5В020800 «археология және этнология» мамандығы бойынша


EK 1302 ЭТНОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет163/359
Дата06.02.2022
өлшемі1,54 Mb.
#81513
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   359
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

EK 1302 ЭТНОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ 
 
Көлемі - 2 кредит 
Құрастырушылар: 
Қалшабаева Б.К.- тарих ғылымдарының докторы, археология, этнология 
және музеология кафедрасының профессоры 
Құлсариева С.П. - тарих ғылымдарының кандидаты, археология, 
этнология және музеология кафедрасының доценті 
Пікір жазғандар

Тоқтабай А.У. - тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы 
Тарих және этнология жетекші ғылыми қызметкері 
Хабижанова Г.Б. - тарих ғылымдарының докторы, 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Этнологияға кіріспе» пәні этнология ғылымының терминдік-
анықтамалық аппаратын, этнографиялық деректер мен зерттеу әдістерін, 
этнология ғылымының қалыптасу тарихын, этнологиялық мектептер мен әлем 
халықтарын классификациялау принциптерін, этнос теориясын, этногенез 
және этникалық тарихтың теориялық аспектілерін, мәдениет және этникалық 
психология негіздерін, этникааралық коммуникация, этникалық жанжал оны 
шешу және болдырмау жолдарының концепцияларын оқытады.
«Этнологияға кіріспе» курсында этностың дамуына қатысты жалпы 
заңдылықтар, этникааралық қатынастар, этнос теориясы мен этникалық 
мәдениет мәселелері қарастырылады. Курста сондай-ақ этникааралық 
коммуникация, этникааралық жанжалдар және этномәдени өзара ықпалдастық 
теорияларын да оқып үйренуге көңіл бөлген.
Курс барысында студенттер қазіргі қоғамның дамуымен этникалық топ, 
этникалық және мәдени үдерістер ролін, этникааралық қатынастар мен 
әлемдегі этносаяси ахуалдармен таныс бола алады.
«Этнологияға кіріспе» пәнінің пререквизиттері: «Адамзаттың 
тарихилыққа дейінгі эволюциясы», «Археологияға кіріспе», «Қазақстан 
тарихы». Пәндердің осындай кезектілігін сақтау «археология» және 
«этнология» пәндерін оқытудың принципі мен кешенді тәсіл талабынан және 
оларды оқытудың үзіліссіздігімен тарихи үдерістің ішкі логикасынан көрініс 
табады. Аталған пән әлеуметтік және мәдени антропология, этнография, 
социология, мәдениеттану, этникалық психология ғылыми бағыттарымен де 
тығыз байланысты. Пәнаралық «Тарих», «Мәдениеттану», «Социология», т.б. 
пәндермен сабақтасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет