5В071100 «Геодезия және картография»


Лекция 5. Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары



бет7/61
Дата12.10.2020
өлшемі424 Kb.
#68250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Лекция 5. Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары.
Лекцияның мазмұны

1. Өлшеу құралдарын сынау

2. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау

3 Өлшеу құралдарын калибрлеу

4 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
Лекцияның қысқаша конспекті
Өлшеу құралдарының бірегейлігіне мына амалдерды жүргізу арқылы жетуге болады:


  • мемлекеттік сынаудан өткізу;

  • метрологиялық аттестациядан өткізу;

  • калибрлеу;

  • салыстырып тексеру.


Өлшеу құралдарын сынау.

Сериялап шығаруға арналған немесе Қазақстан Республикасы территориясына шет елдерден партиялап енгізілетін өлшеу құралдары, егер оларға Мемлекеттік қадағалаутаралатын болса сынаудан өткізілуі керек. Соңынан сынаудан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі.



Өлшеу құрылын сынау - өлшеу құралының тағайындалған нормаларға сәйкестігін сынау объектілеріне әртүрлі сынау әсерлерін қолдана отырып деңгейін анықтау үшін жүргізілетін операциялардың жиынтығы. Сынаудан өткізгенде өлшеу құралдарын пайдалану немесе тасымалдау кезінде ықпал ететін факторлардың әсері тексеріледі.

Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады.



Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау.

Егер өлшеу құралының санаулы экземплярлары шығарылған немесе шет елінен енгізілген болса, олар метрологиялық аттестациялаудан өтуі тиіс.



Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің данный өлшеу құралдарын, олардың қасиеттерін зерттеу негізінде, қолдану заңды деп майындауы.

Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады.

Метрологиялық аттестация мыналардан құралады:


  • техникалық құжаттарды қарастыру;

  • өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу;

  • өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру;

  • өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу.

Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек.

Өлшеу құралдарын калибрлеу.

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары зауыттан (өндірістен), жөндеуден шығарылғанда, инморт бойынша енгізілгенде, пайдалану барысында калибрлеуден өтуі керек. Калибрлеу тәртібін шығарушы зауыт, осы өлшеу құралын иеленуші немесе тұиынушы белгілейді.

Қазақстан Республикасы өлшеу құралын калибрлеу жүйесі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.

Өлшеу құралдарын калибрлеу – шаманың осы өлшеу құралдарының көмегімен алынған мәні мен сол шаманың эталонының көмегімен алынған мәні арасындағы қатынасты анықтаушы операциялардың жиынтығы. Калибрлеудің мақсаты – мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралының іс мәніндегі (действительный) метрологиялық сипаттарын және (немесе) өлшеу құралын қолдануға жарамдылығын анықтау болып табылады.

Өлшеу құралын калибрлеуге заңды тұлғалардың аккредитациядан өткен метрологтядық қызметтері құқылы.

Өлшеу құралдарын калибрлеуді калибрлеу зертханаларында кәсіптік дайындығы және біліктілігі бар тұлғалар жүзеге асырады.

Өлшеу құралдарын калибрлеуді калибрлеу әдістемесіне сәйкес, шама бірлігінің мемлекеттік эталонына бағыныстағы калибрлеу құралын қолдана отырып жүргізеді.

Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайларда калибрлеу хаттамасы толтырылады.

Егер калибрлеу нәтиесінде өлшеу құралы пайдалануғ жарамды деп танылса, оған калибрлеу белгісі қойылады немесе калибрлеу туралы сертификат беріледі.
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.

Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет пен қатар бекітілген тәртіп бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет аккредитациядан өткен заңды тұлғалардың метролгиялық қызметтері жүзеге асыра алады.

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру - өлшеу құралдарының тағайындалған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында жүргізілетін операциялардың жиынтығы болып табылады.

Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша өлшеу құралдары пайдалануға жарамды немесе жарамсыз дап танылады.

Өлшеу құралдары салыстырып тексеру аралық интервалдың ішінде пайдалануға жарамды деп танылады, егер оларды салыстырып тексеру олардың нақты өлшеу құралдарына қойылатын метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігін көрсететін (дәлелдейтін) болса. Салыстырып тексеру арнаулы (салыстырып тексеруге арналған) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Салыстырып тексеру бірліктің мөлшерін эталоннан жұмыстық өлшеу құралына беру процесінің сатыларының бірі болып табылады. Эталонмен байланыстығы өлше бірлігінің қажетті шарты болып табылады.

Салыстырып тексерудің төмендегі түрлері кездеседі:


  • алғашқы;

  • периодтық;

  • кезектен тыс;

  • инспекциялық;

  • эксперттік (сараптамалық).

Көптеген жағдайларда салыстырып тексеру кезінде хаттама толтырылады. Хаттаманың формасы салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжатта беріледі.

Салыстырып тексеру аяқталып, хаттамаға талдау жүргізілгеннен кейін өлшеу құралының пайдалануға жарамдығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады және осы туралы хаттамаға тиісті жазу енгізіледі.

Салыстырып тексеру хаттамасы заңды күші бар негізгі құжат болып табылады, сондықтан оны мұқият толтыру қажет.

Егер реттегіш тораптарға доступ болмауы керек болса, өлшеу құралына номерленген пломба немесе салыстырып тексеру таңбасының суреті бар номерленген қағаздар (наклейка) ілінеді. Бұл жағдайда өлшеу құралының механизмін таңбаны бұзбай ашу мүмүн емес болып табылыады.

Өлшеу құралына таңба қоюмен бірге, салыстырып тексеру нәтижелері оң болған жағдайда бекітілген үлгі бойынша салыстырып тексеру туралы сертификат беріледі. Сертификатта өлшеу құралының қандай нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беріледі немесе өлшеу құралының көрсетулеріне енгізілетін поправкалар көрсетіледі.

Салыстырып тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда өлшеу құралы қолдануға жарамсыз екендігі тралы извещение жазылады.

Бақылау сұрақтары:

1 Өлшеу құралдарының бірегейлігі деген не?

2 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын атап беріңіз

3 Салыстырып тексерудің қандай түрлері кездеседі?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.

2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет