5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет21/30
Дата04.05.2017
өлшемі5,74 Mb.
#15543
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30


ҚЫЗЫЛОРДА, 2013ж

5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша «стандарттау, метрология және сертификаттау бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығын сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.

5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.



Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы - 74 кредит + 2 кредит (іс-тәжірибе) + 4 кредит (дене шынықтыру) - (ECTS-120 кредит)


Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Жалпы білім пәндері – кредит

15

23




Міндетті компонент

15

23

ETN 2107

Экономикалық теория негіздері

2




Sht 2108

Шетел тілі

6




KN 2109

Құқық негіздері

2




Saya 1110

Саясаттану

2




Fil 2111

Философия

3







Базалық пәндер

45

68




Міндетті компонент

7

11

Fiz 2206

Физика 2

3




KK (O) 2207

Кәсіби орыс тілі

2




K-BshT 2208

Кәсіби бағытталған шетел тілі

2







Таңдау компоненті

38

57

Stan 2203

Стандарттау

3




Sert 2204

Сертификаттау

3




ETN 2205

Электр техникасы негіздері

3




ZhOT 2206

Жалпы өлшемдер теориясы

3




ACСN 2207

AUTOCAD және CREDO

негіздері



3




TPBTN 2208


Технологиялық процестерді

бақылау теориясының негіздері



3




OUZhB 3209


Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау

және басқару



3




DT 3210

Дәнекерлеу технологиясы

3




MOMZh 3211

Мұнайгаз өнеркәсібіндегі

машиналар мен жабдықтар



3




EKOK 3212



Еңбек қорғау және өнеркәсіптік

қауіпсіздік



3




Met 3213

Метрология

4




Kval 3214

Квалиметрия

4







Кәсіби пәндер

14

21




Міндетті компонент

5

8

OSBK 3301

Өнімді сынау, бақылау және

қауіпсіздігі



3




OPSBSA 3302

Өнімдер мен процестердің сапасын басқарудың статистикалық әдістері

2







Таңдау компоненті

9

14

DBSZh 3301


Деректер базалары және сараптық

жүйелер



3




ETTSKE 3302

Энергия тасымалдағыштарды

тасымалдау және сақтау кезіндегі

экология


3




SMZh 3303

Сапа менеджмент жүйесі

3







Жалпы кредит саны

74

111

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: ETN 2107

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Шильманова А.

Курстың мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту.

Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды. Экономикалық ілімнің пайда болуы мен дамуы туралы мәселелерді; студенттерге адамзат қоғамының даму сатыларындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру жолдарын айқындауды; өндірістің негізгі факторларын; рынок қызметтерімен инфрақұрылымын; әлеуметтік - экономикалық жағдайларды талдау; қазіргі қоғамды дамыту мүмкіндіктерін түсіндіру және оқып үйрету



Деректемелері/Пререквизиттері: Математика, Өлшеудің жалпы теориясы, Мамандыққа кіріспе

Курстың/пәннің мазмұны:

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы, Санат 1998

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы- Алматы, 1999

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: Sht 2108

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3,4

Кредит саны: 6

Дәріс беруші профессор: Жапбаров Н., Каримова Г.

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру. Студенттер ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарда қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.

Деректемелері/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру

Курстың/пәннің мазмұны: Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары. Фонетика: шетел тілінің айтылу және ырғақтық-интонациялық ерекшеліктері, дыбыстық жүйенің рецепциясы мен репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лексикалық минимум, сонымен қатар мамандықтың профиліне сай терминдер; қолданыс кеңістігіне сай лексиканың дифференциясы. Грамматика: негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, предлог; жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің құрылымы, сөзжасамның негізгі модельдері. Оқу: таныстыру, анықтамалық, зерттеу, шолу дағдысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диалогті дамыту шеберлігі. Жазу: тізбекті ой жүйесін жеткізу, тұжырымдамалар мен шығармалар, жеке және іскерлік мәндегі хаттар жазу дағдысын жетілдіру. Мамандыққа байланысты шетел тіліндегі мәтіндерді ана тіліне тілдік нормаларға сай аудару. Тыңдау: күнделікті тұрмыста кездесетін, ақпараттық, кәсіптік мәндегі хабарларды тыңдау арқылы қабылдау.

Ұсынылатын әдебиет:

1. А.С. Восковская, Г.А.Карпова. Английский язык для вузов. Феникс 2005

2. М.А.Васильева. Английский язык, 1997

3. Дудкина А.Г., Учебник английского языка для делового общения. Часть 2, 3



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Жарекеев Қ.

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру;

  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

  • Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау;

  • Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі;

  • Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

  • Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория, Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004

  10. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004

  11. Оспанов «Құқық негіздері» Алматы «Жеті жарғы» 2007 2 басылымы

  12. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003

  13. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003

  14. Оңғарбаев Е.Ә., Смағұлов А.А. «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы». Қарағанды, «Болашақ- Баспа», 2005

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Тлеубаев Т.

