5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет52/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

Пішу жөніндегі түсінік 
Пішу деп экономикалық немесе емдік мақсатта, жыныс бездерінің 
қызметін тоқтататын операцияны айтады. 
Жануарларды операцияға дайындау 
Жануарды қалаған жасында пішуге болады, бірақ жас кезінде кесу 
пайдалырақ соғады, өйткені кәрі малдарды піштірілгенде оларды міністік 
және баска да керекті өзгерістер туа қоймайды. 
Жалпылама пішу науқанын, жануардың түлеген жүні әбден түсіп 
болатын кезіне, көктемнің ақырына және күздің басына туралау керек.
Операцияны жасамас бұрын ұмасы мен күпегін сабынды сумен жуып, 
тазалау керек. 
Егер жануардың түлеуі әлі басылмаса, онда жүнін 1%-дық креолин 
ертіндімен шылау керек. 
Пішу аспаптары 
Пішу үшін екі бүйірлі скальпелдер, түзу және қыйсық қайшы, 
пинцеттер, ине ұстағыш, инелер, жібек, таңу материалдары және арнаулы 
аспаптар болуы керек. Соңғыларға пішу қысқышы, эмаскулятор, ен 
қысқышы, ен қысқышы үшін винт және т. с. жатады. 
 
Айғырды пішу әдістері 
Айғырларды әдетте 2,5 — 4 жасында піштіреді. 
Енін алып тастау әдісімен пішу тиімдірек. 
Әдістердің ең тиімдісі болу себебі: 1) бездерінің қызметін мүлде 
тоқтатып тастайды, 2) екіншілік қан ағыс болмайды, 3) асептика шараларын 
толық қанағаттандырады, 4) іріп-шіру процесін болмайды, 5) піштірілген 
малдың денсаулығына әсер етпейді. 
Жиі қолданылып жүрген пішу әдістері: 1) пішу қысқышын қолдану, 2) 
эмаскулятормен кесу, 3) буу, 4) Ен бауын үзу, 6) қысқышпен пішу. 
Қысқыш қолданып пішу.
Пішуден бір күн бұрын, не сол күні хирургтің өзі шап шеңберін 
тексереді. Ол үшін қолын тік ішектің ішіне салады, шат сүйектің көлденең 
сабағына дейін жеткізеді де, қолын 10—15 см шамасы бір жағына бұрып 3 см 
алдына созып, қатпар тәрізденген шап шеңберін сипалайды. 
Асау айғырларды құлату алдында, нейролептиктер (рометар, ромпун) 
жүргізіледі. Операция жасауға ыңғайлы болу үшін, айғырды сол жақ 


73 
бүйіріне, егер де операцияны стол үстінде жасайтын болса оқ жақ бүйіріне 
жатқызады да, операция орнын дайындайды. Ұмасын жақсылап йодты 
спиртпен немесе арақпен сүртеді, 5 %-ды йодтың тұнбасын жағады. 
Күпегінің ішіне дәке және макта тампонын салып, оны қысқыштармен 
қысып қоюға болады.
Операция техникасы. Ендерді іштен тартады да, оның астыңғы 
жағына өзінің сол қолын салып, ұмасын сұқ саусағымен басбармағының 
арасында боларлықтай етіп қысып ұстайды, не ұманың мойнына резина 
түтігін орай салады да, оңай шешілерліктей етіп байлайды. Осылайша 
байлау дұрыстап тілуге мүмкіншілік тудырады, өйткені ұма терісіне күштің 
көп түсетіндігінен оның жігі көзге айқын түсетін болады. Одан кейінгі 
жерде бүйірлі скальпелмен ұстап, ұма тігісіне
қатар тіледі, сол кезде төменгі 
енін бір жағына қарата, одан 1,5—2 см шамасы аулақ ұстайды. Терісін 
өзінің қатпарымен серпімді бұлшықет қабығын, жалпы қынап қабығын 
ашады. 
Енін шығарып алғаннан кейін аралық тарамысын, оның жалпы қынап 
қабығына
қосылған аумағына жақын жерінен қиып жібереді. Содан кейін 
енді оң қолға ұстап, сол қолымен ұмасын жалпы қынап қабығымен бірге, 
ішке қарай ығыстырып жібере береді. Сол кезеңде жәрдемші
адам аузы 
ашылған пішу қысқышын туралап әкеледі де, ен сағағының үстіңгі жағынан
шамасы 5-8 см қашығырақ, ен бауын езіп-езіп жібереді. Бұл жағдай қатты 
ауыртады, жануардың мазасы кетеді, сондықтан ен бауын шамадан тысқары 
тартып жібермеу үшін, қысқышты ішке қарай баса ұстайды. 
Қысқыш салған кезде оның арасында терісі мен жалпы қынап 
қабығының шымшылап, ал бұталарын біріктіріп тұрған винт басының сырт 
жағында болуына көңіл аудару керек. Ен бауын езіп болғаннан кейін, енін 
бұрайды. Бұрауды әбден ажырағанға дейін асықпастан орындайды, ал ен 
бауының түбірі 2 см артық болмауға тиіс, өйткені одан артық болса екінші 
рет тағы бұрап, қысқартуға тура келеді. Ен бауының үзілген ұштары түйіліп 
қалатындықтан, бұрау әдісімен қанның ақпастан тоқтатып қалуын 
қамтамасыз етеді. Қысқышты енін бұрап болысымен, іле-шала босатып 
алады, оның алдын ала ен бауының орнында қалған түбіріне йодтың 5 %-ды 
спирт ерітіндісін жағады, содан кейін ұманы төмен қарай тарту жолымен, ен 
бауының түбірін жалпы қынап қабығының қуысына енгізеді. Қабыну 
процессі болмас үшін қосымша сол қуысқа антибиотик ұнтағын себеді және 
бұлшықетке антибиотик (стрептомицин, бициллин, цефазолин) енгізеді. 
Төменгі (сол жақ) енін алып болғаннан кейін, сол әдісті оң жақ еніне де 
қолданады.
Пішу қысқышының көмегімен пішу өте ыңғайлы болады, сондықтан 
бұл әдіс осы күні кеңінен қолданылады, қан ағу жағдайлары сирек
кездеседі, бірақ бұл әдісті шап сақинасы кең малдарға қолдануға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет