«5В060400 - «Физика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В060400 - «Физика» мамандығының үлгілік оқу жоспарына, үлгілік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған..
«5В060400-Физика»
мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны– 168 кредит
1 Білім беру бағдарламасының паспорты:
1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.
1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.
1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.
1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.
1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.
1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.
1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары
1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.
2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.
3. Негізгі құзыреттіліктер.
4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.
5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр
Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативтік
Модуль 2. Әлеуметтік-саяси және жаратылыстану
Модуль 3. Базалық және тілдік дайындық негіздері
Модуль 4. Жоғарғы математика негіздері және жобалау
Модуль 5. Жобалау, педагогика және психология негіздері
Модуль 6. Жалпы және теориялық физика негіздері
Модуль 7. Қолданбалы физика
Модуль 8. Классикалық физика негіздері
Модуль 9. Оқыту әдістемесінің әртүрлі аспектілері
Модуль 10. Интерактивтік технологиялар
Модуль 11. Көп тілді білім беру негізіндегі тілдік пәндер және ісқағаздарын жүргізу
Модуль 12. Машықтану
Модуль 13. Мемлекеттік қорытынды аттестация
6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.
Білім беру бағдарламасының паспорты:
1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі
Бакалавриат түлегіне «5В060400-Физика» бойынша «жаратылыстану Білім бакалавры» дәрежесі беріледі.
1.2.1. Кәсіби қызмет саласы
Физика бакалаврының кәсіби қызмет саласы:
-экспериметтік, теориялық және қолданбалы физика саласы, сонымен қатар бір-бірімен шектес жаратылыс және техникалық салалары;
-білім беру саласы, сонымен қатар педагогика саласы және орта оқу орындарында физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі;
-ғылыми-техникалық әдебиетті шет тілінен және шет тіліне аудару (арнайы бөлім үшін).
1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары
050604- Физика мамандығы бойынша білім бітірушілердің кәсіби кызметінің объектілері:
ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалары;
мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындарды, сонымен қатар мемлекеттік емес білім беру ұйымдары ;өндірістік кәсіпорындары мен бірлестіктері.
1.2.3. Кәсіби қызмет пәні
050604- Физика мамандығы бойынша білім бітірушілердің кәсіби кызмет пәні болып:
- физикалық құбылыстар мен процестер (техникалық және энергетикалық құрылғыларды моделдеу; авиациялық-ғарыштық және вакуудық техника; лездік, химиялық, мұнайгаз және мұнай өңдеу технлогиялары және т.б.); бұйымдар, материалдар және табиғи объектілері, құралдар, механизмдер және жабдықтар келеді.
- білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік құжаттар;
- өндірістік-басқарушылық, конструкторлық және жобалау құжатары;
- білім беру мекемесінің субъектілері;
- ғылыми-техникалық әдебиеттер (мақала, монография, баяндама, есеп, инструкция және т.б.) шетел тідерінде (арнайы бөлім үшін)
1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері
050604-Физика мамандығы бойынша білім бакалавр мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- ғылыми-зерттеушілік;
- педагогикалық;
- баскарушы-ұйымдастырушылық;
- өндірістік-технологиялық;
- аудармашылық (арнайы шет тілі бөлімі) кәсіби қызымет түрлерін орындай алады.
1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары
Физика бакалавры келесі функцияларды орындауға дайын болуы қажет:
- қойылған физикалықпроблемалардың ғылыми зерттеулерін жүргізуге;
- білім беру мекемелеріндегі оқу-тарбие процесін жүзеге асыруға;
- өндірістік-технологиялық процестердің мәселелерін жете зерттеп дайындауға,жүзеге асыруға және күйлерін бақылауға;
-ғылыми-техникалық әдебиеттің сапалы аудармасын (арнайы бөлім) қамтамасыз ету.
1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
050604-Физика мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби қызметінің типтік міндеттеріне :
- физикалық құбылыстар мен процестердің ғылыми зерттеулерін тиімді ұйымдастыруын қамтамасыз ету және нәтижелі жүргізу;
- білім беру бағдарламаларын және оқу жоспарын қалданған білім стандарттарының талаптарына сай іске қосу жатады.
