32
Әлемдегі объективті құбылыстар, мультимәдениет ықпалы, ғылыми-
технологиялық прогресс, нарықтық қатынастар және әлеумет өміріндегі
іргелі өзгерістер кезеңіндегі баспасөз тіршілігіне, публицистиканың жалпы
мәселелеріне тек журналистика теориясын жасаушылар, практик-мамандар
ғана араласып қоймайды, оған қоғамымыздың белсенді секторы, жасампаз
бөлігі ынталана ат салысады. Журналистика және функционалдық шеберлік,
әлеуметтік журналистика, интернетжурналистика ұғымдарының өзі кәсіби
шеңберден асып, елдің күнделікті тіршілік салтына, халықтың рухани
азығына, өмір сүру әдебіне, пәрменді пікіріне айналды, ұлттық құндылық
деңгейіне көтерілді.
Студенттер «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен қызметі»
теориялық сабағынан алған білімін іс жүзінде тиянақтайды, жоспарлы
пысықтайды.
Шәкірттерге
ұсынылар
теориялық-методологиялық
қисындарға қазақ және шет ел баспасөзіндегі, интернет сайттарындағы
жарияланымдар, түрлі-түрлі журналистік мектептердің өнегелері, белгілі
ғалымдардың зерттеу үлгілері таяныш болады.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттерге қойылатын құзыреттер:
- көсемсөз жанрларының теориясы мен практикасын жақсы білуі тиіс;
- білікті болуы тиіс;
- құзыретті болуы тиіс;
- журналистикатану саласындағы білімін ұдайы жетілдіруге тиіс;
- қазіргі журналистика мәтіндерінің жаратылыс пен әлеуметтік
үдерістердегі орны мен ролін нақты ұғынуы тиіс;
- қазақ және халықаралық журналистика шеберлерінің ой өрісі мен
тақырыпты игеру динамикасын байыптап, заманалы журналистика жанрлық
пішіндерін өмір шындығымен тығыз байланыста қарастыруға тиіс;
- хабарлама, талдамалы және деректі-көркем журналистика әдіс-тәсілдерін
меңгере отырып, студент тарихи сабақтастық, жанрлар қызметінің
ерекшеліктерін айқындауға тиіс;
- студент қазіргі журналистика функцияларын жадында сақтап, өзіндік
жазу мәнерін іздеп,шеберлігін ұштай түсуге дағдылануға тиіс;
Пәнді игеру процесінде студенттер мынадай нәтижеге жетеді:
- қалыптасқан теориялық ережелерді практикада ұтымды қолдана біледі.
Пәннің ізашарлары: «Журналистика негіздері».
Пәннің ізбасарлары: «Талдамалы журналистика».
Достарыңызбен бөлісу: