5В020800 «археология және этнология» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет107/359
Дата06.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#81513
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   359
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

Батыс Азия халықтары 
Батыс Азия халықтары этногенезі, этникалық тарихы. Семит тайпалары. 
Араб елдері халықтары. Батыс Азия халықтарының түркілдес этностары. 
Батыс Азия халықтарының антропологиялық және этнолингвистикалық 
құрамы. Батыс Азия халықтары этногенезі, этникалық тарихы. этногенезі, 
этникалық тарихы және қазіргі кезеңдегі этникалық құрамы. Месопотамия 
территориясындағы ежелгі өркениеттер. Шығыстан ауған түркілердің ықпалы. 
Араб халифатының гүлденуі. Осман империясы кезіндегі жандануы. 
Батыс Азия халықтарының қалыптасуы. Ирандықтар. Түріктер. Арабтар. 
Этносаяси үдерістері.
Негізгі және қосалқы шаруашылығы. Соқалы егіншілік және 
көшпенділік. Меридианды көші-қон. Эгей, Мәрмәр және Жерорта теңіздері 
жағалауларындағы егіншілік. Ирандағы жерді игерудегі ортақ жүйе. Қосалқы 
шаруашылық. Қолөнершілер. Материалдық мәдениет. Селолық қоныстар. 
Көшпелі баспаналардың түрлері. Ауыл тұрғындарының дәстүрлі ыдыс-
аяқтары. Дәстүрлі киімі. Тағамы. Қозғалыс көлік құралдары. 
 
Отбасы және отбасылық қарым-қатынас. Көп әйел алушылық 
(полигамия). Қоғамдық қатынастар. Ирандағы жер иеленудің архаикалық 
қауымдық жүйесі. Архаикалық патриархалды дәстүр: көршілік өзаракөмек, 
тайпалық-қауымдық демократия (Ауғанстан көшпелілеріндегі джирга), қанды 
кек. Тайпалық-қауымдық ұжым. Рухани мәдениет. Халық шығармашылығы. 
Діні. Батыс Азия халықтарының этномәдени үдерістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет