5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет16/30
Дата04.05.2017
өлшемі5,74 Mb.
#15543
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математика І-ІІ

Пәннің коды: Mat1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1-2

Кредит саны: 6 KZ кредиті = 8 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Әбжанов Е. ф-м.ғ.к

Курстың мақсаты: Математика пәнін жаңа әдіспен оқыту процесінің

негізгі мақсаты:

- инженерлік салада математикалық аппараттарды жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту;

- математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану;

- білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпаратттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету;



- математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, алгебра, геометрия

Курстың/пәннің мазмұны: Сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрияның элементтері. Анализге кіріспе. Бір айнымалы функцияларының дифференциалдық есетеулері және олардың қолданылулары. Бір айнымалы функцияларының интегралдық есептеулері және олардың қолданылулары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике.М.: Наука, 1978.

  2. Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Ч. 1 и 2, М.:ВШ, 1974.

  3. Пискунов Н.С. Дифференциальное и интегральное исчисления. М.: Наука, 1978.

  4. Шипачев В.С. Высшая математика. М.: ВШ, 1985.


Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физика 1

Пәннің коды: Fiz1202

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Тұрсыматова О.

Курстың мақсаты: Негiзгi физикалық құбылыстармен идеяларды оқып-үйрену; қазiргi және классикалық физика теориясы мен заңдарын, қалыптасқан түсiнiктердi, сондай-ақ физикалық зерттеу әдiстерiн бiлу; ғылыми көзқарас пен қазiргi физикалық ойлауды қалыптастыру; физиканың әртүрлi облыстары бойынша нақты есептердi шығару әдiстерi мен жолдарын үйрену; қазiргi ғылыми аппаратуралармен танысу, физикалық эксперименттер жүргiзуге iскерлiктi қалыптастыр; болашақ мамандығы бойынша қолданбалы есептердi физикалық моделдеуге қалыптасу.

Деректемелері/Пререквизиттері: физика, математика

Курстың/пәннің мазмұны: Механика. Кинематика. Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар. Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электрстатика. Тұрақты электр тогы. Магниттік өріс. Заттағы магниттік өріс. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік тербелістер.
Ұсынылатын әдебиет:

1. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том. Механика. Молекулалық физика. Термодинамика. Алматы, 2001.-173 бет.



  1. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 2 том. Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы, 2003.-197 бет.

  2. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. І том. Механиканың физикалық негiздерi. Молекулалық физика. Тербелiстер және толқындар.-Орыс тiлiнде 10-басылуына сәйкес қазақша 2-басылуы.-“Мектеп“ баспасы, Алматы, 1971.-500 бет

  3. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. І І том. Электрлiк және электромагниттiк құбылыстар.-Орыс тiлiнде 9-басылуынан аударылды.-“Мектеп“ баспасы, Алматы.-1970.-500 бет.

  4. Полатбеков П. Оптика. Педагогикалық институттардың физика-математика факультеттерiне арналған оқулық.-“Мектеп“ баспасы, Алматы, 1967.-275 бет.



Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Инженерлік графика

Пәннің коды: IG1204

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Келмағамбетов Н.К., акад.доцент

Курстың мақсаты: Кеңістік туралы түсініктер мен болжамдарды, конструкторлы ойлау қабілетін дамыту; кеңістік пішіндері мен құбылыстарды талдау және оларды жинақтап, қорытынды жасай білу; түрлі геометриялы пішіндерді жасаудың тәсілдерін үйрету; геометриялы денелердің кеңістік пішіндерін графикалық модельдері болып табылатын сызбаларын салу тәсілдерімен танысу және оны игеру; конструкторлық құжаттаманы орындау мен безендіру ережелерін үйрету

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, гометрия, сызу

Курстың/пәннің мазмұны: Нүкте, түзу, жазықтық; геометриялық элементтердің өзара орналасуы; эпюрлерді түрлендіру; беттер, беттердің өзара қиылысуы; проекциялық сызу; бұрандалы қосылыстар; заттарды эскиздеу; құрастырылған бұйымдар; құрылыс сызбалары; темірден істелінген құрылымдар; темірбетоннан жасалған құрылымдар; ағаштан істелінген құрылымдар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Есмұханов Ж.М, Қонақбаев К.Қ. Сызба геометрия Мектеп 19б8ж.

  2. Ақпанбек Ғ. Сызба геометрия. Алматы 1992ж.

  3. Виноградов В.Н. Начертателъная геометрия. Москва1984г.

  4. Брилинг. Задания по черчению.

  5. Х.А. Арустамов Сборник задач по начертательной геометрий Москва 1978г.


Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Химия

Пәннің коды: Him 1201

Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Файзуллаева М.Ф., х.ғ.к., акад.доцент

Курстың мақсаты: Химия пәнінің мақсаты жоғары деңгейдегі маман дайындау үшін химиялық негіздерін және процестердің химизмі туралы кеңейтілген білім жүйесін қалыптастыру; химиялық процестермен байланысты арнайы пәнді игеруге дайындау.

Деректемелері/Пререквизиттері: химия

Курстың/пәннің мазмұны: Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. Атом құрылысы және периодтық заң. Химиялық байланыс. Заттың құрылысы. Химиялық термодинамика. Химиялық реакциялар энергетикасы. Өздігінен жүретін процестердің өту шарттары. Химиялық және фазалық тепе-теңдіктер. Химиялық кинетика. Реакция жылдамдығы және оны реттеу әдістері. Катализаторлар және каталитикалық жүйелер. Ерітінділер. Тотығу-тотықсыздандыру реакциялары және электр химиялық процестер. Металдар коррозиясы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бірімжанов Б.А.Жалпы химия, Алматы, 1991 ж

2. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия, Алматы 1994 ж

3. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Мұратбеков М.Б.

4. Анорганикалық қосылыстардың құрылысына теориялық кіріспе. Алматы 1978

5. Глинка Н.Л. Задачи и уупражнения по общей химии л. 1986

6. Гольбрайх З.Е. Практикум по неорганической химии. М. Высшая школа , 1986

7. Лучинский Г.П.Курс химии М. Выша школа 1985

8. курс общей химии /под редакцией Коровина/ М. Высшая школа 1990

9. Глинка Н.Л. Общая химия Л Химия 1986: 1988 гг



10. Князев Н.Л. Смарыгин С.Н.Неорганическая химия М. Высшая школа 1990 г.
Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


2 курс

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Химиялық талдау

Пәннің коды: HT1207

Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Балықбаева Г.Т., х.ғ.к, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Химия табиғат заңдарын ашуда, материяны түсiнуде, заттар айналымын ұғынуда маңызды. Өнеркәсiптегi технологиялық процестер – химиялық реакциялардың түрлi заңдылықтарымен байланысты жүзеге асырылады. Химия заңдарын түсiну, химиялық реакциялар механизмiн ұғыну қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн шешуде қолданылады. Химиялық талдау курсында негiзгi назар талдаудың химиялық және физико-химиялық әдiсiн зерделеуге аударылады. Қазiргi кезде жоғары квалификациялы маман-инженерлердi дайындау мақсатында химиялық талдау курсында аналитикалық химияның теориялық негiзi, қосылыстар мен өнiмдердiң химиялық құрамын зерттейтiн сапалық және сандық талдау әдiстерi, әр түрлi технологиялық, өндiрiстiк және табиғи процестердi бақылауда химиялық талдау әдiстерiнiң қолданылуы т.б. тақырыптар қарастырылады.
Деректемелері/Пререквизиттері: Химия

Курстың/пәннің мазмұны: Аналитикалық химия негіздері, қосылыстар мен өнімдердің химиялық құрамын зерттеудің сапалы және сандық әдістері; өнеркәсіп пен қоршаған ортаның құрауыштары мен объектілерін және техногенді қызмет өнімдерін талдаудың химиялық әдістері; әр түрлі технологиялық, өндірістік және табиғи процестерді бақылау үшін химиялық талдау әдістерін қолдану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Пилипенко А.Т., Пятницкий И.В. Аналитическая химия, часть 1,2. М Химия, 1990

  2. Крешков В.И. Основы аналитической химии. М, Госхимиздат, 1987

  3. Васильев В.П. Аналитическая химия. М: Высшая школа, 1989

  4. Посыпайко В.И. Химические методы анализа. М: Высшая школа, 1989

  5. Кулажанов К.С. Аналитикалык химия. Алматы: Білім, 1994

  6. Логинов Н.А., Воскресенский А.Г., Солодкин И.С. Аналитическая химия. Москва: Про-свещение, 1979

  7. Цитович И.К. Курс аналитической химии. М: Высшая школа, 1977

  8. Алексеев В.Н. Количественный анализ. М. Химия, 1972

  9. Ярославцев А.А. Сборник задач и упражнений по аналитической химии. М. Высшая школа 1973

10. Под. ред. В.Д Пономарева. Практикум по аналитической химии. М Высшая школа, 1983

11. Под. ред. В.Д. Петрухина. Практикум по физико–химическим методам анализа. М: Выс шая школа, 1983



Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Бодықова А., аға оқытушы

Курстың мақсаты: «Экономикалық теория негіздері» пәнінің мақсаты- студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.

Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді; студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды; өндірістің негізгі факторларын; нарық қызметтерімен инфрақұрылымын; әлеуметтік - экономикалық жағдайларды талдау; қазіргі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету.



Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, әлеуметтану

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет: Экономикалық теория негіздері. Оқулық- Алматы, Санат 1998, Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999, Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002, Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993, Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: Sht2107

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Билтекенова Г.

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; Шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Мектептегі ағылшын тілі

Курстың/пәннің мазмұны:. Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:

  • фонетика: дыбыстарды анық айту, кейбір жекелеген дыбыстар мен дыбыс әріптер мен әріп тіркестерінің оқыту ережесін, дауыс ырғағының (интонация) ерекшеліктерін:

  • орфография: ағылшын тілінде сөз құрамындағы әріптердің қатесіз жазылуын қадағалауды;

  • лексика: көптеген сөздердің, терминдердің және сөз тіркестерінің көп мағыналық қырын және негізі мамандығы бойынша лексикалық қор меңгеру керектігін;

  • грамматика: ағылшын тілінің базалық және инженерлі-техникалық терминологиясының су, мал, құрылыс шаруашылықтар салаларына тән негізгі грамматикалық ерекшеліктерін білуі қажет.

Ұсынылатын әдебиет:

Сабақ беру әдістері: интерактивті Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші:

Курстың мақсаты:

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, әлеуметтану, саясаттану
Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсының пәні және жүйесі. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті такта, кітапхана қоры кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Абдраманова А., ф.ғ.к

Курстың мақсаты: Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл

мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен

таныстыру.

2. Ойлау мәдениетінің өсуіне жағдай жасау, ойлаудың өзіндік, сыншылдықө, өзін-өзі

сынау түрлерін көтермелеу және ақылдың кеңдік, тереңдік, ашықтық, алғырлық сияқты

түрлерінің қалыптасуын қолдау.

3. Сұхбаттың әдістері жөнінде білім беру, дағдыларды қалыптастыруға көмектесу.

Философия тарихын, әралуан философиялық ілімдерді тану, ойткені философиялық

ойдың дамуы – бұл түрлі көзқарастар мен ойлардың сұхбаты және өмірлік философиялық

сұрақтарға жауап іздеу.

Отандық философия тарихын, қазақ философиясының ерекшелігін тану.

Ғылыми категориялар мен ұғымдарды игеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, әлеуметтану, саясаттану

Курстың/пәннің мазмұны: Философия пәні және функциялары. Философия пәні және оның тарихи динамикасы. Философия пәні анықтамаларының алуантүрлiлігі және басты философиялық ойлар. Философия және дүниетану. Дүниетану ұғымы, оның құрылымы және негiзгi функциялары. Дүниетанудың тарихи түрлерi. Философиялық бiлiм құрылымы. Философиялық ойлаудағы ерекшелiк. Рефлексия және критицизм классикалық философияның iргелi сипаттамалары ретінде. Эвристикалық және философиялық ойлаудағы творчестволық сипат.

Философияның мәдени-тарихи алғышарттары. Тарихи өлшемдегi философия. Философия және аңыз: шығыстың ежелгi өркениеттерiнiң мәдениетiндегi философияның қалыптасуы. Ежелгi Қытай және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік. Көне грек өркениетi және көне философиялық дәстүрдiң ерекшелiк сипаты. Орта ғасырлық еуропалық мәдениеттегi философияның мәртебесі және функциялары. Араб шығыстық орта ғасырлық философиясы. Ренессанс дәуiрiнiң философиясы. Философия және ғылым: жаңа европалық мәдениетiндегi философияның өз тағдырын өзi шешу мәселесі. Әлеуметтiк-тарихи және дүниетану философиялық бiлiм берудiң негізі ретінде. Еуропалық философиялық дәстүрдi дамытуындағы немiс классикалық философиясы және оның рөлi. XIX ғасырдың философиясы: рационализм. XIX ғасырдың философиясы: иррационализм. Қазақ мәдениетiндегi философия феноменi. Қазақ халықының ұлттық сезiмiнiң қалыптасуындағы философиялық идеялар және қазақ ойшылдарының ықпалы. XX ғасыр және XXI ғасыр философиясы. Қазiргi философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.

Iргелi ұғымдар және философияның қағидалары. Философиядағы әдiс мәселесi. Болмыс философиясы. Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелерi. Тәуелсiздiктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негiздерi, ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері. Қазақстандық ұлттық идеяның негiзгi аспектілері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет