіз.
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |