40
Кіріспе
Пәннің мақсаты және міндеттері
математиканың негізгі ұғымдарын және оның әртүрлі салаларда
қолданылуын оқып білу;
классикалық және қазіргі математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын,
теорияларын, сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін меңгеру;
игерілген математикалық әдістерді іскерлікпен қолдану;
математикалық интуицияны дамыту;
математикалық мәдениеттілікті тәрбиелеу;
ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
«Математика» пәнінің негізгі ережелері мен ұғымдары жалпы білім
беретін пәндерді және бітірушілерді дайындайтын кафедраларда оқытылатын
арнайы пәндерді оқуда қолданылады.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі мәселелерді білуге міндетті:
–
жұмыс бағдарламасының сағатының көлеміндегі математика курсын;
–
аталған бөлімдер бойынша негізгі ұғымдары, анықтамалары,
формулалары, теоремалары мен есептерді шешу әдістері жөнінде түсүнігі
болуы;
–
заманауи математикалық әдістерді қолданбалы матемтикада есептерін
шешуде қолдана білуге.
Нақты инженер-технологиялық есептерді шешу үшін математикалық
моделдеу әдістерін таңдауды жетік білу.
Пән мазмұнының негізгі бөлігі
1.
Сызықтық және векторлық алгебра элементтері
Матрицалар және оларға сызықтық амалдар қолдану. Матрицаларды
көбейту. Матрицаны транспонерлеу. Екінші және үшінші ретті
анықтауыштар және олардың қасиеттері.
n
– ші ретті анықтауыштар. Кері
матрица.
Сызықтық
алгебралық
теңдеулер
жүйесі.
Кронекер-Капелли
теоремасы. Гаусс әдісі. Сызықтық теңдеулер жүйесін матрицалық әдіспен
шешу. Крамер ережесі.
Кеңістіктегі векторлар және оларға сызықтық амалдар қолдану.
Вектордың оське түсірілген проекциясы. Векторлардың скаляр көбейтіндісі,
қасиеттері. Скаляр көбейтіндінің координаттық түрде жазылуы. Екі
вектордың векторлық көбейтіндісі, қасиеттері. Векторлардың аралас
көбейтіндісі.
Достарыңызбен бөлісу: