«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


$$

«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін

2-004-000.2.4 Дәріс №4


бет10/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4.
Тақырыбы: Этнолингвистикалық арналар

  1. Баламалар. Тұракты теңеулер

  2. Этнолингвистикалық фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер

  3. Ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар

&&&
$$$002-004-001$3.2.4.1Баламалар. Тұракты теңеулер


Тілдің лексика-семантикалык қорын дамытудың, байытудың көздері орасан көп. «Негізгі және туынды мағыналық бірліктер» деп аталған бұл екі топты сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да байытып, оны этнос туралы небір құнды дерек-мағлұматтармен толыктырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің басқа да көздері бар. Біз оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атадық. Олар сан алуан бұлақтан бастау алып, «тіл әлеміне» келіп кұйылып жатқан 6 арнадан тұрады.
Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.
Баламалар. Бұларға тіліміздегі негізгі атауларды бейнелі түрде суреттеп беруден туындаған (мыс, көмір — «қара алтын», теле­визор — «көгілдір экран» т. б.) жасанды баламалар (перифраздар) мен әр түрлі наным-сенімге, әдет-ғұрыпқа (ат тергеу, көңіл айту, ұятты сөзден қашу, т. б.) байланысты тыйым салынған «табу» сөздерді (бөрі — «қарақұлак», жылан — «түйме» т. б.) алмастыратын эвфемистік баламалар жатады. Тілімізде мыңдап саналатын бұл ба­ламалар да рухани дәстүрге, тіл табиғатына, этностык дүниетанымға тікелей қатысы бар ерекше құбылыстың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет