Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні:
|
Информатика
|
Күні
|
18.11.2016 ж
|
Сынып
|
7 «а,б,в»
|
Сабақтың тақырыбы
|
№11 сабақ «Айнымалы типтер»
|
Жалпы мақсаты
|
Тақырыпты Блум таксономиясы арқылы сыни тұрғыдан игере отырып, айнымалы типтер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыта отырып, берілген тақырыпты еркін игереді.
|
Түйінді идеясы
|
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
|
Бағдарлама құруда айнымалыларды, айнымалы типтерін ажырата алады. Тақырып бойынша білімдерін бекітеді. Топпен жұмыс істеп идея бөліседі. Бір-бірін тыңдайды, кеңес береді. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс жасайды.
|
Сабақта қолданылатын материалдар
|
А4 қағаз, АКТ, стикерлер, оқулық.
|
Оқыту әдістері
|
Блум таксономиясы алты ойлау деңгейі. Оқушылардың өзара белсенділігін арттырып қызығушылығын ояту.
|
Дерек көздері
|
Кесте, мысалдар, 7 сынып оқулықтары. www.bilimland.kz сайты.
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
3 мин
|
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу.Топқа бөлу. Сабақ барысымен таныстыру.
|
Тапсырмалар:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
|
Білу 7 мин
Тапсырма №1. «Миға шабуыл» әр түрлі сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.
|
Ашық, жабық сұрақтарға жауап беру
|
1.Программа жазу үшін қандай қызметші сөздер қолданамыз?
2.Программалау тілінде операторлар қалай жазылады?
3. Program сөзінен кейін қандай таңба қойылады?
4. begin, end сөздерінің арасында қандай оператор жазылады?
|
Түсіну 5 мин
Тапсырма №2. Жаңа сабақ.
Бейне жазба
Сұрақ-жауап, мысалдарды қарастыру арқылы түсінеді.
|
Оқушыларға бейне жазба көрсетіледі.
|
Оқушылар бейне жазбада көргендері бойынша ойларын айтады
|
Қолдану 15 мин
Тапсырма №3. Топпен жұмыс тақырыпты ашу.
|
Топпен жұмыс.
Практикалық тапсырма орындау.
|
1-топ, 2-топ, 3-топ берілген мысалдарды орындау.
Деңгейлік тапсырмалар: оқулықтан
|
Талдау 5 мин
Тапсырма №4.
|
Айнымалы типтердің айырмашылығын салыстырмалы талдау жасау.
|
Салыстырмалы талдау жасау
|
Жинақтау 7мин
Тапсырма №5.
Сұрақ-жауап
|
Өткен тақырыптан білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы жинақтайды.
|
1.Айнымалы дегеніміз не?
2. «Тип» ұғымын қалай түсінесіңдер?
3.Айнымалының қандай түрлері бар?
4.Программалау тілінде айнымалыны жазу үшін қандай қызметші сөз қолданылады?
5.Жолдық айнымалы қанша символды қабылдайды?
|
Бағалау 3 мин
|
Тақырыптың өзектілігіне баға беру. Ой жинақтау. Сұраққа жауап беру арқылы.
|
Айнымалы типтердің маңыздылығы қандай?
|
Кері байланыс
|
Рефлексия
|
Мен бүгін ....................
Маған ...........................
Мен үшін......................
Егер де мен...................
Алдағы уақытта..........
|
Айнымалылар деп программаны орындау барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Тип – айнымалылардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Кез келген айнымалының өзіндік аты, типі және мәні болуы керек. Сондықтан айнмалыны ішіне бір нәрсе салынған қорап түрінде елестетуге болады. Айнымалының аты – қораптың сыртындағы жазу, мәні – оның ішіндегі зат, ал типі – қорапқа салынған зат. Тип ұғымы Паскаль тіліндегі негізгі ұғымдардың бірі. Мәліметтер типі деп олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады. Біз стандартты типтерге енетін бүтін сандар, нақты сандар, логикалық, символдық және жолдық типтерді қарастырамыз.
Айнымалы типтері және оның сипаттамасы
Тип атауы
|
Типі
|
Сипаттамасы
|
Жолдық
|
String
|
0-ден 255-ке дейінгі символдарды қабылдайды
|
Символдық
|
Char
|
Кез келген бір символ
|
Бүтін оң сан
|
Byte
Word
|
0...255
0....65 535
|
Таңбалы бүтін сан
|
ShortInt
Integer
Logint
|
-128....127
-32 768....32 767
-2 147 483 648 ....2 147 483 647
|
Нақты сандар
|
Single
Real
|
7-8 таңбалы цифрлар ()
11-12 таңбалы цифрлар ()
|
Программа жазуда айнымалыны қолдану үшін оны программаның басында сипаттау бөлімінде «Var» сөзінен кейін айнымалының аты мен типін көрсетіп жазады.
Мысалы,
Var a: <айнымалының типі>;
b,c,d:<айнымалының типі>.
Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі
Алгоритмдік тілде жазылған тұрақты шамалардың типтерін көрсетіңдер:
А) «дүйсенбі»; ә) (-7); б) 2,5; в) «45»ю
В деңгейі
Программада жазылу пішімін көрсетіңдер:
А) А және В сандары нақты сандар; ә) K, L, M бүтін сандар.
С деңгейі
«Ойлан, тап» ойыны.
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым.......................................................................
.........................қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған.
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: .................., .........................., ............................... .
Кез келген программаның алғашқы жолы .................................... сөзінен басталып, оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі нысандарының ........................... жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |