5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет50/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Уақыт пен кеңістік: заманалы басылымдардағы ақпараттық ағым  
сипаты 
 
Уақыт  пен  кеңістік  ұғымы.  Қазақ  журналистикасының  әлемдік 
ақпараттық кеңістіктегі орны, оның нарықтық экономикаа дәуіріндегі  басты-
басты  міндеттері,  журналистика  мен  публицистика  феномені,  жанрларды 
топтастыру  принциптері,  олардың  қызметі  туралы  түсінік.Жанрларды 
жіктеудің классикалық төрт белгісі. 
     Қазіргі  ақпарат  жанрының  ерекшелігі,  оперативтілік  негіздемесі 
(жаңалық,  лид,  хабар,  ақпарат,  хроника,  түсіндірмеленген  факт),  ақпаратты 
пішіндік және мазмұндық жағынан түрлендіре беру әдістері, дербес ақпарат, 
ақпараттар  блогы.  Стандартты  ақпарат,  мәтіндемелер,  хроникалық  хабар. 
Ақпараттар 
топтамасының 
талдамалық 
сипаты, 
ақпараттардың 
коммерциялық, жарнамалық табиғаты.  
Ақпараттардың  тақырыптық,  географиялық  (аймақтық)  принципі, 
авторлар  категориясы  және  оқиғаның  өткен  уақыты  бойынша  жіктелуі, 
тектес ақпараттар тасқыны. 
     «Қазіргі  журналистиканың  жанрлық  пішіндері  мен  қызметі»  пәнін 
студенттерге оқытудағы негізгі мақсат:  


34 
 
– Қазіргі  ақпараттық  кеңістікте  қалыптасқан  тенденцияларға  баға  беріп, 
теориялық жағынан байыптама жасау; 
– қалыптасқан  жанрлар  жүйесінің  пішіндері  мен  функциясының  өзіндік 
заңдылықтарын зерделеу; 
– студенттерді  жекелеген  жанрлардың  өзіне  тән  эволюциясы  мен 
ерекшеліктерін ажырата білуге баулу; 
– оларға  әр  жанрдың  атқарар  міндетін  теория  және  практика  жүзінде 
ұғындыру; 
– шєкірттерге  дәстүрлі  жанрлар  модельдерін  толысу,  даму  үдерісінде 
көрсету; 
– баспа  өнімдерін,  мәдени  өмірдегі  құбылыстарды  рецензиялау  және 
жарнамалау ісін теория және практикалық істе үйрету; 
– студенттерді  қазақ  және  шет  ел  танымал  журналистерінің  ақпаратты, 
талдамалы,  деректі-көркем  жанрлық  мәтіндерінің  озық    үлгілерімен  жүйелі 
таныстыру; 
– жазу мәдениеті мен стилін қалыптастыруға ықпал жасау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет