«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


Ұлттық дүниетанымға қатысты ТТ



бет23/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

Ұлттық дүниетанымға қатысты ТТ
Қазақы дүниетанымды бойына сiңiрген бейнелi сөз өрнектерiнiң ұлттық табиғаты халық өмiрiмен‚ салт-дәстүрiмен‚ наным-сенiмдерiмен‚ халықтық пайымдауымен астасып‚ үндесiп жатады. Мысалы, өз басында билiгi жоқ‚ әркiмнiң жетегiнде жүргендi‚ жеңiлтек желкүйездердi қазақ Жиренше шешенге қатысты аңызда айтылатын ұшарын жел‚ қонарын сай бiледi нақылымен әсерлей айтады. Ш.Мұртазаның еңбегiнен мысал келтiрейiк: «Атамекенiң‚ алтын бесiгiң – Қазақстан. Одан тамырың үзiлiп қалмасын. Қаңбақ дейтiн шөп болады‚ қауқиған шар сияқты‚ тамыры осал болады. Жел тұрғанда тамыры үзiлiп‚ домалай бередi. Ұшарын жел‚ қонарын сай бiледi. Қаңбақта отан болмайды. Сондайдан сақтасын. Отаның Қазақстан‚ Ескендiр, естiдiң бе?» .Мұртаза Ш. Тамұқ. -Алматы: Ата мұра -Қазақстан.1994.Осы оралым «қаңбақ» өсiмдiгiнiң биологиялық сипатын пайымдай бiлген халқымыздың тамыры осал қаңбақтың отандық сезiмi‚ намысы осал адаммен ұқсастығын шендестiре‚ салыстыра бiлгендiгiнен тiлдiк қолданысқа енген. Өсiмдiктiң жаратылысына сай құбылысын оңтайлы тауып‚ адам бойындағы мiнез сипатына ұтымды теңестiру нәтижесiнде: қамыстай жапырылу‚ шыбықтай майысу. / «Аю алып батыр сияқты. Бауырына кiрiп кеткен Алешка шыбықтай майысты [134.Кеңесбаев 1. Қазақ тiлiнiн фразеологиялық сөздiгi. -Алматы: Ғылым. 1977. -711 б.134. 280]/: қауға тиген өрттей және ебелек қағу т.б. ТТ-терi түзiлген. Ебелек қақты фразеологизмнiң бәйек болған‚ қалбалақтаған‚ ұшып-қонған мағынасына негiз «ебелектiң« жел соғар соқпастан қимыл-қозғалысқа келiп‚ қалбалақтауы. Ебелектiң алғашқы түбiрi «ев» немесе «еп» тұлғаларының өзi-ақ «жедел қимылдау»‚ «асығу» мағыналарын берген. Әрi дәрменсiз‚ әлсiз‚ ұшып-қонған жеңiлтек‚ ұшқалақ адамды да ебелекке ұқсатып жатады. «Ебелек қағу» фразеологизмiнiң қалыптасуына «ев»‚ «еп» тұлғасының асығу‚ қалбалақтау мағынасы тiрек болған.
Жер жағдайын бажайлауға келгенде де қазақтан сыралғы жоқ болар: жердiң соны шөбiн киiк бiлер‚ жайылым жердiң көкорай шалғынын құнан бiлер /Қорқыт/; ат жемейтiн ащы шөптiң гүлденiп өспегенi жақсы; көкек ұшпас‚ көкпек шықпас жер; жерiңдi баптай бiлсең‚ астықты қаптай бiлесiң; сайдың шөбiн жеген бiлер‚ түздiң шөбiн бөкен бiлер т.б.
Табиғат құбылысын сипаттайтын: күн бiр жауса‚ терек екi жауады мақалын Р.Г. Ахметьянов «қырғызда terngerim bir зaasa, tegerim eki зaajt. Если бог мой дождит раз‚ terek мой дождит дважды говорят о том‚ что слово terek означало защитника» деп көрсетедi. Әрине‚ терегiң болса‚ тiрегiң болар немесе татардың bilancikbasybisterаk, bilgitiktailutyrt /Исәнбәт, /III,71/ иелiгiнде бес терек белгi тiк те‚ ел қондырт тiркестерiнде терек [111.Ахметьянов Р.Г. «Лес»‚ «Дерево»‚ и «Барс» у тюрков //Советская тюркология. 1980. N5.90 б.] сөзi қорған мағынасында тұр. Ал күн бiр жауса‚ терек екi жауады мақалының қалыптасуына iркiлiп жиналған жаңбыр суының лүп еткен желден қозғалысқа енген жапырақтардан шайқалып төгiлуi себепшi болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет