5В060400 «Физика» мамандығы бойынша


Оқытуда қойылатын мәселелер



Pdf көрінісі
бет39/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам.pdf
Оқытуда қойылатын мәселелер: 



әртүрлі конфигурациядағы электрмагниттік өрісте болатын физикалық 
құбылыстар мен үрдістерді оқып үйрену және олардың арасындағы 
байланыстарды тағайындау;

студенттерді электрмагнетизмнің негізгі заңдарымен таныстыру. Осы 
заңдардың эксперименттік негізіне, сонымен қатар олардың әртүрлі 
математикалық сипатталуына аса көңіл аударту;

әртүрлі шешу амалдарын қолдана отырып, есептерді қою мен шешудің 
дағдыларын қалыптастыру;

әртүрлі есептерді шешуде алған білімдерін қолдана білу.
Пәннің зерттеу нысаны:
зарядталған бөлшектер, олардың динамикасы және 
электрмагниттік өріс арқылы әсерлесуі.
Пәнді оқыту әдістері:
теориялық, физикалық эксперимент және бақылау. 
Сонымен қатар пәнді оқыту барысында мәселеге негізделген, компьютерлік 
программаның көмегімен оқыту, жүйелеп оқыту әдістері және т.б дәстүрлі емес 
оқыту әдістері қолданылады.
Пәннің ролі және ғылымдағы алатын орны: 
электр және магнетизм 
әлемнің пайда болуының негізі болатын және табиғи заңдылықтармен 
анықталатын микроскопиялық зарядталған бөлшектердің (электрон, ион және 
т.б.) қозғалысы мен әсерлесуі туралы ғылымдардың бөлімі болып табылады. 
Пән туралы қысқаша тарихи деректер: электр
барлық электрмагниттік 
құбылыстың, яғни электр зарядының болуына және олардың қозғалысы мен өзара 
әсеріне негізделген құбылыстардың жиынтығы, Қарапайым электрлік және 
магниттік құбылыстар ерте заманда-ақ белгілі болғанымен 17 ғасырға дейін дами 
алған жоқ. 18 ғасырда да ол ілім жүйеге түспеген фактілер мен бір-біріне қайшы 
жорамалдар жиынтығынан тұрды.
1600ж. У. Гильберт электр деген ұғымды енгізген.
1650 ж. Отто фон Герик қарапайым электрстатикалық машинаны жасады.
1773 ж. Г. Кавендиш және Ш. Кулон 1785 ж. жүргізілген өлшеулерге сүйене 
отырып электрстатиканың негізгі заңын (Кулон заңы) тұжырымдап берді.
1791 ж. Л. Гальвани мен А. Вольта (1794 ж.) –химиялық және контактілік 
электр көздерін ашқаннан кейін электр жөніндегі ілім тарихындағы жаңа кезең 
басталды. Осыдан кейін электр тогын зерттеу күшті қарқынмен жүргізіле 
бастады.
1820 ж. Х. Эрстед электр тогы мен тұрақты магнит арасындағы байланысты 
ашты. 
1821 ж. А.Ампер тогы бар екі өткізгіштің өзара әсерлесетіндігін ашты. 
1831 ж. Фарадей  Эрстед және  Ампер зерттеулеріне сүйене отырып 
электрмагниттік индукция құбылысын ашты.
1873 ж. ағылшын физигі  Д. К. Максвелл электрмагниттік құбылыстар 
теориясын жетілдірді. Ол өрістің электрлік және магниттік қасиеттерін 
байланыстыратын теңдеулерді ойлап тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет