5В071100 «Геодезия және картография»



бет13/61
Дата12.10.2020
өлшемі424 Kb.
#68250
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Унификация(бірыңғайлау) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдай (тағайындау).

Бірыңғайлау – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайлау деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады.

Бірыңғайлаудың мақсаты ө өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері болуға жол ьермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады.

Бірыңғайлау стандарттау объектілерін жүйелеу, типтендіру (типтеу), селекция, симплификация және оптималдауда (оңтаылауда) негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:



  • бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің параметрлерлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу;

  • біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік бұйымдарды зерттеп дайындау;

  • бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат формаларын және т.б. зерттеп дайындау;

  • біртекті стандарттау объектілерінің номенклатурасын оптималды минимуммен шектеу.

Бірыңғайлау мына түрлерге бөлінеді:

  • типтік- өлшемдік бірыңғайлау (мысалы, функционалдық арналуы бірдей, бір- біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);

  • тип шегіндегі бірыңғайлау (мысалы, бас парамерті бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);

  • тип алалық бірыңғайлу (мысалы, әртүрлітипті және конструкциялы өнімдер).

Жүргізу облысына байланысты объектілерді бірыңғайлау салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін. Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау стадиясында қол жеткізуге болады. Бірыңғайлау нәтижелері бұйымдардың, бөлшек, тораптардың типтер, параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б. типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді.

Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайлан бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі сочетааниеда конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндек береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді.

Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігін жоғарылатады.

Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларың дамуы бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек (жеке) тексеруге мүмкіндек берді.

Бұйымдарды бөлек агрегаттарға бөлу агрегаттау әдісінің дамуының алғашқы предпосылкасы болды. Содан кейін машиналардың конструкцияларын талдау көптеген агрегаттар, тораптар және бөлшектер, құрылымы басқаа болса да әртүрлі машиналарда бірден бір функция атқаратынын көрсетті. Бөлек конструкциялық шешімдерді бірыңғайланғанагрегаттар, тораптар және бөлшектер әзірлеу жолымен жалпылау осы әдістің мүмкіншіліктерін едәуір арттырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет