Журналистің өзіне тән жеке стилі. Газет жанрларының тілі мен
стилін әсерлеу жолдары
Әр жазушының өз стилі болады. Өйткені, жазушылық – өнер. Ал,
журналистика – кәсіп. Сондықтан әр журналистің өз қайталанбас стилі
болады деп айта алмаймын. Тілшілердің дені жалпыға ортақ
публицистикалық стильде жазады, бәрі қолданатын сөз тіркестерін, тілдік
оралымдарды ол да қолданады. Мен бұл ретте «әр журналистің өзіндік
стильдік ерекшеліктері болады» дер едім. Егер, маған әріптестерім жазған
мақалаларды оқытса, мен қайсысын кім жазғанын айтып бере аламын. Неге?
Өйткені, редакциямыздағы әр тілшінің жиі қолданатын сөздері, тіркестері,
өзіндік жазу ерекшелігі болады. Ол жазған дүниесінен бірден көрініп тұрады.
Стилі қалыптаспаған журналист те журналист. Ал стилі қалыптасса, ол –
журналистиканың шыңына жеткен шебер. Өз стилі қалыптасу үшін, өз стилін
табу үшін дейікші, адам көп еңбектенуі тиіс, ізденуі қажет. Ол тың жерді
игерумен бірдей. Болашақ журналист, алдымен көп оқу керек. Одан соң
барлық саладағы білімдерін шыңдаулары қажет. Ал, нағыз стиль –
шығармашылық процесс кезінде қалыптасады. Ол үшін осы салада қажырлы
еңбек ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |