«5В051100 – маркетинг» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет105/441
Дата30.05.2020
өлшемі1,82 Mb.
#71705
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   441
Байланысты:
tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051

 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Нарық  жағдайларында  кәсіпорындар  мен  фирмалардың  табысты  іс-
әрекеті көбінесе қабылданатын маркетингтік шешімдерге байланысты болып 
келеді.  Сондықтан  да,  шаруашылық  жүргізудің  көп  салаларында 
маркетингтік  қызметтің  білікті  және  дұрыс  жүргізілу  сауалдары  аса 
маңыздылыққа  ие  болады.  Осыған  байланысты,  қазіргі  уақытта  нарық 
қажеттіліктерін жеке жұмыс нәтижелерімен біріктіре отырып, оны іс жүзінде 
қолдана алатын сондай-ақ, коммерциялық табысқа жете алатын мамандарды 
даярлаудың  маңызы  өсе  түсуде.    Сондықтан  маркетинг  –  нарықтың  кәсіби 
қызметкерлерін дайындау үрдісінде негізгі пәндердің бірі болып табылады. 
«Маркетинг»  мамандығын  оқыту  бағдарламасының  ауқымында 
«Маркетингті басқару» негізгі пәні мен с.с. пәндері бір уақытта оқытылады. 
«Маркетинг» пәнін оқу «Маркетинг» мамандығын мамандандырылған оқыту 
бағдарламасының  ауқымында  элективті  және  негізгі  пәндер  мен  пәндер 
арасындағы байланыстарды жүйелеу үшін қажет. Бұл пән жалпы маркетинг – 
менеджмент  контексінде  маркетингтік  әрекеттерді  ұйымдастыру  қабілетін 
қамтамасыз  етеді.  Оған  жалпы  кәсіпорынның  басқарушылық  әрекеті  үшін 
маңызды  орын  алатын  тиімді  маркетингтік  жұмыстарды  ұйымдастыру 
негізіне  жататын  құралдарын,  әдістерін,  қағидаларын,  сонымен  қатар 
маркетингтік  зерттеуді  басқару,  маркетинг  кешенінің  элементтері, 
экономиканың  әртүрлі  салалары  мен  сфераларындағы  маркетингтік 


55 
 
стратегияларын талдау, халықаралық әрекеттер мен т.б. оқу жатады. Әртүрлі 
жақтағы  маркетингтік  әрекеттерді  ұйымдастыру  бойынша  стратегиялық 
шешімдерді  қабылдау  сұрақтары  жалпы  маркетингтің  нақты  жағдайларына, 
тұжырымдарына,  әдістері  мен  қағидаларына  байланысты  құрастырылуы 
керек  болғандықтан  «Маркетинг»  пәнінің  материалдары  осыған  сай 
құрастырылған және  біріктірілген. 
Бұл  пәнді  қатар  оқу  қажеттілігі  шешім  қабылдау  үрдісі,  нарықтағы 
тұтынушылардың мінез-құлқын анықтау, әртүрлі зерттеулер кезінде ғылыми 
әдістерді қолдану тәрізді сұрақтарды қарастыру кезінде әр пәннің ауқымында 
анықталады.  
Типтік оқу жоспарына сәйкес, берілген пәнді оқу барысында аралас пән 
ретінде “Менеджмент” сияқты пәндерді атауға болады.  
Берілген  пәндерді  қатар  оқу  қажеттілігі  –  осы  курсты  оқытудағы 
нарықта  әр  түрлі  тұтынушылар  типтерінің  мінез-құлықтары  мен  шешім 
қабылдау үрдісі, ғылыми әдістер арқылы әр түрлі зерттеулер жүргізу сияқты 
мәселелер осы пәндерді оқыту кезінде шешілетін мәселелер шеңберіне кіреді.   
“Маркетинг” пәнін оқу нәтижесінде студенттер білулері тиіс:  

 
тауар,  баға,  айырбас,  бәсеке,  нарық,  сұраныс,  ұсыныс,  бөліп  тарату, 
жабдықтаушылар,  делдалдар,  маркетингтік  зерттеулер  және  т.б.  негізгі 
түсініктер мен терминдерді; 

 
нақты маркетингтік зерттеу жүргізудің әдістемесін: негізгі сатыларын;  
ақпараттарды  талдау,  жинау  құралдары,  әдістері,  шарттары;  әр  түрлі 
зерттеулердің жүргізу ерекшеліктерін;  

 
тұтыну мінез-құлықтарының теориялық негіздері және сегменттеудің, 
тауарды жайғастырудың, тауар мен қызмет маркетингінің кешенін өңдеудің 
әдістемелік мәселелерін білулері қажет. 
Пәнді  оқу  барысында  студенттер  зерттеу  жұмысындағы  дағдыларды 
меңгеріп және келесідей қабілеттілікке ие болуы тиіс: 

 
негізгі  түсініктер  мен  формулаларды  тәжірибелік  қызметте  нақты 
экономикалық жағдайды талдау және шешу үшін қолдануды;  

 
қызықтыратын  мәселе  бойынша  қысқаша  есеп  бере  отырып    нақты 
мини-  маркетингтік зерттеулер  жүргізуді; 

 
әр  түрлі  белгілер  бойынша  нарықта  сегменттеу  жүргізуді  және  сол 
жерде тауарды, қызметтерді жайғастыруды; 

 
нақты тауар немесе қызметке байланысты маркетинг кешенін өңдеуді 
игеруі қажет. 
«Маркетинг»  мамандығының  оқыту  бағдарламасы  мен  оқу,  жұмыс 
жоспарына  сай  бұл  пәннің  пререквизиттері:  «Экономикалық  теория»,  
«Микроэкономика»;    аралас  оқытылатын  пәндер:  «Макроэкономика», 
«Қаржы»;    пәннің  постреквизиттері:  «Менеджмент»  пәндеріне  байланысты 
оқытылатын  пәнді  игеру  үшін  қажетті  дағдылары  мен  білімін,  меңгеруді 
қалыптастыратын пәндер болып табылады.  
 
 


56 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   441




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет