5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер Аманжолов Самат Аманжолұлы, доцент м.а., т.ғ.к. «Стандарттау және биотехнология» кафедрасы Қатынасу ақпараты тел.35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинеті Сабақ өткізілетін орындары - № 302, 303 аудиториялар Пән бойынша кредитердің саны 3
1 кесте - Оқу жоспарынан үзінді көшірме
2.1 Пәннің қысқаша мазмұны. «Тағам өнімдерінің сараптамасы» пәнінде мынандай сұрақтар қарастырылады: Тағам өнімдерінің сараптамасы туралы жалпы мағлұмат. Сараптаманың мақсаттары мен міндеттері. Сараптаманың түрлері. Сараптаманы жүргізу тәртібі. Сараптаманың түрлері, әдістері және тәсілдері. 2.2 Осы курстың мақсаты – тағам өнімдерінің сараптамасы аумағында білім алу. 2.3 Осы пәнді оқудың негізгі міндеті - оқылатын пәнді мамандық бойынша тәжірибеде қолдана білу. 2.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент келесілерді: • Сараптама мәнін, тағам өнімдерін идентификациялау және фальсификациялау түрлерін білуі керек; • Тағам өнімдерінің сараптамасын жүргізу әдістерін меңгеруі керек; • Өзі идентификациялау тәсілін таңдап, фальсификация әдісін белгілеп алуы керек.
«Тағам өнімдерінің сараптамасы» ең алғашқы арнайы пән. Осы пәнді оқу барысында алынған білім, дағдылар студенттерге олардың барлық еңбектік қызметтерінде керек болады. Бұл пән бойынша материалды сапалы игеру үшін студентке келесі құралдар керек: пән бойынша силлабуспен танысу қажет, әсіресе аса көңілді ұсынылатын әдебиетке бөлу керек және мүмкіндігінше ол әрқашанда қол астында жату керек. Осы пән бойынша негізгі материал нормативтік құжаттарда (заңдарда, регламентерде, стандарттарда) беріледі, бұл құжаттар жиі ауысып, немесе оларға көптеген өзгерістер енгізіліп тұрады. Сондықтан кез-келген нормативтік құжаттың ескі нұсқасына тоқталмай, жаңа нұсқасын меңгеру қажет. Дәрістік материал өзекті материал болып табылады, сондықтан дәріске міндетті түрде қатысып тұру керек. Сабаққа дайындалғанда қол астында силлабус пен ұсынылатын әдебиет тұруы керек, мұнда қарандашпен түсініксіз сұрақтардың астарын сызып, оқытушыға дайындайды. 2 кесте – Пәннің мазмұны. Сабақтар бойынша сағаттарды үлестіру
3 ПӘНДІ ЗЕРДЕЛЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Пәнді жақсы менгеру үшін студент алдымен 7-бапта берілген әдебиеттерді іздеп, олармен танысуы керек. Ары қарай берілген тақырыптар бойынша өз кезегімен жаңағы әдебиеттерден материал іздеп, оны өз бетімен оқуы керек. Сонымен, сабаққа келген студент, онда қай тақырып талданылатыны туралы хабарлы болуы керек және тақырыптың негізгі жағдайларын алдын ала оқып алуы керек. Курстың бір бөлігі семестр бойы студенттердің өзіндік жұмыстарына келеді. Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. 4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ Семестр бойы студенттерге бағдарламаның сәйкес бөлімдері бойынша 15 дәріс , 15 тәжірібеліқ сабақ және оқу жоспарына сай 15 зертханалық сабақ жүргізіледі. Курстағы өзіндік жұмысты былай жүргізу ұсынылады. Курстың әрбір тақырыбынан ұсынылған әдебиеттерді оқып, оның теориялық негіздеріне көп тоқталмай, талқыланатын сұрақтарға жалпы түсінік қалыптастыру керек. Содан кейін материалды толығымен меңгеруге көшу керек: теориялық жағдайларды меңгеру, негізгі мәліметтердің қажет жерлерін еске сақтау үшін жұмыс дәптерін жүргізген дұрыс. Курсты меңгеру кезінде студент өткен материялдарды жақсы меңгеру үшін реферат түріндегі СОӨЖ және СӨЖ алынады.
Осы курсты меңгеруде студент жүйелі түрде өзі дайындалу керек, қажет болған жағдайда оқытушыдан көмек сұраса болады. Порталға жиі кіру керек. Оқытушының жұмыс бағдарламасындағы методикалық ұсыныстарын тәжірибелік сабақта мұқият оқыңыздар. Тек қана дәріс материалдарымен шектеліп калмай, басқа да әдебиеттерді, электронды ресурстарды қолданыңыздар. Алдымен бірінші модульды меңгеріп, тапсырмасын орындаңыз, кейін келесі модульге көшіңіз. Әрбір бақылау тапсырмасын уақытында орындап, тексеруге беру керек, аралық тесттерді уақытында өту керек. Бақылау мерзімдері – 1-7 апталардағы тапсырмалар мен тесттерге 7 –ші аптаның соңы қалғандары 15 аптада. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫӘрбір студент қорытынды бағасы жақсы болуы үшін әр пәннен бір мөлшерде ұпай сандарын жинау керек.Ұпайдың максимальды саны: 1-7 апталардағы бірінші рейтинг қорытындысында -300 ұпай, 8-15 апталардағы екінші рейтинг қорытындысына- 300 ұпай, Дисциплина бойынша семестрдағы максимальды ұпай саны -600. «Тағам өнімдерінің сараптамасы» пәні бойынша балдарды бөлу кестесі Таблица 2
7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі 7.1.1 Николаева М. А. Товарная экспертиза. Учебник для вузов. — М.: Издательский дом "Деловая литература",1998. — 288 б. 7.1.2 Николаева М. А. Товароведение потребительских товаров. Теоретические основы. М.: Норма, 1997. 283 б. 7.1.3 Бровко О.Г. и др. Товароведение пищевых продуктов. М.: Экономика, 1988.
7.2 Косымша 7.2.1 Бухтарева Э. Ф., Ильенко-Петровская Т.П., Твердохлеб Г.В. Товароведение пищевых жиров, молока и молочных продуктов. М.: Экономика, 1985. 7.2.2 Габриэльянц М.А., Козлов А.П. Товароведение мясных и рыбных товаров. М.: Экономика, 1986. 7.2.3 Николаева М.А. Товароведение плодов и овощей: Учебник для вузов. - М.: Экономика, 1990. 288б. 7.2.4 Плотникова Т.В., Позняковский В.М., Ларина Т.В., Елисеева Л.Г. Экспертиза свежих плодов и овощей: Учеб.-справ, пособие. - Новосибирск: Изд-во Ново-сиб. ун-та, 2001. 302б. 7.2.5 Чепурной И. П. Товароведение и экспертиза вкусовых товаров: Учебник. — 2-е изд. — М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К°», 2005. — 404 б. 7.2.6 Николаева М. А., Карташова Л. В., Положишникова М. А. Средства информации о товарах. М: Экономика, 1997. 176 б. 7.2.7 Николаева М. А., Лычников Д. С, Неверов А. Н. Идентификация и фальсификация пищевых продуктов. М.: Экономика, 1996. 108 б. жүктеу/скачать 156,61 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |