Сабақ М.Өтемісұлы «Бағаналы терек» өлеңіндегі астарлы ой «Бағаналы терек»



бет1/3
Дата11.12.2022
өлшемі341 Kb.
#162323
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қазақ әдебиеті М.Өтемісұлы «Бағаналы терек» өлеңіндегі... ....Өдері және тарихи шындық. тақырыбына арналған презентация, 9 сынып
Батыстық өркениет, Глосаррий, 8сын алг 1ток
  • Әдебиет
  • 9-сынып
  • М.Өтемісұлы «Бағаналы терек» өлеңіндегі астарлы ой. М.Өтемісұлы өлеңдері және тарихи шындық.
  • 13-14-сабақ
  • М.Өтемісұлы «Бағаналы терек» өлеңіндегі астарлы ой
  • «Бағаналы терек» – Махамбет өлеңдері ішіндегі еркше орын алатын өлеңнің бірі. Бұл өлең ақын өмірінің кезіндегі көңіл күйінің көрінісі деуге болады. Исатай өлгеннен кейін Махамбет көтерілісті қайта ұйымдастырмақ болып, көп әуреленеді. Бірақ хан-сұлтан, би-феодалдардың көтеріліске қатысушыларға қолданған қатал шаралары елді бас көтерместей етіп тұқыртып тастады. Мұны Махамбет жақсы түсінді. Елді ереуілге көтеруге белгілі бір жағдай керектігін де аңғарды. Жарылған бағаналы тереке бақыраш жамауға болмайтыны тәрізді, жеңіліске ұшырап, бытырап кеткен елдің басын қайта біріктірудің қиындығын да білді. Халықты хан әулетіне қарсы қанды айқасқа, кек алуға үндейді.
  • Бағаналы терек жарылса,
  • Бақыраш жамап болар ма?!
  • Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
  • Еменге иір бұтақ бітсейші
  • Қыранға тұғыр қыларға.
  • Ханнан қырық туғанша,
  • Қарадан бір-ақ тусайшы,
  • Халықтың кегін қусайшы,
  • Артымыздан біздердің
  • Ақырып теңдік сұрарға
  • Махамбет «Бағаналы терек жарылса» деген өлеңінде әр бір тармаққа астарлы ойды сыйдыруға тырысқан.
  • бағаналы – мықты діңгек;
  • бақыраш – теңіздегі тас қабыршағы; қыран – ел басшысы.
  • емен – аласа болғанымен, саясы мол; қарағай – сұлу, биік ағаш, алайда емен сияқты саясы мол емес;
  • Қыранға, яғни ел басшысына лайық тұғыр – емен ағашының бұтағы көп болса дегені, артынан ерер жолдасы, әскері көп болса деген арманнан туған жолдар.
  • «Бағаналы терек» өлеңінң идеясы
  • Ақынның көркемду құралдары бұл өлеңінің алғашқы бес тармағында түгелге жуық жоғарыда біз мысалға келтіргендей ағаш пен құстардың қасиеттері мен әрекеттеріне негізделген. Сонымен қатар ойлана көз жіберген кісі ғана байқай алатын терең мағыналы астарлаудың үлгісін аңғаруға болады. Елдің теңдігін сұрап, ерлердің кегін алатындай қарадан туған азамат болса екен деген тілекті ақын тура да, бұрма да мағынасында қатар келтірген. Еменге иір бұтақтың бітуі қыранға тұғыр болу үшін қажет дегеннің астарында елге пайда келтіру, халыққа адал қызмет ету идеясы жатқанын аңғармау мүмкін емес.
  • Махамбеттің жыр еткен тақырыбы – ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден гөрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет