54
Олардың
ауызша
және
жазбаша
жұмыстарының,
түсірілген
бейнесюжеттерінің,
жазылған
аудиотаспаларының
лексикалық,
грамматикалық, синтаксистік жағынан ойға қонымды болумен қатар, құлаққа
жағымды естілуіне мән беруге баулу керек.
Тіл құралын баспасөзде, телевизия мен радио материалдарында орынды
да сауатты қолдана білу шеберлігіне үйрету қажет. Болашақ журналистерге
публицистикалық жанрлардың тілі мен стилі туралы тиянақты білім беру
назарда болуы тиіс.
Сонымен қатар, студенттердің баспасөз тілінің, телерадио
коммуникациясы мәдениетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу
маңызды,
ауызша
және
жазбаша
жұмыстарының
лексикалық,
грамматикалық, синтаксистік жағынан дұрыс болуымен қатар тілі мен стилі
жағынан жатық әрі сауатты болуына мән беру.Осы пәнді оқу барысында
болашақ журналист әрбір жанр мен формалардың өзіндік тілдік, стильдік
ерекшелігін білуі тиіс. Әр түрлі тақырыпта материал жазғанда, басылымның,
телерадиоарнаның өзіндік ерекшелігіне сәйкес сөз қолдану тәсілдерін таңдай
білуге дағдылануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: