Мұстафа Шоқайұлы - көсемсөз шебері әрі редактор. Мұстафа Шоқай және "Яш Түркістан" журналы Мұстафа
Шоқайұлының
"Яш
Түркістан"
журналында
саяси
аналитикалық талдау мақалаларға көбірек орын беруі. Журналды жарыққа
шығару мен тақырып таңдаудағы басты ерекшіліктер. Мұстафа Шоқайұлы
кеңестік коммунистік саяси жүйенің қазақ ұлтына, төрүктектес ұлт пен
ұлыстардың қалыпты дамуына тигізген зиянын әшкерелеуде баспасөзді
басты құрал етуі.
1920-30 жылдары кеңестік Қазақстанда орын алған қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дағдарыстардың баспасөз бетіндегі көріністері 1920-24 жылдар аралығын қамтыған Қазақстанда орын алған қолдан
жасалған лениндік ашаршылық пен 1930-34 жылдар аралығын қамтыған
сталиндік ашаршылық саясатының ұлттық баспасөз бетінде жазылу
ұстанымы және оған қарсы қылмыстық жазаға тарту науқаны. 1920
жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдардағы рухани дағдарысқа
мәжбүрлеген тұтынып келген жазу үлгісін ауыстырып, латын графикасын
күшпен алдыру үдерісі және оған қарсы алаш арыстарының күресі. 1930
жылдарды қамтыған кеңестік қызыл империяның қазақ қоғамындағы екі
дүркін жүргізген қуғын-сүргін науқаны ұлт ретінде өмір сүруіне орасан зор
қауіп төндіргенін жазған алаш азаматтарының қалдырған мұрасы. Баспасөз
жарияланымдары азаматтық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толықтыру
мен нақтылауда сүйенетін деректер.