1.2.7. Кәсіби қызметтің бағыттары
Физика бакалаврының кәсіби қызметі:
- физикалық заңдылықтарды тағайындауына және әлемнің бұртұтас ғылыми бейнесін жасауына, физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге қазіргі теориялық, эксперименттік және сандық ғылыми зерттеу әдістерін қолдануына ;
- физиканың ең жаңа даму процесіне сәйкес ғылыми зерттеу әдістерін қолдану мен жетілдіруіне және олардың практикада пайдалануына;
- білім беру процессінің мазмұны, әдістерін және тенологияларын қолдануы мен жетілдіруіне;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалануына, оларды өндіріс пен орта және жоғары оқу орындарының оқыту процесіне енгізуіне;
- ғылыми зерттеулерінде, басқарушы – ұйымдастырушылық және оқу – педагогикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануына бағытталған.
2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.
5В060400 – Физика мамандығы бойынша білім бакалаврының даярлауда білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты:
- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достастығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
- жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
- экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;
- бакалаврларды тілдік даярлау;
- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.
3. Негізгі құзыреттіліктер:
- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;
- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;
- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;
- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;
- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, жаратылыстану ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алуға қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, аталмыш мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;
- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
4. Білім беру бағдарламасының мазмұны
Модульдің атауы
|
Цикл және компонент
|
Пәннің коды
|
Пән атауы
|
Бақылау түрі
|
Семестр
|
Кредит көлемі
|
Қалыптастырылатын құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)
|
KZ
|
EСTS
|
Жалпы модульдер
|
Қоғамдық-коммуникативтік
|
ЖББ/МК
|
KKZT1101
|
Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)
|
Мемлекеттік емтихан
|
2
|
3
|
5
|
Білікті болуы тиіс: Қазақстан тарихындағы себеп-салдар байланыстарды орнықтыру, салыстырып талдау негізінде тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ойлану, нақты жағдайды (ситуацияны) талдау кезінде экономикалық сипаттау проблемаларын анықтау, құқықтық институттар мен олардың (мүдделер талабын) қамтамасыз ету нормаларын ажырату.
Білуі тиіс: Қазақстандағы адамдар қоғамының даму тарихы әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі екенін, экономика қызметінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын, мемлекеттің пайда болуы мен даму заңдылықтарын, ұстанымдары (принциптері) мен ұғымдарын ашып көрсететін мемлекет теориясының негіздері мен құқықтарын және олардың өзара қарым-қатынас құқықтарын.
Дағдылары болуы тиіс: тарихи оқиғаларды талдау, микро, макроэкономикалық және құқықтық құбылыстарды дербес талдау, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта шешімдер қабылдау.
Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.
|
ЖББ/МК
|
Fil2102
|
Философия
|
Емтихан
|
3
|
3
|
5
|
ЖББ/МК
|
ShT1103
|
Шетел тілі
|
Емтихан
|
1, 2
|
6
|
11
|
ЖББ/МК
|
OT1104
|
Орыс тілі
|
Емтихан
|
1, 2
|
6
|
11
|
ЖББ/МК
|
AKT1105
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
|
Емтихан
|
2
|
3
|
5
|
Модуль бойынша барлығы
|
|
|
|
|
|
21
|
37
|
|
Әлеуметтік-саяси және жаратылыстану
|
ЖББ/ТК
|
Saya2106
Ale2106
ZhS2106
|
Саясаттану
Әлеуметтану
Жастар саясаты
|
Емтихан
|
4
|
3
|
5
|
Білікті болуы тиіс: заманауи әлемде өтіп жатқан үдерістер мен құбылыстарды зерттеу теориясы мен жолдарын, қолданыстағы тұжырымдарды сын тұрғысынан талдауға.
Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық ережелерін меңгереді;
Білуі тиіс: философияның, политологияның, социологияның негізгі дүниетанымдық ұғымдарын және танымның философиялық әдістерін.
қазақ тілі деңгейлеріндегі фонетикалық, лексика-грамматикалық заңдылықтарды теориямен ұштастыра алады;
Дағдылары болуы тиіс: заманауи өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық ұстаным, кәсіби қызметте инновациялық ойлануды пайдалану.
Қазақ орфографиясының ережелерін меңгеріп,орфографиялық принциптерді түсініп шығады,
Құзыретті болуы тиіс: игерілген теориялық білім мен іскерлікті кәсіби қызметте қолдануға.
Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің емле ережелеріне қатысты алған білімдерін тәжірибе кезінде, кәсіби қызметінде қолдана алады
|
ЖББ/ТК
|
TKN1107
ETD1107
LG1107
|
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Экология және тұрақты даму
Латын графикасы
|
Емтихан
|
1
|
2
|
4
|
ЖББ/ТК
|
KN1108
EN1108
SZhKMN1108
|
Құқық негіздері
Экономика негіздері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
|
Емтихан
|
1
|
2
|
4
|
Модуль бойынша барлығы
|
|
|
|
|
|
7
|
13
|
|
Мамандық бойынша міндетті модульдер
|
Базалық және тілдік дайындық негіздері
|
БП/МК
|
KOT2201
|
Кәсіби орыс тілі
|
емтихан
|
3
|
2
|
4
|
Білікті болуы тиіс: кәсіби орыс тілі, кәсіби шет тілі методологиясын дербес түрде өңдеу, кәсіби шет тілі методологиясын дербес түрде өңдеу. нақты есептер мазмұнын жалпы физика заңдарымен дұрыс байланыстыру, шығармашылықты және күрделілігі жоғары есептерді шығара білу, тәжірибелерді жобалау, электрлік аспаптарды қолдану ; тәжірибелік берілгендерді сараптау, өңдеу, бағалау; қажетті ақпарат көздерін қолдану, : негізгі оптикалық параметрлерді нақты өлшеу, атом ядросының элементар бөлшектердің ядро нұрларының затпен әсерлесу заңдылықтарын сапа жағынан түсіндіре білу; алған білімдерін тәжірибе деректерін дұрыс талдау үшін, экспрементті дұрыс жоспарлау үшін пайдалана білу керек.
Білуі тиіс: кәсіби орыс тілін, кәсіби шет тілін оқудың негізгі әдістемелік ережелері, кәсіби шет тілін оқудың негізгі әдістемелік ережелері. физиканың негізгі заңдарын және физикалық құбылыстар , молекулалық физика курсының теориялық негіздерін, түсініктемелерін және тарихын, электростатикалық және магниттік өрістерді сипаттайтын негізгі заңдар, өткізгіштердің элетрөткізгіштігі, физикалық және геометриялық оптиканың негіздері; негізгі оптикалық аспаптардың құрылысы мен жұмыс істеу тәсілдері, алуан түрлі қүбылыстардағы негізді оптикалық ұстанымдар, ядроның құрылысы туралы заманауи көзқарастарды білу; ядроның ыдырау рекцияларын білу; қолданбалы ядро физикасының элементтерін білу керек.
Дағдылары болуы тиіс: кәсіби орыс тілін, кәсіби шет тілін оқудың негізгі грамматикасы мен стилистикасын меңгеру. жалпы физика заңдарын тиімді пайдалану; негізгі физикалық аспаптарды пайдалану; механикалық құбылыстарждың математикалық моделін құрастыру; жұмыс кезінде анықтамаларды және оқу әдебиеттерін пайдалану, есептеуіш және сапалы есептерді шығару, тәжірибелік қондырғылармен жұмыс істеу.
Құзыретті болуы тиіс: орыс тілде, шет тілде қажетті ғылыми қарым қатынасты жүзеге асыру үшін алынған білімдерді қолдану ғылыми- зерттеушілік, жобалық- конструкторлық, өндірістік- технологиялық және ұйымдастыру- басқарушылық қызметтер пайдалану, : физика облысындағы жаңа жетістіктерінде құзырлы болуы қажет
|
БП/МК
|
KBShT2202
|
Кәсіби бағытталған шетел тілі
|
емтихан
|
3
|
2
|
4
|
БП/МК
|
Meh1203
|
Механика
|
емтихан
|
1
|
3
|
5
|
БП/МК
|
MF1204
|
Молекулалық физика
|
емтихан
|
2
|
3
|
5
|
БП/МК
|
EM2205
|
Электр және магнетизм
|
емтихан
|
3
|
3
|
5
|
БП/МК
|
Opt2206
|
Оптика
|
емтихан
|
4
|
2
|
4
|
БП/МК
|
AF3207
|
Атомдық физика
|
емтихан
|
5
|
2
|
4
|
БП/МК
|
YaF3208
|
Ядролық физика
|
емтихан
|
6
|
3
|
5
|
Модуль бойынша барлығы
|
|
|
|
|
|
20
|
36
|
|
Мамандық бойынша таңдау модульдері
|
Жоғарғы математика негіздері
|
БП/ТК
|
AGSA1209
Mat1209
|
Аналитикалық геометрия және сызықты алгебра
Математика І
|
Емтихан
|
1
|
3
|
5
|
Білікті болуы тиіс: сызықты алгебраның негізгі сұрақтарын, векторлық алгебраны, түзулер мен жазықтықтар және екінші реттік қисықтар теорияларын жетік меңгеру, шектер теориясын және бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық есептеуін пайдалану арқылы қолданбалы және физикалық мағынадағы есептерді шешу барысында теориялық материалды қолдану, әртүрлі жаратылыстану облыстарында кездесетін дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді зерттеуге қолдана білу, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика есептерін шығару, жәнеде олардың жан-жақты талдауын өткізу.
Білуі тиіс: математика, алгебра және геометрия есептерін тиімді әдіспен шешу, оларға талдау жасау, қажетті теориялық және тәжірибиелік мәліметтерді дұрыс пайдалану, жиындар теориясын, сандық тізбектер, шектер теориясын, бір айнымалыдан тәуелді функцияның дифференциалдық есептеуін және функцияны, дифференциалдық тендеулердің негізгі теорияларын, I текті дифференциалдық теңдеулердің шешу әдістері, n- ретті, сондайақ дифференциалдық теңдеулер жүйелерін білу. Шеттік есептерді шешу және тұрактылыка зерттеу.
Дағдылары болуы тиіс: есеп шешудің қолайлы әдістерін таңдау, ғылыми және оқу әдістемелік құралдарды пайдалану, қолданбалы бағыттағы есептерді шешу, шындық процестерде математикалық моделдерді зертеу мен алған білімдерін қолдана білу.
Құзыретті болуы тиіс: курсты оқу барысында алған білімдерін өз мамандықтарында шебер пайдалана білу, ғылыми және әдістемелік тұрғыда кәсіби маман болу, логикалық көзқарастарын еркін жеткізе білу, теориялық алған білімдерін тәжірибиемен ұштастыра және математиканың басқа да салаларын меңгеруде осы курста алған білімдерін қолдана білу
|
БП/ТК
|
MT1210
Mat1210
|
Математикалық талдау
Математика ІІ
|
Емтихан
|
2
|
3
|
5
|
Модуль бойынша барлығы
|
|
|
|
|
|
6
|
10
|
|
Жобалау, педагогика және психология негіздері
|
БП/ТК
|
KRZh 3211
ZhZK3211
|
Қазақстанның рухани жаңғырылуы
Жобалық-зерттеу қызметі
|
емтихан
|
6
|
2
|
4
|
Білікті болуы тиіс: тұлғаның өзін өзі тану және өзін өзі дамытудың міндеттерін айқындау және мақсат қою, «тану», «өзін өзі тану», «өзін өзі дамыту» ұғымдарын қолдана отырып, педагогикалық және психологиялық әдістерді игеру, үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жеткіншектер мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық сапасының дамуын қамтамасыздандыруды, түземе-тәрбиелік процессті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, өлшеуді және болжауды, жекелік тұрғыда денсаулығының жағдайы мен дамуын есепке алу негізінде әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын айқындауды және дамытуды, педагогикалық процесске жаңалық енгізу нәтижелеріне талдау жасауды және бағалауды, әлеуметтік жауапкершілік және халыққа қызмет ету құндылықтарын қоғамда бекітуге септігін тигізуді.
Қазақстан қоғамының модернизация процесін зерттеу барысында пайда болатын мәселелердің тиімді шешімін таба білу;
Білуі тиіс: өзін-өзі танудың, педагогиканың, этнопедагогиканың әдіснамалық негіздерін және ұғымдарын; өскелең ұрпақты дамытудың жас шамасының, анатомиялық- физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін; балалардың, жеткіншектер мен жастардың әлеуметтік және тұлғалық даму заңдылықтарын, гуманистік принциптер негізінде балалардың, жеткіншектер мен жастардың қызығушылығын қорғау бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекеттердің мәнін және мазмұнын.
Әлеуметтік модернизация саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін білу, қоғамдық сана модернизациясымен байланысты бағдарламалық құжаттарды, әлеуметтік модернизация процесстерін сипаттаудың жаңа заманғы эпистемологиялық модельдерін білу.
Дағдылары болуы тиіс: өзін өзі тану процесін жүзеге асырудың құралдарын анықтау, балалар мен жеткіншектермен қарым-қатынас жасауды ұйымдастыру, сынмен қарау және шығармашылық ойлау, біртұтас педагогикалық процессте жаңа технологияларды қолдану, әлеуметтік және өндірістік жүйелердегі адамдармен іскерлік қарым-қатынас жасау, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық түземе жұмыстарына талдау жасау және оларды бағдарламалау, әртүрлі жағдайлардағы кәсіби-педагогикалық және тұлғалық проблемаларды шешу, рефлексия, өзін-өзі бақылау мен түземе процесін және педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жүзеге асыру.
Ойлау мәдениетін игеру мен сапалы кәсіби білімді талап ететін әлеуметтік жобалау саласындағы дербес ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу; Қазақстан қоғамы модернизациясы процесіне белсенді түрде араласу үшін қажетті аксиологиялық бағыт бағдарларды дербес түрде таңдай білу.
Құзыретті болуы тиіс: балалардың, жеткіншектер мен жастардың түйінді мінез-құлықтық, жалпымәдени, танымдық, коммуникативтік, тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруда,балалар мен жеткіншектердің қабілеттері мен қызығушылықтарын айқындау мен дамытуда, әртүрлі ақпараттық дерекнамалардан білім алудың тәсілдерін игеруге негізделген жеке танымдық қызмет аясында, проблемаларды альтернативтік тұрғыда шешуде және оңтайлы таңдауды жүзеге асыруда, салауатты өмір салтын, жеке денсаулығын қамтитын тұрмыстық салада.
Алатын білімдеріне тұлғалық қатынасын көрсете білуі, белсенді және дербес талдай білу іскерлігі, тұжырым жасай білу, оңтайлы және объективті шешімдер қабылдай білу, айрықша белгісіне динамикалық әлеуметтік құрылым, жоғарғы мобильділік, инновацияларға қабілеттілік пен сыншылдық жататын ашық, демократиялық, құқықтық қоғамды құруға белсенді түрде қатыса білу қабілеттілігі.
|
БП/ТК
|
BEOKKE3212
KB3212
|
Бизнес экономикасы және оны құқықтық қамтамасыз ету
Қолданбалы бизнес
|
емтихан
|
5
|
2
|
4
|
БП/ТК
|
Ped2213
Etn2213
|
Педагогика
Этнопедагогика
|
емтихан
|
4
|
2
|
4
|
БП/ТК
|
Psi3214
PAD3214
|
Психология
Психология және адам дамуы
|
емтихан
|
5
|
2
|
4
|
Модуль бойынша барлығы
|
|
|
|
|
|
8
|
16
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы және теориялық физика негіздері
|
БП/ТК
|
TPFT2215
TShKF2215
|
Техника перевода физических терминов
Терминология школьного курса физики
|
Емтихан
|
4
|
3
|
5
| Білікті болуы тиіс:: физиканың негізгі заңдары мен физикалық құбылыстар; ЭЕМ ұқсас және цифрлық элементтерінің құрылу ұстанымдарын және жұмыс сипаттмаларын білу; электрониканың шет тілі және орыс тіліндегі берілген анықтамаларын білуді; цифрлық электрониканың негізгі логикалық элементтерін және олардың ақақат кестесін білу
Білуі тиіс: нақты есептердің мазмұнын физиканың жалпы заңдарымен дәл байланыстыра білу параметрлерін және сипаттамаларын талдап есептеуге қажетті электрондық сұлбаларды білу; тұрақты тоқ және айнымалы тоқ өтетін электрондық тізбектердегі өтпелі құбылыстарды талдауды;
Дағдылары болуы тиіс: физиканың жалпы заңдарын тиімді пайдалану, негізгі физикалық құралдарды қолдану, механикалық құбылыстарға математикалық модельдер құру. Жұмыс барысында анықтамалық және оқу әдебиеттерді қолдану; электрондық аппараттармен жұмыс істеуге дағдылану, ЭЕМ архитектурасына сәйкесті элементтерді таңдауға дағдылану; электр тізбектерін және электрондық құрылғыларды аналитикалық әдіспен таңдауа дағдылану;
Құзыретті болуы тиіс: өмірде кездесетін мәселелерді электрондық құрылғыларды пайдаланып шешу
|
Достарыңызбен бөлісу: |