Курстың мақсаты: Саясаттану пәні, объектісі, әдісі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орны. Саясаттанудың болашақ маман тұлғасын, азаматты қалыптастырудағы орны. Саяси ой дамуының негізгі кезеңдері. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, түрлері, мүмкіндіктері, шекаралары мен келешегі. Саясаттанудың субъектісі. Саяси элита мен көшбасшылық. Гуманитарлық мәні, демократиялық мазмұны мен саясаттың ізгілік сипаты. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халқыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты.

Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория, Қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), Жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Курстың/пәннің мазмұны: Билік қатынас пен процесс ретінде: пайда болуы, мәні, шығу көздері, ресурстары. Саяси жүйе. Саяси режим мен оның типтері. Демократияның теориялары мен моделі. Сайлау жүйелері. Басқару мен мемлекеттік құрылыс формасы. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар. Мемлекеттің қарым-қатынас формалары және азаматтық қоғам, Қазақстанның партиялық жүйесі. Саяси мәдениет пен саяси идеология, Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы. Саясаттағы дағдарыстық және қақтығыстық жағдайлар, олардың алдын алу мен шешу жолдары. Әлемдік саясат пен қазіргі халықаралық қатынастар. Әлемдік саяси процестің ерекшеліктері. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, Орталық Азия аймағындағы және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақты дамытуды қамтамасыз етудегі сыртқы саяси бастамалары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А.Т. Мәдениеттану.– А., 2005

2. Құлсариева А.Т. Мәдениеттану сөздігі. – А., 2001

3. Мүтәліпов Ж. Мәдени диалог және өркениеттер тоғысы. – А., 2002

4. Сатершинов Б. Қазақстан мәдениетінің теориясымен тарихы. – А, 2001

5. Тойнби А. Постижение истории. – М., 1992

6. Швейцер А. Культура и этика. – М., 1973.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы)
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2111

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші профессор: Абдраманова А.

Курстың мақсаты: Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен таныстыру.

2. Ойлау мәдениетінің өсуіне жағдай жасау, ойлаудың өзіндік, сыншылдықө, өзін-өзі сынау түрлерін көтермелеу және ақылдың кеңдік, тереңдік, ашықтық, алғырлық сияқты түрлерінің қалыптасуын қолдау.

3. Сұхбаттың әдістері жөнінде білім беру, дағдыларды қалыптастыруға көмектесу.

4. Алған білімдерді практикада жүзеге асыра білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Адам және қоғам.

Курстың/пәннің мазмұны: Философия пәні және функциялары. Философия пәні және оның тарихи динамикасы. Философия пәні анықтамаларының алуантүрлiлігі және басты философиялық ойлар. Философия және дүниетану. Дүниетану ұғымы, оның құрылымы және негiзгi функциялары. Дүниетанудың тарихи түрлерi. Философиялық бiлiм құрылымы. Философиялық ойлаудағы ерекшелiк. Рефлексия және критицизм классикалық философияның iргелi сипаттамалары ретінде. Эвристикалық және философиялық ойлаудағы творчестволық сипат.

Философияның мәдени-тарихи алғышарттары. Тарихи өлшемдегi философия. Философия және аңыз: шығыстың ежелгi өркениеттерiнiң мәдениетiндегi философияның қалыптасуы. Ежелгi Қытай және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік. Көне грек өркениетi және көне философиялық дәстүрдiң ерекшелiк сипаты. Орта ғасырлық еуропалық мәдениеттегi философияның мәртебесі және функциялары. Араб шығыстық орта ғасырлық философиясы. Ренессанс дәуiрiнiң философиясы. Философия және ғылым: жаңа европалық мәдениетiндегi философияның өз тағдырын өзi шешу мәселесі. Әлеуметтiк-тарихи және дүниетану философиялық бiлiм берудiң негізі ретінде. Еуропалық философиялық дәстүрдi дамытуындағы немiс классикалық философиясы және оның рөлi. XIX ғасырдың философиясы: рационализм. XIX ғасырдың философиясы: иррационализм. Қазақ мәдениетiндегi философия феноменi. Қазақ халықының ұлттық сезiмiнiң қалыптасуындағы философиялық идеялар және қазақ ойшылдарының ықпалы. XX ғасыр және XXI ғасыр философиясы. Қазiргi философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.



Iргелi ұғымдар және философияның қағидалары. Философиядағы әдiс мәселесi. Болмыс философиясы. Адам санасы - бұл философиялық талдаудың негізгі пәні. Философиялық бiлiм жүйесiндегi гносеология. Эпистемология. Ғылымның когнитивтi және әлеуметтiк мәдени мәртебесi. Адам және оның болмысы – философияның орталық мәселесi ретінде. Адам мәселесін қарастырудағы философиялық ерекшелiк, өзектiлiктер және көпқырлылық. Қоғам: философиялық талдаудың негiзі ретінде. Мәдениеттiң философиясы және мәдениеттiң философиялық ұғымы. Әлеуметтiк даму – мәдени-тарихи процесс тұрғысында. Өркениет және мәдениет. Өркениет ұғымы. Қазiргi өркениеттің теориялық және әдiстемелiк негіздері. Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелерi. Тәуелсiздiктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негiздерi, ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері. Қазақстандық ұлттық идеяның негiзгi аспектілері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет