5В020800 «археология және этнология» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет104/359
Дата06.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#81513
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   359
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе 
«Әлем халықтарының этнографиясы» пәнінің нысаны – әлемнің әр 
аймағында өмір сүріп жатқан этностар, сондай-ақ, олардың тарихи-мәдени 
ерекшелігі.
Аталмыш пәннің негізгі міндеті – «Археология және этнология» 
мамандығы бойынша мамандандырылған студенттерге ежелгі кезеңдегі 
этникалық тарихы мен қазіргі кезеңдегі этникалық үдерістеріне, әлем 
халықтарының дәстүрлі мәдениетінің мәдени әртүрлілігі жөніндегі ілімдерді 
қалыптастыру 
Курстың негізгі мақсаты әлем халықтарының арнайы этникалық 
сипаттамасын айқындау, әлем халықтарының этникалық картасын, сонымен 
қатар халықтардың географиялық орналасуын, антропологиялық, тілдік, 
конфессионалдық құрамын және шаруашылық-мәдени типі ерекшеліктерін 
айқындауға арналған. Әлем халықтарының этногенезі, этникалық тарихы, 
дәстүрлі және қазіргі кезеңдегі мәдениетін оның ішінде әлемдегі этникалық, 
этномәдени үдерістерді білу қажет. 
Басқа да көптеген мәселелермен әлем халықтарының курсында 
этногенез, этникалық тарих мәселелерімен қатар әлем халықтарына қатысты 
нақты этнографиялық категориялар: антропологиялық ерекшеліктер, 
шаруашылық-мәдени типтер, дәстүрлі баспана, киім, тағамы, этникалық 
менталитеті, тілі, тұрмысы діні қарастыру. 
Пәнді оқытудағы мақсат – «Археология және этнология» 
мамандығындағы студенттерге әлем халықтарының этнографиясын, олардың 
дәстүрлі мәдениетінің көп түрлілігін тереңдете оқыту.
Әлем халықтарының этнографиясы пәні салыстырмалы-тарихи әдіске, 
сондай ақ пәнаралық социология және мәдениеттану әдістеріне сүйенеді.
«Әлем халықтарының этнографиясы» пәнінің орны гуманитарлық 
ғылымдар пәнімен қатар, себебі, ол тарих, археология, мәдениеттану, 
физикалық, әлеуметтік және мәдени антропология, социология, т.б. тығыз 
байланысты.
Лекция курсында студентті этнологияның пәндік саласымен оның 
негізгі мәселелерімен, далалық этнографиялық материалдарды зерттеудің 
әдістерімен, әлем халықтарын антропологиялық, шаруашылық-мәдени, діни 
және тілдік топтаудың принциптерімен таныс болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет