5В071100 «Геодезия және картография»



бет12/61
Дата12.10.2020
өлшемі424 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Параметр – (parametron – грек - өлшеу жүргізуші) – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама.

Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады:



  • өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің раазмері, ыдыс яқтың сиымдылығы.;

  • салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің масасы);

  • машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметарлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы);

  • энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б.

Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу принцибы мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше парамертлермен сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар беп аталады. Мысалы электр лампалардың параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт.

Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ- киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарді (әртүрлі жастағы, әртүрлі региондарда тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді.

Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағнасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады.

Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размерц» болып табылады.

Радиотехникада Халықаралық электротехниалық комиссиямен қабылданған Е қатарлары бойынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады.

Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных сопротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет