Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары.
Маркетингтің
пайда
болуы
және
дамуының
экономикалық
алғышарттары.
Маркетингтің мәні. Маркетингтің мәнінің анықтамасының әртүрлі
бағыттары. Нарықтық ғылым ретінде маркетингтің әлеуметтік-экономикалық
мазмұны, ерекшелігі және дамуы. Маркетингтің негізгі ұғымдары.“Сатушы
нарығы” және “сатып алушылар нарығы” жағдайларындағы маркетинг іс-
әрекеттерінің ерекшеліктері. Маркетингтің объектісі, субъектісі, мақсаттары,
қызметтері, үрдісі және қағидалары. Маркетингтік шешім қабылдау процесі.
“Маркетинг -микс” түсінігі. Тауарлар мен қызметтер үшінмаркетинг
кешенінің негізгі элементтері.
Маркетинг түрлері: дифференциалданбаған, дифференциалданған,
шоғырланған, кешенді және коммуникативті (өзара байланысқан). Сұранысқа
байланысты маркетинг типтері: конверсиялық, дамушы, ремаркетинг,
синхромаркетинг, ынталандырушы, қолдаушы, демаркетинг, қарсы әрекет
етуші маркетинг. Коммерциялық маркетинг нысандары. Бейкоммерциялық
маркетинг. Қолдану саласы бойынша маркетинг түрлері: тұтыну, өнеркәсіп,
инвестициялық, қызмет маркетингі. Экономикалық субъектінің әрекетіне
байланысты маркетинг түрлері: ұйым маркетингі, эгомаркетинг, орын
маркетингі, әлеуметтік маркетинг және т.б. Оларда маркетинг философиясы
мен құралдарын қолдану ерекшеліктері. Макромаркетингті қолдану салалары
мен ерекшеліктері.
Маркетингтің негізгі тұжырымдамалары: өндірістік, тауарлық (өнім),
коммерциялық әрекеттерді интенсификациялау (өткізу), маркетингтік,
стратегиялық маркетинг, әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы,
өзара әрекеттесу маркетингі (серіктестік қатынастар) және құндылыққа
негізделген маркетинг. Олардың мәні, ерекшеліктері, қолдану шаралары.
ҚР-ғы маркетингті зерттеудің қажеттілігі, енгізу жағдайы және дамуы.
Маркетингтің даму мәселелері мен болашағы. Шетел және отандық
фирмалардың
практикалық
қызметтерінде
маркетингті
қолдану
тұжырымдамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |