5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет74/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

Пәннің  мақсаты:  ұлттық  баспасөз  тарихының  тууы  мен  қалыптасуы, 
алғашқы  көсемсөзшілер  мен  газет-журнал  редакторлары,  олардың  шеберлік 
мектебінен  тәлім  алу;  баспада,  газетте,  радиода  және  телевизияда  жарыққа 
шығаруға  дайындау  үшiн  журналистiк  шығарманың  мәтiнiмен  редакторлық 
жұмыс  жүргiзудiң  теориялық  негiздерiн  және  кәсiби  тәсiлдерiн  меңгеруге 
көмектесу.  
Пәннің  міндеттері:  студенттерге  қазақ  журналистикасының  тарихын 
оқытудағы  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  негізгі  ұстанымдар.  1905  жылдан       
бергі  кезең  аралығындағы  қазақ  журналистикасының  өткен  жолы  жөнінде 
кең және жан-жақты мағлұмат ұсыну; 

 
қазақ газеттері мен  журналдарының бағыт-бағдарына, мән-мазмұнына 
олардың  жарық  көрген  уақытындағы  саяси-әлеуметтік  жағдайларға  сәйкес 
баға беру; 

 
қазақ баспасөзі тарихындағы "ақтаңдақ" тұстарға ерекше назар аудару; 

 
студенттерге  қазақ  журналистикасы  тарихының  проблемалары 
бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жазуға  ықпал  ету.  Ең  алдымен  оның 
"Қазақстан тарихы" пәнінің негізінде барлык қоғамдық, саяси кезеңдермен 
байланыстырыла  оқытылатынын  ескертіп  өтер  едік.  Себебі,  әр  студенттің 
бойына  қазақ  журналистикасының  өткен  дәуірлердегі  жинақтаған  мол 
тәжірибесін,  шығармашылық  ізденістері  мен  шеберлік  жетістіктерін 
дарыта білу бүгінгі күннің ең басты міндеті болып саналады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет