жАҒДАЙЛЫҚ ТАПСЫРМАлар:
1. Маркетингтік зерттеулердің мәліметтері бойынша сүт өнімін тұтынатын орташа сатып алушы – бұл тауарды бөлшек сауда дүкендерінен сатып алатын. тұтынушы. Сатып алуды импульсивті тұрғыда жаңа ғана туындаған қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасайды. Сатып алушыны сатып алынып отырған тауардың маркасы аса қызықтырмайды. Жылдам әрі оңай сатып алынатын өнім таңдалады. Осы жағдайға орай Алматы қаласындағы нарықтарда " Фуд мастер " компаниясы үшін маркетингтік зерттеу жүргізудің объектілерін, әдістерін және жоспарын ұсыныңыз.
2. Сұхбат алу үшін үй шаруасындағы әйелдердің сегіз тобы таңдап алынған (әр топта11-ден 18 адамға дейін). Оларға сұхбат алушының пәтерлерінде өтетін кездесулерге қатысу ұсынылды. Үй шаруасындағы әйелдерге қандай да бір фирма бірнеше өнім бойынша маркетингтік зерттеу жүргізуге мүдделі болып отырғандығы, сондықтан талқылау топтары құрылғандығы айтылды. Қатысушыларға шағын сыйлықтар ұсынылды. Ал кездесу барысында еркін пікір-сайыс атмосферасы қалыптастырылды. Сұхбат уақыты бір сағатпен шектелді . Онан әрі топқа өнімдердің атауы жоқ үлгілерін байқап көру және орамаларын салыстыру ұсынылды. Реакция кейіннен талдау үшін магнитофонға жазылды. Осы зерттеу әдісі қалай аталады?
3. Алғашқы ақпараттың қандай қайнарлар көздерінен өткізу деңгейі, жарнаманың тиімділігі туралы мәліметтерді алуға болады?
4. Екінші ретті ақпараттың қандай қайнарлар көздерінен ұлттық нарық сыйымдылығы және конъюнктурасы туралы мәліметтерді алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |