99
саладағы негізгі ғылыми зерттеулерге аналитикалық шолу жасай отырып
таныстыру.
Пәннің міндеттеріне этнология ғылымының теориялық негіздерінен
басқа «Археология және этнология» мамандығындағы студенттерді әлемдік
кеңістікте этноспен болып жатқан этникалық үдерістермен, сондай ақ
жаһандану дәуіріндегі этникааралық, мәдени және конфессияаралық
коммуникация теорияларының негіздерімен де таныстыру жатады.
«Этнологияға кіріспе» пәнін оқыту мамандарды дайындауда аса
маңызды, себебі, бұл курста этнос теориясының ұғымдары мен терминдері,
этножанжалдың негізгі теориялық мәселелері қарастырылады.
Пәнді оқу барысында студент салыстырмалы-тарихи әдісті қолданады,
этнология - пәнаралық археология, социология, антропология, мәдениеттану
т.б. пәндердің әдістеріне сүйенеді.
«Этнологияға кіріспе» пәнінің негізгі ролі «Археология және этнология»
мамандығындағы студенттерде кәсіби білім мен этнографиялық
материалдармен жұмыс істеуге дағдысы, бір не бірнеше этностардың
қатысуымен болып жатқан қоғамдағы әртүрлі үдерістерді талдай білуге,
сондай ақ қажет жағдайда этникааралық коммуникация мен этножанжал
саласында алған білімін іс жүзінде қолдана алуға икемі болу керек
«Этнологияға кіріспе» пәні гуманитарлық пәндер қатарынан орын
алады, сондай ақ кәсіби-этнологтарды дайындауда логикалық тұрғыдан да
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: