Байланысты: tipovye uchebnye programmy distsiplin po spetsialnosti 5v051
Микроэкономиканың ғылым ретінде эволюциясы. 19 ғ. соңына
дейін микроэкономикалық аспектілер А. Смит, Д. Рикардо, Сэй және т.б.
зерттеулерінде орын алған. Сол кезеңде кеңістіктік экономикадағы
дифференциалдық рентаны есептеу, нарықтағы фирмалардың қылығын
талдау («Курно моделі») нұсқалары ұсынылып, Госсен заңдары ашылды. 19
ғ. соңында Менгер, Джевонс, Вальрас және т.б. экономикалық ғылымда
«маржиналистік төңкеріс» жасады, олар экономикалық агенттердің қылығын
зерттеу үшін шектік өлшемдер ұсынды және жалпы тепе–теңдік теориясын
ашты. 20 ғ. басында Маршалл, микроэкономика бойынша алғашқы оқулық
болып атанған, өзінің монографиясын жарыққа шығарды, оның ішінде
нарықтық құнды анықтау нұсқасы ұсынылып, сұраныс және ұсыныс заңдары
ашылды. Пигу монопольдік нарықтарды зерттеп және салықтар арқылы
нарықтың дәрменсіздігін мемлекет тарапынан реттеу нұсқаларын ұсынып,
Маршаллдың зерттеулерін жалғастырды. Әрі қарай микроэкономикада
математикалық құралдарды пайдалану кең таралды – Парето, Эджворт
шектік пайдалылықты анықтауға сандық тәсілдеме ұсынып, жалпы
экономикалық тепе–теңдік теориясының негізін салды.
20 ғ. ортасында микроэкономикада басқа жаңалықтар ашылды:
Робинсон және Штакельбергтің монополиялық бәсеке және олигополия
модельдері; Хикс және Слуцкийдің табыс және орнын басу нәтижелері. 20 ғ.
екінші жартысында микроэкономикалық талдауда ойындар теориясы
белсенді пайдалана басталды. Заманауи микроэкономика кәсіпорындардың
жаңа ұйымдастыру түрлерімен – қосылу мен жұтылу – және жаңа
нарықтардың ашылуымен бірге дамып келеді.