29
Экономикалық теорияның зерттеу обьектісі экономикалық қатынастар
жүйесі және оның қызмет етуі мен дамуы болып табылады. Экономиканы
ғылыми танудың негізгі әдістері мен құралдары: диалектикалық,
экономикалық
математикалық моделдеу, экономикалық тәжірибе.
Экономикалық теория нақты және салалық экономикалық пәндерді
оқыту үшін теориялық-әдістемелік негіз ретінде қызмет етеді. Экономикалық
теория пәні экономикалық ойлауды қалыптастырады және болып жатқан
шаруашылық процестерге өзіндік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік
береді, тану әдістерімен және шаруашылық механизмге әсер ету
құралдарымен қамтамасыз етеді.
Экономикалық теорияның ғылым ретінде классикалық саяси экономия
еңбектерінен қазіргі экономикалық тұжырымдамаларға дейінгі ұзақ даму
тарихы бар.
Достарыңызбен бөлісу: