5В071100 «Геодезия және картография»



бет4/61
Дата12.10.2020
өлшемі424 Kb.
#68250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Лекция 3. Өлшеу әдістері.
Лекцияның мазмұны

1 Өлшеу әдістерінің жіктелуі

2 Өлшеммен салыстыру әдісінің түрлері

Лекцияның қысқаша конспекті


Заттардың құрамын немесе қасиетін өлшеу немесе физикалық шаманы өлшеу үшін белгілі өлшеу әдісі қолданылады.

Өлшеу әдісі – өлшенетін заттың құрамы немесе қасиеттерін немесе өлшенетін физикалық шаманы белгілі заттың құрамы немесе қасиетімен немесе физикалық шама бірлігімен таңдалған өлшеу принцибіне сәйкес салыстыру амалы немесе амалдар жиынтығы.

Өлшеу әдістері былайша жіктеледі.

А) Өлшеу нәтижесін алудың жалпы амалдары бойынша:


  1. тура әдіспен өлшеу – тура өлшеу кезінде жүзеге асырылады;

  2. жанама әдіспен өлшеу – жанама өлшеу кезінде жүзеге асырылады;

Б) Өлшеу жағдайлары бойынша:

  1. контактты әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болады (дене температурасын термометрмен өлшеу)

  2. контактсыз әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болмайды (объектке дейінгі қашықтықты радиолокатормен өлшеу, домна пешінің температурасын пирометрмен өлшеу).

В) Өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру тәсіліне байланысты:

  1. тікелей бағалау әдісі;

  2. өлшеммен салыстыру әдісі.

Тікелей бағалау әдісі бойынша шаманың мәнін тікелей өлшеу

құралының көрсетуі бойынша анықтайды (термометр, вольтметрдің). Бұл өдіс бойынша өлшеу жылдам жүргізіледі, бірақ оның дәлдігі шектеулі б.т.



Аса дәлдікпен өлшеу керек болған жағдайда өлшеммен салыстыру әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша өлшенетін шаманы өлшеммен берілетін (ұдайы қайталанатын) мөлшермен салыстырады. Мысалы, тұрақты токтың кернеуін қалыпты элементтің электр қозғалтқыш күшімен компенсатор арқылы өлшеу.

Өлшеммен салыстыру әдісінің түрлері болып мына әдістер табылады:

  • қарсы қою әлісі;

  • дифференциалдық әдіс;

  • нольдік әдіс;

  • сәйкес келу әдістері;

  • орнын басу әдісі.

Қарсы қою әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шама салыстыру құралына бір уақытта әсе етеді. Мысалы, тең иықты таразыда салмақты оны гирялармен теңестіру арқылы өлшеу.

Дифференциалдық әдісте өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың айырымы анықталады. Мысалы, бөлшектің ұзындығын эталондық өлшеммен компораторда салыстыру арқылы анықтау. Айырымды өлшеу үшін аса дәл өлшеу құралы керек болмайды.

Нольдік әдіс - өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың салыстыру құралы көрсететін нәтижелік эффектін нольге теңестіру. Мысалы – салмақты рычагты таразымен өлшеу, электр сопротивлениені көпір арқылы оны толық теңестіру жолымен өлшеу.

Дфференциалдық әдісте шаманың мөлшері өлшенетін мөлшерге жуық болуы керек болса, нольдік әдістің жақсы жері - өлшенетін мөлшерден көп есе аз өлшемді қолдануға болады. Мысалы, рычагты таразыда 1 кг-дық гирямен 100, 1000 кг және одан да үлкен массаны теңестіруге болады.



Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың арасындағы айырымды шкаладағы белгілердің немесе периодтық сигналдардың совпадениесі бойынша өлшенеді.

Бұл принцип штангенциркульдің нониусын құрудың негізіне қойылған. Совпадение әдісі уақыт сигналдарын қабылдау кезінде, биениені интерференцияны, стробоскоп эффектін пайдалану кезінде қолданылады.



Орнын басуа әдісінде өлшенетін шаманы өлшеммен ұдайы қайталанылатын шамамен орын алмастыралы (бір иықты таразымен өлшеу).
Бақылау сұрақтары:

1 Өлшеу әдістері қандай сипаттары бойынша жіктеледі?

2 Өлшеммен салыстыру әдісінің қандай түрлері кездеседі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет