5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

 


36 
Дәріс №6 
Тақырып: Десмургия 
 
Кілт сөздер: 
десмургия, иммобилді, дәке, таңғыш.
 
Дәрістің мақсаты
- жарақатты, жараны қорғау және қоршаған орта 
әсерінен сақтау мақсатында жүргізілетін әрекеттерді яғни таңғыштар мен 
байламдардың түрлерін оқып, үйрену.
Жоспар: 
1.
Таңғыш материалдардың түрлері
2.
Таңғыштардың жіктелуі
3.
Дәкелік және арнайы байламдар
4.
Иммобильдік байламдар 
Десмургия – (гр. desmos – байлам, ergon - іс) байламдардың салуын, 
байлам материалдарының формаларын және оның қасиетін зерттейтін
ғылым.
Байлам материалдарының түрлері: дәке, мақта, бөз, клеенка, целлофан.
Байламдардың классификациясы және салу техникасы.
Байламдардың салу орнына байланысты келесі түрлері бар: 

Алғашқы көмекке арналған байлам –жараға дәкелі салфетка қойып 
дәкелі байламмен бекітеді.

Өткізбейтін таңғыш (окклюзионды)
– көкірек немесе құрсақ 
қуысында өткізгіш жарақат алғанда қолданылады.
1-ші қабаты – майлы эмульсияға малынған дәкелі салфетка 
2-ші қабаты – гигроскопиялық мақта 
3-ші қабаты – ауа өткізбейтін клеенка немесе целлофан

Құрғақ сорғыш таңғыш
– жара ішіндегі экссудатты сорып алуға 
арналған байлам. 3 қабаттан тұрады. 
1-ші сорғыш қабаты – дәкелі тампон 
2-ші қабаты – гигроскопиялық мақта
3-ші буландыратын қабат – сирек торлы дәкеден тұрады. 

Ылғалды сорғыш таңғыш
1-ші қабаты – гипертоникалық ертінділерге (5-10%-ды натрий хлориді, 20 %-
ды магний немесе натрий сульфаты) малынған дәкелі дренаж 
2-ші қабаты – гигроскопиялық мақта
3-ші буландыратын қабат – сирек торлы дәкеден тұрады. 

Қысып байлайтын таңғыш –қан тоқтатуға арналған байлам. 

Иммобильді байлам – зақымдалаған ошақты қимылсыздандыруға 
арналған байлам. 

Қыздырғыш таңғыш – белгілі бір аймақтың жергілікті температурасын 
көтеруге арналған.


37 
1-ші қабаты – 40-50 %-ды спиртке немесе жылы суға малынған бірнеше 
қабатты дәкеден тұрады. 
2-ші қабаты – ауа және су өткізбейтін қабаттан тұрады. Олар: клеенка, 
пергамент қағазы, целлофан.
3-ші қабат – жылуды ұстап тұратын қабат. Ол дәке немесе басқа да материал 
болуы мүмкін. Жылытқыш байлам әр 4-6 сағат сайын аустырылады.
ТАҢУ ТӘРТІБІ 
1)
Дәкемен солдан оңға қарай орау керек
2)
Дәке орағышын жарақаттанбаған жерден бастап, жараға салу керек; 
3)
Таңу кезінде дәке орағышын бірқалыпты, қыртықсыз тарту керек және 
таңғыштың келесі қатары алдыңғысын жартысын немесе 2/3 бөлігін 
жабу керек;
4)
Таңғыштың бірінші және соңғы қатары бекітуші болғандықтан
дененің немесе аяқтардың жіңішке жерінен оралуы керек; 
5)
Аяқтардың конус тәрізді бөліктеріне таңғышты салу барысында, дәке 
орағышын бүгіп, салып отыру керек.
6)
Дәке орағышының ұштарын жараның үстіне немесе дененің бүгілетін 
бөліктеріне байлап салуға болады.
Дайын таңғыш өзіне тиісті міндетін атқару керек (бекіту, 
иммобилизация, қансырауды тоқтату және т.б.)
Дәкелі байлам – жасалу формасына қарай циркулярлық, спираль 
тәрізді, өрмелегіш немесе сегіз тәрізді байлам және де арнайы мүшелерге 
(мүйіз, 
тұяқ, 
құйрық 
т.б.) 
арналған 
байлам 
болып 
бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет