5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет3/5
Дата25.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#7669
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:3,4,9,10,12

Қосымша: 5,8,10,11,12,13
Дәріс 9. Интернет журналистикадағы гипер мәтін түсінігі
1.Интернет журналистикадағы гипермәтінділік. Гипер мәтіннің мүмкіндіктері.

2.Гипермәтіннің классификациялануы.

Ең алдымен, интернет-журналистика мультимедиалығы-мен ерекшеленді. Мәселен, қағаз басылымдар ақпаратты мәтіндік және графикалық тәсілмен, телевизия – видеоқатар мен дыбысты пайдаланып, ал радио-дыбыс арқылы жеткізеді. Интернетте осының барлығы қолданылады. Яғни мультимедиалық кеңістікте ақпаратты мәтіннен бастап видеоға дейінгі барлық амал-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуге болады.

Мультимедиа – компьютерлік қосымшаларда ақпарат беру тәсілдерінің (мәтін, дыбыс, сурет, видео) барлығын кешенді түрде қолдану.

Интернеттің мультимедиа сияқты тағы бір маңызды (басты) қасиетінің (ерекшелігі) бірі – уақытқа тәуелсіздігі және сол сәтте ақпаратты архивациялауға қабілеттілігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарын біз шынайы уақыт режимінде және кейінді уақыт режимінде жұмыс істейтін деп 2-ге бөлеміз. Алғашқыларының қатарында тікелей эфирге шыға алатын теледидар мен радионы атасақ, ақпаратты белгілі-бір уақыт өте жариялайтын, яғни «кейінгі уақыт режимінде» жұмыс істейтін газет-журналдарды екінші топта қарастырамыз.

Интернетте бұл режимдердің екеуі де қамтылған. Сондай-ақ, оның қайсысы қолданылса да, сайтта ақпарат пайда болысымен, сол сәтте архивтену процесі де қатар жүреді. Арада қанша уақыт өткеніне қарамастан, юзердің сұрауы бойынша кез-келген ақпарат сұрыпталып, шексіз мәрте ұсыныла береді. Интернет-басылымдарда жарияланған барлық материалдар арнайы «АРХИВ» деп аталатын сілтемелерде сақталады. Негізінен, онда тақырыптық емес, даталық іздеу салу ұсынылған. Гипермәтіндік іздеу тәсілін тек интернетте ұзақ уақыт шығып тұрған газеттер қарастырған.

Гипермәтін (hypertext) – компьютердегі барлық деректер базасын, сондай-ақ құжаттарды ақпарат алуды жеңілдету үшін белгілі-бір жүйемен сұрыптауды ұйымдастыру. Пайдаланушы сілтеме жасаған кезде оған белгілі-бір ассоциативтік байланыс арқылы арнайы тақырыптарға жүйеленген ақпарат ұсынылады.

Гипермәтін үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеген кезде аса қолайлы. Гипермәтіндік программалар – браузерлер (browser) – берілген тапсырма бойынша ақпарат іздестіруде түрлі амал-тәсілдерді ұсына алады. Ең алғаш (1965 ж.) hypertext терминін енгізген Теодор Нельсон. Нельсонның гипермәтінге берген анықтамасы: «сұрау бойынша тарауланып, жүзеге асатын арнаулы жазу түрі (форма письма, которое ветвится и/или осуществляется по запросу)».

Өмірге келген журналистиканың жаңа түрі осы саланың мамандарынан қандай да бір арнайы, ерекше қабілет-қарымын талап еткен жоқ. Ол бұрынғысынша қоғамдағы өзекті мәселелерді жазуды жалғастырды, тек оны ұсыну формасы жаңарды.

Ең алдымен, интернеттегі журналистік туынды қысқа әрі нұсқа жазылуы тиіс. Есте ұстайтын басты нәрсе: жазылып отырғаны – жай мәтін емес, гипермәтін. Сондықтан «толығырақ мына жерде», «оны мына жерден көресіз» (можете узнать/увидеть здесь) деген сияқты сілтемелерді пайдалану арқылы материалдың бағасы артады.

Интернет – журналистиканың тағы бір аса маңызды ерекшелігі – оның интерактивтілігінде. Яғни, оқырмандармен жедел түрде байланысқа шығу қабілеттілігінде. Оның бірнеше амалы бар: меймандар кітабы, түрлі форумдар, кері байланыс адрестері.

Интернет - журналистиканың тілдік ерекшелігі – оның еркіндігінде. Әлемторда жарияланған журналист туындысы қоғамда бекіп қалған ұстанымдарды, ережелерді мойындамауы да мүмкін. Дегенмен де, ол аудиторияның талап-талғамын қанағаттандырып отырғаны рас. Жүйедегі жарияланымдардың оқырмандарын алғашқы кезде осы фактор тартатын. Интернетке бас сұқсақ, онда негізінен, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының интернет нұсқалары ұсынылғанын байқар едік. Таза жүйелік басылымдар (шетелде болсын, Қазақстанда болсын) саны қалай болғанда да басқа БАҚ сайттарынан аз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 1,3,9,10,12,13

Қосымша:1,3,4,8,9,10,12,13
Дәріс 10. Интернет БАҚ. Конвергентті редакцияның жұмысын ұйымдастыру

1.Ақпараттың үш циклы

2.Конвергентті редакцияның жұмысын жоспарлау

3.Жаңа медиадағы жаңа мамандықтар

Қазіргі таңда журналист қауымы үшін блогты қарапайым вебсайтқа қарағанда демеп отыру да, жаңарту да оңай. Блогтық тұғырнамалар (немесе серверлер) постингтің өзіне тән бірнеше әдістеріне негізделген.

Әуелде блогтардың танымал болуына әсер еткен жәйт, яғни блог әлеміне арналған техникалық кілт - RSS (Really Simple Syndication) арналары. RSS-тың базалық элементі саналатын, блог автоматты түрде жасайтын XML (eXtensible Markup Language) файлдары. Блог автоматты түрде генерирация жасағандықтан, ол басқа сайтқа немесе блогқа сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Сіз RSS арнаны «синдикаттағанда», ол блог хабарламасының атауын сіздің Outlook әлде Thunderbird пошталық бағдарламалардың жаңалық есептегішінде (news reader) немесе тікелей сайтта және блогта орналастырады. Блогты жаңалағанда RSS арна да жаңарады және ақпарат автоматты түрде жедел тарайды. Хабарламаны уақтылы жаңартып тұру үшін блоггерлерге білу өте маңызды.

Блогтың келесі бір техникалық құралы – онда орналастырылған материалдың жарияланғанын көрсететін кері сілтеме (trackback). Бұл технология интернет платформаларының көбінде қолданылады. Хабарлама блогта орнатылған кезде, бет жаңарғанда автоматты түрде хабарлайтын және осы сайтта орналасқан барлық сайттардың немесе түсіндірмелердің тізімін жасауға мүмкіндік беретін кері сілтеме қосылуы мүмкін. Екінші жағынан блогқа біреу дәйексөз келтіргенде, курсор бұл дәйексөз туралы ақпараттанып, хабарламаның жанынан осы тақырып бойынша басқа адамдардың шағын мақалаларына сілтеме пайда болады. Өз материалыңыз турасында басқа біреудің еске салғанын білу әрқашан қызықты. Сонымен қатар, материалды тарату және өз блогыңды танымал ету мүмкіндігі туғаны туралы хабардар болған тиімді.

Алдымен жеке бет ашу үшін қажет түсіндірмелерге мән берейік: Блог-тұғырнама (блогохостинг, блог-қызмет) - бұл блог жүргізуге арналаған барлық функцияларды қамтитын қызмет көрсету қозғалтқышы. Егер пайдаланушы веб-сервистермен жұмыс істей алса, тұғырнаманы өз талғамына ыңғайлап, түрлендіре алады. Блог - тұғырнамалардың бірнеше түрі бар:

- Кәсіби: пайдаланушыға арнайы жеке блог тұғырнамасы ұсынылған, мұнда, қалпына келтіру функциясы пайдаланушының ұсыныстарына сай жасалған. Әдетте, пайдаланушы тұғырнаманың кодын пайдалануға құқысы жоқ;

- Жартылай кәсіби: пайдаланушы тұғырнаманы жалға алады (кейде бірнеше тұғырнамадан біреуін таңдауға мүмкіндігі болады). Жеке қалпына келтіру функциясы болмайды. Файлдар хостинг (ақпаратты сервисте сақтау функциясы) арқылы сақталады.

- Бұқаралық: пайдаланушыға сервис мүмкіндіктері жалға беріледі және тіркеу жазбасы ұсынылады. Пайдаланушы барлық мәліметке тікелей қол жеткізе алмайды, тек қана тұғырнаманың негізгі мәзіріндегі мүмкіндіктерін көре алады.

Кәсіби немесе жартылай кәсіби блог-тұғырнамалар әдетте ақылы, себебі бұл модель хостингті ұсынып, блог жүргізуге арнайы бағытталады және қосымшалар мен сервисті жалға береді. Бұқаралық блог-тұғырнамалар тегін, себебі олар хостингті емес, бұқаралық веб-сервисті ұсынады. Бұқаралық блог-тұғырнамалар өзіндегі әлеуметтік байланыстың басымдылығымен, белсенділігімен көзге түседі. Ең таңымал блог-тұғырнамалар мыналар: Ресейлік: Блоги@Mail.Ru, Lj.Rossia.Org, Liveinternet, Diary.ru, Journals.ru, Mylivepage.ru, Blogonline.ru, Bloground.ru, Privet.ru, Beta.ya.ru, Blog.ru, Presscom.org, Blog-buster.ru, Webblog.ru. Белоруссиянікі: ByJournal, Украинанікі: Messages.com.ua

Басқалар : MySpace, Livejournal, Blogger, Typepad, Windows Live Spaces, Netlog, Wordpress. 2007 жылдың қараша айында блог порталдардың қолданушылар санына негіздеп, «Nielsen Onlinе» статистикалық мәлімет жариялаған еді. Алғашқы ондыққа кірген блог порталдарды төмендегі тізімнен көруге болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 9,10,12,15

Қосымша: 1,4,5,8,11,12,13

Дәріс 11. Мультимедиялық журналистің (Веб журналист) қызметі
1.Бағдарламалық қамтылу.

2.Провайдерлер.

3.Сайт құру кезеңдері.

Вебсайттарды жаңарту процесін жеңілдететін бағдарламалар арқасында блогтар дүниеге келгені жасырын емес.

Блогты жүргізу үшін қажетті бағдарламалық құралдар ең алдымен, пайдаланушыларға ыңғайлы интерфейсті (веб-браузер арқылы қолдана алатын және контентті ақпаратпен толықтыруды), архив пен іздеу барысын динамикалық түрде басқаруды қамтамасыз етуі керек. Блогта орналастырғаннан кейін де өзгермей, тұрақты болып қалатын интернеттік екі адрес болады: жалпыға ортақ, қоғамдық кіру адресі және блогты жасаған адамға тиесілі, басқарып, өзгеріс енгізу үшін арналған, парольмен қорғалған адрес. Блогты блог-қоғамдастығына қосуға немесе өз серверіңізде орналастыруға болады. Жұмыс жасап жүрген тұғырнамада блогты орналастыру әдетте бірнеше минут қана уақыт алады. Сіз клавиатурада пайдаланушы есімін және паролін тересіз. Содан кейін пернені бірнеше рет шертесіз, блог қосылады. Егер сіз блогты «тек қарап көру үшін» жасасаңыз, онда мына тәсіл жарамды. Себебі оның құны қымбат емес (ең көп дегенде - айына бірнеше евро), қоғамдастықпен қамтамасыз етілетін трафиктің (интернет арқылы таралатын ақпарат көлемі) және қоғамдастықтың әйгілі болуына байланысты ыңғайлы, жылдам және тағы да бірқатар артықшылығы бар. Десек те, мұның кейбір кемшіліктері жоқ емес. Интерфейс және нақтырақ сипаттама жасау үшін мүмкіндіктің шектеулі болуы, сонымен қатар жарнама орналастырудың оңай болмайтындығы. Мұндағы ең үлкен қауіп - тұғырнама жұмысының тоқтап қалуы.

Блогтар үшін арналған құралдар – бұл серверде орналастырылатын бағдарламалық қамтамасыздандыру, сайттарды автоматты түрде қосуға арналған скриптер және жарияланған материалды сақтауға арналған мәліметтер базасы. Орнатылғаннан кейін бұл құралдар стандартты веб-браузер арқылы жұмыс істейді. Бұл ретте блогты орналастыру және жіберу үшін ешқандай арнайы білім, мысалы, HTML-ды білу қажет емес. Бірақ инсталляция, конфигурация таңдау және рұқсат ету қағидаларын орнату, мәліметтер базасан жасау, FTP-жүктеуді (FTP-loading) орнату бірқатар қиындықтар туғызуы мүмкін.

Блогтардың сыртқы келбеті қандай болғаны жөн?

Әдетте тұғырнама белгілі бір түс, қаріп, бет интерфейстер таңдауын ұсынады. Бұл мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін бірнеше блогты қарап шығыңыз. Көптеген ақысыз қоғамдастықтар блоггерлерден әрбір бетте жарнама енгізуін талап етеді.

Енді ұсынылған сипаттамаларды қарап, блог дизайынын өзгерте аласыз ба, басқа авторларды шақыра аласыз ба, сурет немесе дыбыстық файлдарды орналастыра аласыз ба немесе телефон көмегімен жаңартуға бола ма жоқ па екенін анықтап алыңыз. Сонымен қатар, тіркелген пайдаланушылардың мүмкіндіктеріне қойылатын шектеулер (толықтай немесе жарым-жартылай) туралы шарттарды анықтаңыз. Бұдан соң кейбір жасырын шығындар туралы біліп алу артық емес. Кейбір қоғамдастықтар ақысыз қызмет ұсынады, әйткенмен, олар сақталатын мәліметтердің белгілі бір мөлшерінде және белгілі бір жылдамдық үшін ақша талап етуі мүмкін. Мұны алдын-ала нақтылап алу керек. Осыған байланысты төменде тегін немесе ақылы тұғырнамалардың мекен-жайы көрсетіліп, қызмет түріне сипаттама берілді.

Халықаралық тұғырнамалар:

 Blogger - http://www.blogger.com. Тегін. 1999 жылы құрылған, 2003 жылы Google сатып алған. Құрамында сегіз миллионға жуық блоггер бар үлкен қоғамдастық. Тұғырнаманы қолдану өте оңай, бірақ та кейбір шектеулер бар.

 LiveJournal - http://wwwlivejournal.com. Тегін немесе ақылы (айына шамамен 2 АҚШ доллары). Ең ескі платформалардың бірі. Құрамында алты миллионға жуық блоггері бар, негізгі пайдаланушылары – жастар.

 MSN Spaces - http://www.msnspaces.com. Тегін. 2004 жылдың соңында құрылған Microsoft-тың платформасы. Мүмкіндіктері көп (фотосурет алмасу, Messenger link). Жасы 13-ке толғандар ғана тіркеле алады.

Франкотілдес тұғырнамалар:

 20six - http://www.20six.fr. Тегін немесе ақылы (айына 3-7 евро). Көптеген мүмкіндіктер ұсынады, негізгі және жаңартылған түрлері бар.

 Over-Blog – http://wwwover-blog.com. Тегін. Дизайны жақсы және қолданысы қарапайым. Францияның ең үлкен платформасы, жастар арасында өте танымал, дегенмен, шектеулер бар.

 Skyblog - http://www.skyblog.com. Тегін (жарнаманы талап етеді).

 TypePad – http://www.typepad.com/sitefr. Ақылы (сипаттамаларына байланысты айына 5-тен 15 евроға дейін). Мүмкіндіктері кең, өте кәсіби тұғырнама. Тегін түрін келесі блог-қоғамдастығы арқылы алуға болады:

 Noos (http://wwwnoos-blog.fr) немесе Neuf Telecom (http://www.neufblog.com) ViaBloga – http://viabloga.com Коммерциялық емес қоғамдастықтарға – тегін, басқаларына

айына 5 евро. Дара, динамикалық және қызықты мүмкіндіктері бар.

Блогтардың бағдарламалық қамтамасыздануы туралы айта кетейік. DotClear - http://www.dotclear.net, MovableType - http://www.movabletype.org, Wordpress - http://www.wordpress.org, Pointblog.com сияқты тұғырнамалардың мақсаты – қазіргі заманғы интернет-революцияның негізгі элементі ретінде блогингтың маңызын және дамуын көрсету. Сайт жаңадан қосылғандар мен тәжірибелі пайдаланушыларға арналған. Бірнеше бөлім мен блогтан тұрады. Бұл блог Кристоф Джинисти және Сирил Фьевенің «PointblogSARL» компаниясына тиесілі.

Енді, блогты орнату, іске қосу жұмыстары туралы айтпас бұрын, қазақ блог әлемінде кең қолданыстағы тұғырнама «Уорд пресс»-ке сипаттама берсек, «УордПресс» (ағылш.«wordpress») - коды ашық (оупен-сорс), блог жабдықтаушыларға арналған тегін программа. «УордПрессті» PHP тілінде жабдықталып, «МySQL» датабейcін қолданған веб жасақтау жүйесі деп түсінуге болады. «УордПресс» жиі жаңартылып отыратын веб сайттарды (әсіресе блогтарды) жасақтауға өте тиімді. GNU (General Public License) Жалпыға арналған лицензия арқылы «УордПрессті» тегін қолдануға болады. Қазақ блог әлемі кеңейген сайын, қазақ тілінде блог жасайтын арнайы тұғырнамалардың қажеттілігі сезілді. Сол себептен де қазақ блогының жай-күйіне бей-жай қарай алмайтын ынталы топ, «wordpress» блог тұғырнамасын қазақшалаған.

Бір ерекшелігі интернеттегі барлық бағдарламалар, еркін қолданысқа түсе бермейді. «Уордпресс» еркін қолданыстағы жүйе болғандықтан оның ішкi жүйесін қалаған тілге сәйкес аудару мүмкіндігі бар.

2007-жылдың аяғында басталған аударма жұмысының нәтижесінде бұл күнде «Уордпресстің» арқасында блоггерлер қазақ тілінде блог бастауға және бұрын ашылған блогтарын толықтай қазақшалауға көше бастаған.

«Уордпресс» сайтының қолданушылары 2007-жылмен салыстырғанда 2008 жылы анағұрлым өскен. Осы үрдіспен алға жылжи беретін болса, алда ең танымал блог портал ретінде көретін боламыз. Ал «LiveJournal»-дa пайдаланушылар саны кеміген екен [3]. Себебі оның «Уордпресстей» мүмкіндігі жоқ.

Блоггер үшін тұғырнама таңдалғаннан кейін тіркелуден өту тиіс. Ол үшін тіркелу терезесінің ішінде қажет тілді таңдап, пайдаланушы аты, кілт сөз, электрондық пошта адресін дұрыс теру керек. Сайттың барлық ережесін қабылдағаннан кейін «Уордпресс» сіздің жеке бетіңізді ашады. Енді жаңадан ашылған блогтың авторы, үйлестірушісі, иесі болып, блоггер деген атқа ие боласыз. Блогыңызда қалдырылған әр пікір жөнінде электрондық поштаңызға жеткен жүйелік хабарламалар айтып отырады. Блог жазбаларды немесе посттарды орнатқаннан кейін қасына сурет, фото мен видео файлды қосуға болады.

«Жариялау» түймесін шерткеннен кейін жазба блогта жарияланып, әлемтордың сұраныс жіберген кез-келген пайдаланушысына көрініп тұрады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 3,5,9,10,12

Қосымша: 1,4,5,8,10,12,13
Дәріс 12. Интернет журналистиканың жанрлары
1.Классикалық және жаңа жанрлар.

2.Мультимедиялық және синтетикалық жанрлар.

Алғашқы кезде дәстүрлі БАҚ-та қызмет атқарған интернет журналистер арнайы бір жанрда жазып ерекшеленуді мақсат тұтқан жоқ. Сондықтан да олар журналистиканың ақпараттық жанрларында заметка, репортаж, интервьюлер жариялап отырды. Оның үстіне бұл жанрларда жазылған материалдардың контентіне ешкім мән,маңыз бере қоймады. Кейінірек интернетке жарнама берушілер келгенде, басылымдар жарнамадан пайда көре бастағанда өз тауарларын қызықты, өтімді, тартымды ету туралы ойлана бастады.

Ақпараттық жанрлардың интернетте кеңінен дамуы. Аналитикалық жанрлардағы мәтіндер. Көркем публицистикалық жанрлардағы материалдар.

Статикалық иллюстрациялар, фотоленталар, фоторепортаж, фотогалереялар, слайд-шоу, инфографика,карикатуралар.

Видеобаған, видеоочерк,видеокомментарий, интерактивті видеосюжет, видеокөпір, мультимедиялық ток-шоу, тікелей эфир,инфографика. Ақпараттық ойындар. Мультимедиялық мақала,инфографиялық мақала.Мультимедиалық материалды безендіру ережелері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 3,9,10,12

Қосымша: 10,11,12,13
Дәріс 13. Онлайн-журналистиканың тілдік ерекшеліктері

1.Желілік материалдарды әдеби өңдеудің ерекшеліктері.

2. Мәтінді әдеби өңдеу. Мәтінмен жұмыс кезеңдері:

- декомпозиция (әр түрлі ақпаратты жіліктеу);

- композиция (жиналған ақпаратты жүйеге түсіру арқылы жаңа мәтінді жазып шығу);

- құрылымдық-стильдік әдеби өңдеу;

- ішкі байланыс пен логикалық бірізділікті тексеру;

- мәтінді сынау (қажет болса қайта жазып шығу).

2. Тілдің қарапайымдылығы.

3.Стиль түрлері.Баяндау стилі. Отбасылық стиль.

4.Фтурошок.Жаңа сөздер.Желілік жаргонның негіздері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:3,9,12

Қосымша:10,11,12,13
Дәріс 14. Интернет БАҚ менеджменті

1.Интернет-басылымдардың экономикасы мен менеджменті.

2.Веб-сайттар рейтингі.

3.Интернет жарнама мен РR-технологияның негіздері.Жарнама сценариін жазудың принциптері. Юмор - назар аудартудың пәрменді тәсілі ретінде. Жарнама жасаудағы шығармашылық ізденістер. Жарнама тиімділігін айқындау.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 3,9,10,11,12

Қосымша: 10,11,12,13

Дәріс 15. Азаматтық журналистика

1.Азаматтық журналистика дегеніміз не?

2.Блогтар олардың сипаттамасы, мазмұны мен түрлері.

Қазіргі таңда, бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияны тығыз байланыста ұстап, оларды өз ісіне тарту, шығармашылыққа баулу, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуына жағдай жасауда. Азаматтық журналистика туралы бүгінде әртүрлі анықтамалар бар. Әлемтордағы ашық энциклопедия «Википедияға» сүйенсек, азаматтық журналистика - ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматтық журналистика – БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. Журналистиканың бұқара ортасына жетіп, онымен тығыз жұмыс істеуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар, азаматтардың өз проблемаларына көзқарасын анықтайтын, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын бірігіп іздестіретін тиімді фактор.

Ал, «Лос-Анжелес таймс» газетінің Вашингтондағы бюросының жетекшісі, Жак Нелсон «Азаматтық журналистика дегеніміз - қоғамдағы күрделі мәселелерді шешуге қатардағы азаматтарды қатыстыруға әрекеттену»-десе, Минессота штатындағы қоғамдық телевизияның атқарушы директоры Билл Ханлэйдің пікірінше «белгілі мәселеге түсіністікпен қарап, оның шешімін табу жолдарын азаматтар мен журналистердің бірлесіп іздестіруі». Олай болса, азаматтық журналистиканы қоғамдық ой-пікірге әсер ететін құбылыс деп тануға болады.

«Online Journalism Review» атты мақаласында (2003 ж.) Джей Ди Лассика азаматық журналистиканы БАҚ-тың құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, былайша сараптайды:

1) аудиторияның қатысуы (мысалы, интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, ұялы телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары);

2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар;

3) жаңалық жариялайтын сайттардың интернет пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру;

4) жеке сайттар;

Ақпараттық технологиялар маманы, журналист, әрі блоггер Дэн Гиллмор бүгінгі азаматтық журналистиканың теориясын жасағандардың бірі деп айтуға болады. Ол коммерциялық емес «Азаматтық БАҚ Орталығын» құрған және өзінің «Біз және медиа» атты кітабында: «Азаматтық журналистика - бұл адамзат үшін адамдар қолымен жасалынған журналистика» деп жазады.

Азаматтық журналистиканың қазіргі заманғы формасының бірі – интернет журналистика оның құрамдас бөлігі әртүрлі деңгейдегі сайттар, блог, моблогтар және т.б. Әлемтор пайдаланушысына, кәдімгі оқырманға, сайт ашып, блог жүргізіп, моблог қызметіне сүйену еш қиындық туғызбайды, оның үстіне қазір тегін тұғырнамалық қызметтер де аз емес.

Интернет саннан сапа категориясына өткелі, кеңжолақты, шектеусіз болғаннан кейін, 2005 жылдан бастап фото, видео, аудио ақпаратпен алмасатын сайттар пайда болды (мысалы, «You Tube», «Flickr», «My space» т.б.). Дәл сол кезде, әлемтордың жаңа версиясы WEB 2.0. туралы айтыла бастады. Блоггерлер өзі қызықтыратын немесе зерттейтін салада материал жариялайды. Интернеттегі жаңалықтар ТВ және радиодан да жеделдігімен ерекшеленіп отыр. Қазіргі таңда блог әлеміндегі біреудің видеосы немесе басқа да файлдардың авторларына сілтеме жасап, жариялай беруге болады, мұнда ешқандай заң бұзушылық жоқ.

2006 жылдың 13-14 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстанда азаматтық журналистиканы дамыту және сөз бостандығын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстелде «Neweurasia» блогының негізін қалаушы, әрі редакторы Бенжамин Паарман: «Блог арқылы адамдар бірлесіп, көздеген мақсатына жетеді немесе қарама-қарсы көзқарастарды диаметрлі түрде салыстырады. Мемлекеттің тәуелсіз БАҚ-тары аз болатын жағдайда блогтар үлкен рөл атқара алады. Блогтағы ақпарат оқиға ортасынан алынады және қосымша ақпарат көзі болып табылады» - деп тұжырымдама жасаған.

Сонымен, әуелде азаматтық журналистика дегенді біз журналистер мен оқырман, тыңдарман, көрермен көмегімен пайда болған туынды немесе журналистердің оқырманмен санасып, оларды толғандыратын мәселелердің мәнісін ашу деп түсіндік. Бүгінде азаматтық журналистикаға кез-келген адам дәстүрлі БАҚ-тан тәуелсіз өз үлесін қоса алады, әрі журналист үшін альтернативті ақпарат көзіне айналып, жаңа медиа механизмінің элементі, қажетті бөлшегі ретінде қызмет атқара алатынын көріп отырмыз. Бұған біріншіден үздіксіз ақпарат толқыны мен жаңа технологиялардың дамуы себепкер болды. Алғаш жазу-сызу пайда болған кезден бұрын, тіпті адамзат баласы жаралған тұстан, оның санасының жетілу деңгейіне сай азаматтық журналистика көріністері туындады десек артық айтпаған болар едік. Шын мәнінде, адам баласының өзара ақпарат алмасу мүмкіндігінің өзі жазу-сызудың арқасында одан әрі кеңейді. Оның дәстүрлі формасы - хат. Адамдар қарым-қатынасының, ақпарат алмасудың ерте заманнан бергі ерекше құралы осы хат болып келгені баршаға аян.

Егер журналистика дегеніміз - өткір сөз, өзекті мәселе десек, көсемсөз- дәуір үні. Бұл екеуі бір бірін толықтырып тұрған домбыраның қос ішегі іспеттес. Хан Жәңгірдің ылаңына бір өзі қарсы тұрып, басын дауға салған марғасқа ақын, Махамбеттің жырлары ұлттық журналистика мен публицистиканың салмағына салмақ қосып тұрған баға жетпес қазына.

Ұлттық болмысымыз тектілігіміз бен мәдениеттілігімізден салт-дәстүріміздің мәрттігінен жаңару үстіне жаңарғаны тарихи шындық. Сондықтан да, қазақ басқаның назарына ілікті. Кешегі Шоқанның асқан дарындылығы, оның тіл меңгерудегі қабілеті ел ішіне ғылым білім дәнін себуі ұлттық мақтанышымыз. Ол ата бабалары салып кеткен соқпақпен өз заманының өлшемі деңгейінде ғана жүрді десек қателескен болар едік. Шоқан да ағысқа қарсы жүзген алпауыттарымыздыің бірі-тін. Ә.Дербісәлінің сонау шығысқа бет түзеген қазақ ғалымдары туралы қомақты еңбегінде Шоқан сияқты қаншама дарынды азаматтардың мехнатты өмірбаянын оқып, толқисың. Олардың барлығы да қазақ даласында азаматтық журналистиканың қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар еді.

Социализм кезінде де азаматтық журналистиканың көріністері болғаннын жоққа шығара алмаймыз. Кеңестік газеттер редакция мен азаматтар арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай көңіл бөлді. Әр редакцияда хат бөлімдері жұмыс істеп, авторларды газет жұмысына кеңінен тартып отырды. Қазір бұл қызмет түрі әлсіреп тұр. Тіпті кейбір редакцияларда кері байланыс жоқ.

Тәуелсіз мемлекетімізде демократиялық үрдістердің қанат жаюын бұқаралық ақпарат құралдарының - блог қызметінен айқын көруге болады. Елімізде қазақ тілді блогтар саны ай сайын көбеюде. Ең алғашқы қазақ тілді блог қашан және қалай пайда болғаны туралы айту қиын. Бірақ олардың шежіресін түзгенде тек қана Қазақстан аумағында ғана емес, шет елде тұрып жатқан қазақ блоггерлерінің веб күнделіктерін де естен шығармау қажет.

Қорыта айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде мойындалған блог әлемі мен қоғамдық пікір қалыптастыру бағытында қазақтың «жаңа толқын» блоггерлері қомақты істер атқарып, тарихи даму үстінде.

Блогтар түрлі тақырыпта, түрлі көлемде, болуына қарамастан, олардың басым бөлігіне тән мынадай ортақ сипаттар бар:

- соңғы хабарламалар беттің басында орналасқан, яғни кері хронологиялық рет қалыптасқан;

- бұрынғы хабарламаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы;

- енгізілген хабарламалар бойынша оқырманның пікір білдіруіне арналған бөліктері бар;

- «blogroll» (сілтемелер тізімі) деп аталатын өзге сайттарға сілтемелер көрсетілуі;

- пайдаланушылардың блогқа «жазылуына» мүмкіндік беретін ақпарат синдикациясының ыңғайлылығы;

- көбінесе мәтіндер, кейде сурет, сонымен қатар дыбыстық және бейнефайлдардың болуы;

- оқырмандар пікір жаза алады;

- архивтелінеді, мәтінді әрқашан ашып көруге болады;

Міне осыдан кейін блогтардың мазмұны айқындалады.

Блогтардың көпшілігі жеке күнделік түрінде де болады. Ал, енді біреулері жаңалықтарды хабарлайды немесе сараптама жасайды, жаңа сайттарды талдап, баға береді, интернеттегі жаңалықтарды және соңғы ақпараттық технологиялар туралы лезде мағлұмат таратады. Блогтардың бірсыпырасы саясат мәселелерімен байланысты болса, сондай-ақ жекелеген мүдделерге арналған блогтар да бар. Блогтардың негізгі бөлігі жеке сипатта көрініс тауып, автордың субъективті пікірі мен өзіндік стилі, тілі басқаларынан ерекшелеп тұрады.

Блог мазмұнының әртүрлілігі дәстүрлі БАҚ-ты салаларға бөлу заңдылығымен ұқсас. Мысалы экономика туралы жазатын, білікті блоггер ресейлік «Ведомости» немесе қазақстандық «Континент» басылымдары сияқты үлкен қаржылық, инвестициялық тақырыптарды қозғай алады. Сол сияқты дін тақырыбына жақын блоггер тек қана дінге қатысты жазбаларды жариялауы мүмкін. Негізінен, салалық басылымдардың артықшылығы – белгілі бір аудитория үшін жұмыс жасайды, оқырман саны тұрақты, және ақпарат жүйеленген. Соңғы кезде, экономика, қоғаммен байланыс (PR), ақпараттық технологиялар (IT), саясат, экология, спорт және діни саладағы блогтар үлкен сұранысқа ие.

Блог бетін толтыратын ақпарат қандай формада жарияланатынын білу үшін блогтың контентіне назар аудару қажет. Контент (ағылшын тілінде content) – кез келген хабарламалық маңызы бар ақпарат ресурсын (мысалы, вебсайтты) толықтырады. Бұған мәтін, графика, мультимедиа жатады. Ақпараттық технологиялар саласында бұл терминді вебсайттың мәтіндік мазмұны ретінде көп қолданады. Блогты бос кеңістік немесе газеттің таза беті ретінде қарастырсақ, контент – бұл мақала, заметка, репортаж, сұхбаттар. Егер блогта тек қана бейне файлдардан құралған хабарлар жарияланса, оның негізгі контенті видео, фото, сурет.

Қазіргі таңда блог әлемінде ең көп тарағаны -мәтіндік блогтар ондағы жазбалар өте маңызды немесе ешкімге қажет емес, көлемі қысқа, немесе ұзын болуы мүмкін. Оларды мектеп мұғалімі, танымал футболшы мен ғылым докторлары және т.б. жүргізе алады. Блогты қандай ақпаратпен толтыратыны - әр блоггердің жеке шаруасы. Ел президенттерінің Интернет-күнделіктері блог әлеміндегі жаңа бағыт. Мұндай блогтардың негізгі идеясы – халыққа жақын болу. Мысалы, Иран президенті Махмуд Ахмади Нижат «Mahmoud Ahmadinejad`s Personal Memos» атты блогын 2006 жылы ашқан. Бұл интернет-күнделік төрт тілде жүргізіледі. Блог жазбалардың біреуі бірінші жақтан жазылған автобиографиядан құрылған.

«Trip Notes from the Middle East» - атты блог Ақ Үйдің әлемтордағы жеке беті. Блогтың пайда болуы 2008-жылдың басында Джордж Буш пен оның әкімшілігінің Таяу Шығысқа (Израиль, Палестина автономиясы, Кувейт, Бахрейн, БАЭ, Сауд Аравиясы және Египет) жасаған сапарымен сабақтасады. Блогты жүргізе бастаған Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дана Перино және президент кеңесшісі Эдвард Глиспен. Блогта оқырман пікірі де жарияланатын, бірақ олардың саны тым көп болғандықтан, іріктелінетін.

Телеэфирдің уақытын бөліп, саяси дебаттарды өткізу сайлау алды компаниялар үшін қаншалықты маңызды екені белгілі. Блог арқылы үгіт-насихат жүргізу, бриффинг жасау немесе дауыс берушілердің сұрақтарына жауап беру сияқты шараларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі видео-блогтың еншісінде. Мәтінді блогтар фото арқылы дәлелді, шыншыл көрінсе, кейбір жаңалықты видео арқылы жариялаған ыңғайлы екенін ұмытуға болмас. Мысалы, өрт, жарылыс, табиғи апаттарды камераға түсіріп, блогқа орнатып, көп сөзділікке салынбай екі-үш жол коментарий берсе де жеткілікті.

Веблогтар аудиохабарлар да тарата алады. Әлемтордағы аудиохабарлар подкастинг арқылы жүзеге асады. Ағылшын тілінде «Podcasting iPod» және «broadcasting» (хабар тарату) сөзінің қысқартылған түрі, блогта аудио және бейне материалдарды, сонымен қатар, сандық плейерлерді орналастыру арқылы хабарларды дайындау деген мағына берді. Жеке беттердегі радио хабарларға ұқсас аудиофайлдар контенті блоггерлер үшін өте маңызды. Блоггерді қызықтыратын тақырыпта сұхбат жүргізу немесе дайын сценарий арқылы белгіленген тақырыпты талқылау подкасттарда көп кездеседі. Ресейдің подкаст директориясы подкастерлер үшін тегін аудио хостинг ұсынады. http://rpod.ru мекен-жайында орналасқан Ресей подкаст директориясында аудио-хабар жазамын деген кез келген адам подкаст орната алады. Ең көп тыңдалған жиырма подкаст сайттың алғашқы бетінде жарияланады, тыңдармандар оларға пікір жазып, дауыс беруге құқылы. Барлық подкасттар бірнеше салаға бөлінген: «кітаптар, кино, әңгіме, ән, бизнесс, қаржы, медицина, күнделік, компьютер, ақпараттық технологиялар, ойындар, мәдениет, сән, дін, спорт, философия, т.б.». Подкастерлердің болашақ хабарының тақырыбына тыңдарман тікелей әсер етеді. (Мысалы, пікір қалдыру терезесінде авторға сұрақ қойып, ұсыныс жасайды) Аудиохабарлар конференц-зал, университет аудиториясынан, көшеден, асханадан да жазылуы мүмкін, барлығы автордың идеясы мен қозғайтын тақырыбына байланысты. Блог бетінде аудиоплейердің батырмасын, дыбыс жолақшасының қасына хабарламаға байланысты суреттер мен сілтемелерді орнатып, талқыланатын мәселелердің тақырыбын жазуға болады. Оларды шоу-ноталар (aғылш. тілінде «show – note») деп атайды. Шоу-ноталар подкастың мәнін ашуға көмектеседі.

Бүкіл қазақстандық интернетжурналистиканың «Award.kz» сыйлығының 2008 жылғы иегері «Азаттық» радиосының интернет сайты бұрын тек мәтіндік блогтарды ұсынып келген еді. Дегенмен, кейінгі кездері пайдаланушылар аудиохабарларды толықтай тыңдау мүмкіндігіне ие.

Блогта он-лайн кітап жазу үрдісі көрші Ресейде жақсы дамуда. Блогтың осы түрі арқылы бір кітапты бірнеше бөлімге бөліп, аптасына әлденеше рет кітап беттерін жариялау дәстүрі қалыптасты.

«Live Journal» немесе «Живой Журнал» (ЖЖ) атты тұғырнама ресейлік экономист, жазушы-блоггерлер үшін танымал болудың бір әдісі. Оқырман жазушы-блоггерден күнде романның жалғасын күтіп, блогқа күнде кіретіні түсінікті. Он-лайн түрінде жазылатын кітаптардың тағы бір ерекшелігі - кітаптың бір беті блогта жарияланғаннан кейін оқырмандар арасында талқыға салынады, мұндай жағдайда оқырман редактор, сыншы рөлін атқарады. Өңдейтін жерін өңдеп, кітаптың мазмұнына тікелей ықпалдасады. «ЖЖ» блогында жарияланып тұрған кітаптардың алғашқы қатарында:

1. Антон Поповтың «Блогтар. Әсер етудің жаңа саласы». 2007 ж. (Кітап блогшылар, кәсіпкерлер мен менеджерлерге арналған.)

2. Алексей Андреевтің “2048″ футурологиялық шығармасы (Онлайн жазушы мұны бес жылдай жариялап, әр жаңа тарауын оқырманымен бірге талқылап отырған.)

3. Жазушы-фантаст Сергей Лукьяненконың шығармалары бар.

Қарап отырсақ, қазіргі әлемтордағы контент дәстүрлі БАҚ-тың барлық техникалық мүмкіндіктерін электрондық нұсқада оңай ұсынады. Баспасөз, радио, телевизияның өнімдері бір блогта көрініс табады және осылардың бәріне бір ғана адам жауап бере алады. Блогтардың көп функцияналдығынан оның контенті қызықты, тартымды, әрі жүргізуге ыңғайлы. Негізінен контенттің тақырыбы, яғни блогтағы мәтіндік жазбалар, видео мен аудио файлдардың мазмұны блоггердің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.

Блог түрлері әралуан.Блогтардың авторы кез келген адам бола алатыны туралы жоғарыда айтып өттік. Қазақ тіліндегі ең ірі «Massagan.com» атты сайттың жүйелік басқарушысы және ғылым, технология, өнер және мәдениетке арналған веб блогтың авторы, Бақытнұр Бәйтелұлының «Блогқа не жазуға болады?» атты мақаласында жаңа блог бастаушылар блогты қандай бағытта бастаймын, не жазамын деп ойлаған болса, онда блогтың түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға болатынын айтады.

Тақырып жағынан блогтарды Ғылым, Саясат, Экономика, Дін, Спорт, Сән, Экология, Әлеуметтану, Мәдениет т.б. салаларға бөліп қарастыруға болады, бірақ жоғарыда айтылғандай, бір блог бірнеше саланы қамтуы мүмкін, бұл заңды да. Себебі, оқырман бір блогтан бірнеше тақырыпқа арналған жаңалық оқыса біріншіден, уақытын үнемдейді. Ал блоггер бірнеше тақырыпта оқырманын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырса, екіншіден, танымалдылығы артады. Бұған қоса, үшіншіден, оқырман саны күннен күнге өседі.

Әлемтордағы ашық энциклопедия «Википедияда» блогтар былайша іріктелген:

Автор/Авторлар бойынша:

- Жеке (авторлық, жекеменшік) блог – бір адаммен жүргізіледі;

- «Белгісіздің» блогы – есімі анықталмаған блог иесі атыннан жүргізіледі;

- Ұжымдық блог – блог иесі тағайындайтын бірнеше адамның қатысуымен жүргізілетін блог;

- Корпоративті блог – бір ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін блог.

Мультимедиа түрі бойынша:

- Мәтіндік блог -негізгі мазмұны тек қана мәтіннен құрылса;

- Фотоблог -тек қана фото өңімдерінен құрылған блог;

- Әуендік блог -тек қана ән-күйден құрылған блог;

- Подкаст және блогкастинг -блогтың негізгі мазмұны автормен оқылған МР3-түріндегі аудио файлдардан құрылады.

- Бейнеблог -блогтың негізгі мазмұны видеофайлдардан құрылған. Мазмұн түрі бойынша:

- Контенттік блог-автордың алғашқы жазбасын өзгертпей жариялайтын блог;

- Мониторингтік (сілтемелік) блог-негізгі мазмұны басқа блогтардан алынған цитаталардан тұрады;

- Сплог-спам немесе Интернет пайдаланушы үшін рұқсатсыз жіберелетін жарнама мен хабарлардан тұратын блог.

- Тамблелог-басқа блогжазбалардан айырмашылығы қарапайымдылығында. Бұл блогтың түрі қойын дәптерге ұқсас және тамблелогтың бірнеше түрі бар:

1. қарапайым блогжазба;

2. сілтеме немесе тек қана бір салаға байланысты сілтемелер тізімі;

3. цитата;

4. әңгімелесу, мысалы Интернет арқылы екі адамның хат алмасу арқылы пайда болған диалог;

5. бейне: фото немесе сурет;

6. «YouTube», «Yahoo.Video», «My space» сияқты сайттарда видео орнатып, блогта оған сілтеме жасау. Бұл сілтемелер бір тақырыпта топтастырылуы немесе әртүрлі болуы мүмкін.

Техникалық негізі бойынша:

- Stand alone (автономды) блог -бөлек хостингтегі немесе тұғырнамадағы блог. Мұндай блогтар веб-кеңістікте нақты иесінің жеке меншігі болып табылады;

- Блог-тұғырнамадағы блог-блог-қызметтер («Livejournal», «Liveinternet» т.б. сияқты) негізінде жүргізіледі;

- Моблог-мобильді веблог, мұндай блогтардың негізгі мазмұны вебте мобильді немесе портативті құрылғылар арқылы орналасады. Телефон немесе сандық құралдардың көмегімен қашықтықтан жаңартыла беретін блог. Тіпті, моблогтарды қазіргі зерттеушілер бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа бір түрі деп дәлелдеуде. Мобильді құрылғы арқылы 2000 жылы әлемторға жөнелтілген алғашқы постың (хабарламаның) иесі, даниялық Том Вильмер екен. Моблогинг терминін 2002 жылы қолдана бастаған Адам Гринфилд 2003 жылы Токиода моблоггерлердің бірінші халықаралық конференциясын өткізген.

Ал, ресейлік ғалым, М.Шилина блогингті былайша жүйелеуді ұсынады: авторы бойынша: дербес және мультидербес (мысалы корпоративті және ашық блог-форумдар. Оларға кез келген адам жазба қалдыра алады); мазмұны бойынша: тақырыптық және жылпылама; материалдарды ұйымдастыру принципі бойынша комментаторлық (автор постфактумды жан-жақты талқылайды, түсіндіреді) және провокаторлық (автор өзі ақпаратты туындатып, оқырман назарын өзіне аударады).

Дегенмен, блог түрлері көп болғандықтан, баспасөз жанрларын жіктегендей оларды бір критерийге сыйғызу әзірше мүмкін емес, себебі блог «ауқымының кеңдігімен», «еркіндігімен», «тәуелсіздігімен» ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет