«5В051100 – маркетинг» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет43/441
Дата30.05.2020
өлшемі1,82 Mb.
#71705
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   441
Байланысты:
tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051

 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Экономикалық білім беру әлеуметтік және гуманитарлық білім берудің 
маңызды  элементі  болып  табылады,  яғни  студенттердің  жалпы 
дүниетанымын  қалыптастырады.  Қазіргі  жағдайдағы  білім  беру  үдерісінің 
басты міндеті білімнің сапалық сипаттамаларын арттыру болып табылады. 
Болашақ  мамандарға  әлемдегі  және  Қазақстан  қоғамында  болып 
жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәнін түсіну 
үшін «Экономикалық теория » пәнін оқу оларға үлкен мүмкіндік береді. 
«Экономикалық  теория»  пәні  студенттерге  қазіргі  экономикалық  ой-
пікірдің  негізін  құрайтын  экономикалық  ұғымдарды,  қағидаларды, 
заңдылықтарды  түсіндіретін  және  нақты  экономикалық  пәндерді  әрі  қарай  
оқыту үшін  негізгі іргетасты қалыптастыратын негізгі пән болып табылады.  
«Экономикалық  теория»    курсы    базалық  пән  және  де  ол  әлеуметтік-
экономикалық  пәндерді  одан  әрі  оқудың    өзегі  болып  табылады,  қазіргі 
заманғы  экономикалық  көзқарастың  негізін  құрайтын  экономикалық 
тұжырымдамаларымен,  қағидаларымен,  экономикалық  заңдылықтарымен 
студенттердің кең ауқымын таныстырады. 
«Экономикалық  теория»    курсы  бағдарламасы  практикалық  қызмет 
үшін  қажетті  толық  экономикалық  білім  алуға,  объективті  экономикалық 
үдерістерді  көрсететін  экономикалық  түсініктер  мен  категорияларды 
меңгеруге,  тиімді  басқару  шешімдерін  қабылдауды  дағдыландыруға 
бағытталған. 
Курстың  теориялық  бағыты  экономикалық  және  әлеуметтік  қарым-
қатынастардың  жиынтығына  сәйкес.  Олар  әлеуметтік-экономикалық  жүйе 


27 
 
мен  мінез-құлықтың  экономикалық  мәдениетінің  негізгі  элементтерін 
біртұтас қарастырады. 
Бұл  курстың  кәсіби  дайындаудағы  ерекше  орны  оның  негізгі  және 
кәсіби экономикалық пәндерді әрі қарай оқытуда теориялық және әдістемелік  
негіз болуынан көрінеді. Экономикалық теория жеке алғанда экономикалық 
ілімдер тарихы, Қазақстан экономикасы, Микроэкономика, Макроэкономика, 
Экономиканы  мемлекеттік  реттеу  және  басқа  да  пәндермен  тығыз 
байланысты. 
«Экономикалық 
теория» 
пәнін 
оқу 
келесідей 
академиялық 
құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді: 

негізгі  ғылыми-теориялық  білімді  игеру,  теориялық  және 
практикалық мәселелерді шешу үшін оларды қолдана алу; 

жүйелерді салыстырмалы талдай алуға икемдену; 

өз бетінше жұмыс істей білу; 

экономикалық мәселелерді шешуде пәнаралық тәсілді қолдана білу. 
«Экономикалық  теория»  пәнін  оқу  төмендегідей  әлеуметтік  және 
тұлғалық құзыреттіліктерді қалыптастырады: 

азаматтық және патриоттық қасиеттерге ие болу; 

тұлғааралық қарым-қатынас қабілеттілігіне ие болу; 

өз  ұстанымын  тұжырымдау,  оны  қорғауға  дәлелдерді  таба  білу 
және анықтау. 
«Экономикалық теория» пәнін оқу мынандай кәсіби құзыреттіліктерді 
қалыптастырады: 

экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын білу; 

ұзақ мерзімді калыптасқан экономикалық ойдың эволюциясының  
негізгі тұжырымдамаларын білу; 

нарықтың  тетіктерінің  жұмыс  істеуін,  өзін-өзі  реттеу  және 
экономикаға мемлекеттік  ықпал ету қағидаларын білу; 

экономикалық  құбылыстар  мен  үдерістердің    сипаты  мен 
нысандарын оқу және жүйелеуді білу; 

экономикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  ғылыми  таным  
әдістерін қолдана білу;
 

экономикалық  жүйенің  мүліктік  қатынастарының  орнын  және 
нарықтық экономиканың заңдарын түсіну және анықтау; 

ұлттық  және  әлемдік  экономиканың  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының жағдайы мен үдерістерін  талдау және бағалау дағдылары болуы 
тиіс; 

экономикалық  мәселелерді  шешу  үшін  пәнаралық  тәсілді 
дағдылары болуы тиіс; 

өмір  бойы  біліктілігін  арттыру  үшін  білімді  игеру  дағдылары 
болуы тиіс. 
Постреквизиттері:Микроэкономика, Макроэкономика. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   441




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет