Микроэкономиканың ғылым ретінде басқа ғылымдардың ішінен
ролі мен орны оның басқа экономикалық және экономикалық емес
пәндермен өзара байланысымен, тек жеке тұлғалардың емес, сондай-ақ бүкіл
қоғамның тіршілігі мен дамуына тікелей әсер ететіндігімен анықталады.
Өйткенімикроэкономика – бұл шектеулі экономикалық рерурстарды өндіру,
бөлу және тұтыну үдерісінде, оларға ішкі және сыртқы факторлардың әсерін
және оның нәтижелерін ескергендегі, экономикалық агенттредің арасында
пайда болатын экономикалық қатынастар туралы ғылым. Микроэкономика
математика және статистикамен, экономикалық теориямен, макроэкономика,
маркетинг және менеджментпен, кәсіпорын экономикасы мен табиғатты
пайдаланудың экономикасымен тығыз өзара байланыста.
|