5В060400 «Физика» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет66/174
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145514
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   174
Байланысты:
5В060400 «Физика» маманды ы бойынша

«Ядролық физика»
пәнін оқыту міндеті: 
пәнді оқу нәтижесінде студент 
өндірістік оқыту шеңберіндегі ядролық қондарғыларда жасалатын тәжірибелерде 
қолданылатын тіркегіштермен жұмыс жасай алуымен қоса, олардың жұмыс жасау 
принциптері мен қолданылу аясын білуі керек.
«Ядролық физика» - жалпы физика курсының бөлігі-әлем университеттерінің 
жаратылыстану факультеттерінде оқытылады. 
Ядролық физикадан білім ядролық – физикалық әдістерді әртүрлі 
мақсаттарда пайдаланатын мамандықтарға керек. 
Пәннің қарастырылатын нысаналары: 
нуклон, атомдық ядролар, 
изотоптар, изотондар, изобаралар, изомерлер, ядролық жүйелер, ядролық 
ыдыраулар. 
Оқыту әдістері
: кванттық механикадағы Шредингер теңдеуін шешу әдістері, 
әр түрлі моделдердегі Шредингер теңдеуінің жуықталған шешімдері, ядролық 
реакциялардың механизмдері және ядролық құрылымдар. 
Пәннің рөлі.
Ядролық физиканың жетістігі алғашқы кезде соғыс мақсаты 
үшін қолданылғанымен (1945), кейін ол бейбіт мақсат үшін де пайдаланыла 
бастады. 
Ядролық физиканың жетістігі нәтижесінде халық шаруашылығының бейбіт 
салалары – ядролық энергетика және ядролық техника пайда болды. 


Радиоактивтік изотоптар физикада, химияда, металлургияда, биологияда, т.б. 
ғылым мен техника салаларында тиімді пайдаланып келеді. Ядролықфизиканың 
дамуы нәтижесінде табиғатта кездеспейтін элементтерді (мысалы, нептуний, 
плутоний, америций, кюрий, берклий, калифорний, эйнштейний, фермий, 
менделевий, нобелий, лоуренсий, курчатовий, нильсборий, т.б.) алуға мүмкіндік 
жасалды. Ядролық физиканың негізінде химияның радиациялықхимия және 
радиохимия деп аталатын жаңа салалары пайда болды. 
Ядролық физиканың жетістіктері астрофизикада, геологияда, геофизикада, 
ғарыштық ракета ғылымында және археологияда кеңінен пайдалануда. Ядролық 
физиканың дамуы біздің табиғат жөніндегі көзқарасымыздың жан-жақты 
кеңеюіне маңызды ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет