73
бүйіріне, егер де операцияны стол үстінде жасайтын болса оқ жақ бүйіріне
жатқызады да, операция орнын дайындайды. Ұмасын жақсылап йодты
спиртпен немесе арақпен сүртеді, 5 %-ды йодтың тұнбасын жағады.
Күпегінің ішіне дәке және макта тампонын салып,
оны қысқыштармен
қысып қоюға болады.
Операция техникасы. Ендерді іштен тартады да, оның астыңғы
жағына өзінің сол қолын салып, ұмасын сұқ саусағымен басбармағының
арасында боларлықтай етіп қысып ұстайды, не
ұманың мойнына резина
түтігін орай салады да, оңай шешілерліктей етіп байлайды. Осылайша
байлау дұрыстап тілуге мүмкіншілік тудырады, өйткені ұма терісіне күштің
көп түсетіндігінен оның жігі көзге айқын түсетін болады. Одан кейінгі
жерде бүйірлі скальпелмен ұстап, ұма тігісіне
қатар тіледі, сол кезде төменгі
енін бір жағына қарата, одан 1,5—2 см шамасы аулақ ұстайды. Терісін
өзінің қатпарымен
серпімді бұлшықет қабығын, жалпы қынап қабығын
ашады.
Енін шығарып алғаннан кейін аралық тарамысын, оның жалпы қынап
қабығына
қосылған аумағына жақын жерінен қиып жібереді. Содан кейін
енді оң қолға ұстап, сол қолымен ұмасын жалпы қынап қабығымен бірге,
ішке қарай ығыстырып жібере береді. Сол кезеңде жәрдемші
адам аузы
ашылған пішу қысқышын туралап әкеледі де, ен сағағының үстіңгі жағынан
шамасы 5-8 см
қашығырақ, ен бауын езіп-езіп жібереді. Бұл жағдай қатты
ауыртады, жануардың мазасы кетеді, сондықтан ен бауын шамадан тысқары
тартып жібермеу үшін, қысқышты ішке қарай баса ұстайды.
Қысқыш салған кезде оның арасында терісі мен жалпы қынап
қабығының шымшылап, ал бұталарын біріктіріп тұрған винт басының сырт
жағында болуына көңіл аудару керек. Ен бауын езіп болғаннан кейін, енін
бұрайды. Бұрауды әбден ажырағанға дейін асықпастан орындайды, ал ен
бауының түбірі 2 см
артық болмауға тиіс, өйткені одан артық болса екінші
рет тағы бұрап, қысқартуға тура келеді. Ен бауының үзілген ұштары түйіліп
қалатындықтан, бұрау әдісімен қанның ақпастан тоқтатып қалуын
қамтамасыз етеді. Қысқышты енін бұрап болысымен, іле-шала босатып
алады, оның алдын ала ен бауының орнында қалған түбіріне йодтың 5 %-ды
спирт ерітіндісін жағады, содан кейін ұманы төмен қарай тарту жолымен, ен
бауының түбірін жалпы қынап қабығының қуысына енгізеді. Қабыну
процессі болмас үшін қосымша сол қуысқа антибиотик ұнтағын себеді және
бұлшықетке антибиотик (стрептомицин, бициллин, цефазолин) енгізеді.
Төменгі (сол жақ) енін алып болғаннан кейін, сол әдісті оң жақ еніне де
қолданады.
Пішу қысқышының көмегімен
пішу өте ыңғайлы болады, сондықтан
бұл әдіс осы күні кеңінен қолданылады, қан ағу жағдайлары сирек
кездеседі, бірақ бұл әдісті шап сақинасы кең малдарға қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: